Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ халқының ән өнері


Қазақ халқының ән өнері

Қазақ халқының ән өнері

Грамматикалық тақырыбы: Есімше

Лексикалық тақырып: Қазақ халқының ән өнері.

Сабақтың эпиграфы:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй.

Абай

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушыларды есімшенің түрлерімен таныстыру, жасалу жолы жайлы түсінік беру, жұрнақтарымен таныстыру.

2) Білімдік дағдыларын дамыта отырып, тіл байлықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту.

3) Қазақ халқының ән өнерін дәріптей отырып, ұлттық ән-күй өнерін білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, ауызша сөйлеу, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: ән сабағы, тарих.

Көрнекілігі: тірек сызбалар, портреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

  1. Оқушылардың көңіл-күйлерін сабаққа аудару.
  2. Үй тапсырмасын тексеру, өтілген тақырыпқа шолу.

ІІ Жаңа тақырып.

1 «Ой тастау» әдісі арқылы жаңа сабаққа кіру (Аудио жазба арқылы мәтінді тыңдату)

2. «INSERT» стратегиясы бойынша мәтінді оқу (оқулықпен жұмыс).

Ү

білемін

+

Жаңа білім

-

Түсініксіз

?

Сұрақ

 

 

 

 

3. Тірек сызбамен жұмыс.

Е С  І М Ш Е 

ш а қ

өткен------келер-----------осы

- ған------------- ар-------------- шы 

- ген-------------- ер-------------- ші

- қан--------------- р

- кен------------- е

Е С І М Ш Е Н І Ң   Т Ү Р Л Е Р І

Дағдылы-------Мақсат

- атын------------ мақ

- етін------------- мек

- ушы------------ бақ

- уші--------------- бек

- пақ 

- пек

ІІІ. Бекіту жұмыстары.

1. Тапсырмаларды орындау:

А) Екі топқа «жарнама» әзірлету. (Есімшелерді қолдана отырып)

І топ ІІ топ

өткен шақ -- келер шақ

Айтқан, әндеткен. Әндетер, ән салар.

Берілген есімдерді жіктеу, септеу

Ә) Төмендегі сөздерден әр түрлі сөз тіркестерін құрастыру:

Музыка, сезім, рухани, ән, жыр, өшпес, актер, әнші.

2. «Ромашка» сұрақтарына жауап беру:

А) Өмірлеріңді музыка қандай рөл атқарады?

Ә) Музыканы ұнатасыңдар ма? Неге?

Б) Қандай композиторларды білесіңдер?

В) Ән, күй өнері өмірде болмаса не болар еді?

Г) Ән мен күйде ұқсастық бар мА? Қандай?

Д) Ән өнерін білу керек пе? Неліктен?

3. «Ортада қалам» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.

(Ортаға әр түрлі қаламдар тасталып, оқушы ұнаған қаламынның түсіне байланысты сұрақтарға жауап береді, даналық сөздердің мағынасын ашады)     

  1. Ата өнері – балаға мұра.
  2. Жігітке жеті өнер де аз,

Жетпіс өнер көп емес.

  1. Өнерді көп білетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шама болар.

  1. Өнерлінің өрісі кең.
  2. Өнерсізден қашып жүр,

Өнермен үлгі шашып жүр.

Үй тапсырмасын беру.

Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ЖІГІТ СҰЛТАНЫ
Музыка және қолданбалы өнер. Қазақтың атақты әнші-күйшілері
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Ұлттық тағамдар
Атақты күйшілер
Тіл мәртебесі- ел мәртебесі
Есімше туралы түсінік
Сәулет өнері
Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері.
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3053 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык