Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2268 |
|
|
|
Етістік
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: өткен сабақпен байланыстыра отырып, жаңа сабақты түсіндіру, бірлесе жұмыс жасау.
ә) дамытушылығы: өз беттерімен еңбектенуге, оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Шапшаң ойлауға, ойларын қорыта алуға, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
б) тәрбиелілігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, кестелер
Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың құрал- жабдықтарын алғызып, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы. Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексеріп, бағалап, мадақтау.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. «Озық болсаң...» ойынын жариялау.
10
20
30
10
20
30
Жоғарыдағы 10 – Түбір дегеніміз не?
Жоғарыдағы 20- Қосымша деген не?
Жоғарыдағы 30- Қосымшаның неше түрі бар?
Төмендегі 10- Зат есім деген не?
Төмендегі 20- Зат есімнің түрлерін ата?
Төмендегі 30- Кім? Кімдер? Сұрағы қандай сөздерге қойылыды?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Суретпен жұмыс: Бала ойланды. Көбелек ұшты. Ит жүгірді. Кітап ашылды. Құс ұшты.
Заттардың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.
Оқулықпен жұмыс: 354- жаттығу. ( ауызша) Балалардың, әженің не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауларын айт. Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді?
355- жаттығу. Жұмбақты оқы, шешуін тап.
Жазда қыдырады,
қыста тынығады.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
«Мен не істедім ?» ойыны.
Ойынның шарты: Әр оқушы өзінің атына сәйкес қимылды білдіретін сөздер айту.
356- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
Керекті сөздер: жүреді, жасырынады, болады, секіреді.
Сергіту сәті: - Балалар, біз ән сабағында дауысымызды қалыпқа келтіру үшін жеті дыбысты пайдаланамыз, сол дыбыстарды еске түсірейік.
«Тапқыр болсаң...» ойыны. Ойынның шарты: Осы жеті дыбыстарды пайдалана отырып, етістік сөздер айту. Мыс: до- домалады, ре- ренжіді, ми- мияулады т.б.
Өз бетінше жұмыс: І топ. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
ІІ топ. Артық сөзді тап.
357- жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
І топ. Қонды, жауды.
ІІ топ. Тасыды, жүзді.
Өз бетінше жұмыс:
І топ. ІІ топ.
ді ты
358- жаттығу. ( ауызша)
Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, олардың етістік екенін дәлелде.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
«Адасқан әріптер» ойыны. Т Е
Е Т
С І
І С
К Т
Т І
І К
Ү. Қорытынды. Есіңе сақта!
Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздерді
етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды?
деген сұрақтар қойылады.
ҮІ. Үйге тапсырма: 359- жаттығу. Ережені жаттау.
ҮІІ. Бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |