Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Есімшенің жасалуы мен түрлері


Есімшенің жасалуы мен түрлері

Есімшенің жасалуы мен түрлері

Қазақ тілі    6 сынып

 Арал қаласы,№13 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пән

мұғалімі:Л.С.Досаханова

Тақырыбы: Есімшенің жасалуы мен түрлері

Мақсаты:

1) Есімшенің жасалуы мен түрлері, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру;

2)Сауаттылыққа  баулу, алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап ,топтық жұмыс,ой-қозғау

Көрнекіліктер: плакат, қима қағаз,дайын флипчарттар.

Пәнаралық байланысӘдебиет

І.Ұйымдастыру:

         а)  Оқушылардың сабаққа қатысуы

 б)  Оқушылардың   көңілін сабаққа аудару.

ІІ Сабаққа ден қою

1-флипчарт

 Барша заттың бір өзінде қимылы,

 Сөз табының күрделісі  қиыны.

Сабақты салт есімше көсемше бар,

Шақ  рай етіс те  боп жиылды.

-Балалар  осы өлең шумағы  қай сөз табын жасырып тұр.

2 -флипчарт

Өткен тапсырманы еске түсіру.

«Мағыналық белдеулер» әрбірінің астында сұрақтар жасырынған(13,14,15,16,17 флипчарттар)

Е -болымды

Т-болымсыз

І- Салт

С-  сабақты

Т- Етіс

І-Есімше

К-Көсемше ,Тұйық етістік

ІІІ. -Олай болса , бүгін осы «Есімшенің жасалуы мен түрлері» атты  жаңа сабақ өтеміз.

-Дәптерге бүгінгі күнді жазу.

3 флипчарт

-Біз есімше  туралы не білеміз?

Ережесі

Қай сөйлем мүшесі бола алатынын

4 флипчарт

Бүгінгі  тақырыпта нені   үйренуіміз керек?

  1. Есімшенің жасалуы мен түрлерін
  2. Есімшенің өзіне тән ерекшеліктері

Оқулықпен жұмыс.

Есімшенің жасалу жолдарын бөлінген 4 топ жұмыс жасайды, тақтаға кестені толтырып,түсіндіреді.

5- флипчарт

Жасалу жолы                                             Түрі

-қан,-кен,- ған,-ген                                 Өткен шақ есімше

-ар,-ер,-р; -с                                            болжалды келер есімше

-шақ –шек, бақ,- бек, пақ,-пек              мақсатты келер шақ  есімше

    -атын, -етін,-йтын-йтін                         ауыспалы өткен шақ есімше

Жоқ, емес сөзі тіркесіп- болымсыздың мағына береді.

6 -флипчарт

Есімшенің өзіне тән ерекшеліктерін анықтап алайық

  1. Есімше заттың қимылдың белгісін білдіреді.
  2. Есімше етістік түбірден жасалса да есептеледі, көптеледі,  тәуелденеді.
  3. Сын есім сияқты зат есімнің алдынан келеді.

7- флипчарт

«Шым-шытырық»  ойыны

  1. Жазылған қағаз
  2. Оқыған кітап
  3. жиналған үй
  4. болған оқиға
  5. қызған ойын
  6. сынған әйнек
  7. жуылған киім

Мағынасы сәйкес келетін есімшенізат есімдерге  сызықтармен қосамыз.

Оқулықпен жұмыс

251-жаттығу.

 А)Өлеңді оқып, мәнін игерту,авторы Ақтан Керейұлы туралы мәлімет беру.

Қарамен жазылған есімшелердің  қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіру.

  1. Есімше-түсінгенге;

Түбірі-түсін

Жұрнағы-ген, өткен шақ есімше;

Жалғауы-ге, барыс септік;

Сергіту үшін «Адасқан жалғаулар » ойыны әр топқа беріледі.

 Мысалы: Болетін –бол........

Келмақ-кел......... т.с

Шығармашылық жұмыс

Әр топ бес сйлемнен тұратын мәтін жазып, есімшені табу.

ІҮ Сабақты қорыту

Ой-қозғау

Мақалды аяқтап есімшелерді тап,мәнін түсіндір

1.Асық ойнаған азар,...................................(доп ойнаған тозар)

2.Жүгірген жетпес,..............................(бұйырған кетпес)

3.Естіген құлақта ...........................(жазық жоқ)

Ү Бағалау

ҮІ Үйге тапсырма:252 жаттығу,Есімшенің жасалуы мен түрлері


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Көсемшенің түрленуі
Көсемше
Көсемшенің жасалуы мен түрлері
Есімшеден өткенді қайталау
Есімшенің жасалуы мен түрлері
Көсемшенің жасалу жолдары
Етістікті қайталау
Есімшенің жасалу жолдары
Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы
«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3698 | Қосты: Л.С.Досаханова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык