Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Етістік



Етістік

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Мақсаттары:

1.Елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін, сөздік қорын,тілін дамыту;

2.Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

3. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу;

Көрнекілігі: Суреттер, қима қағаздар, сызбалар

Әдістері: қызығушылықты ояту, ойын, сұрақ-жауап, ассоциация құру, талдау, жинақтау

Түрі: қорытынды сабақ

 

Сабақ барысы

 

  1. Бағдарлау – мотивациялық кезең

Үй тапсырмасын тексеру, қызығушылықты ояту.

Жұмбақ шешу: осы қимылды білдіретін сөздер өсімдіктерге байланысты айтылады, ол қандай сөздер?

Пайда болған сөздер: шығады, өседі, көктейді, гүлдейді, көбейеді, піседі, (дәптерге жазып отырады) Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?

Не істейді? Не қылады? Қайтеді?

Олай болса, не істейді, не қылады? қайтеді? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қандай сөздер дейміз?

ЕТІСТІК

Сонымен, (ой жинақтау) Етістік деген не?

Ассоциация құру (сызба)

ЕТІСТІК

             Сұрақтары                                                                     Түрлері

         Не істеді?                                                                                           

         Не қылды?

         Қайтеді?                                                      Дара                            Күрделі

                                    

ІІ. Операционалдық-орындаушылық кезең.

а) Оқулықпен жұмыс

ә) Оқулықтан тыс грамматикалық тапсырмалар:

Топпен жұмыс: Суретке қарап етістіктерді тапқызу

Сұрақ қою, күрделі етістікке айналдыру

Ойнады, секірді, ұшты т.с.с.

Не істеді?

Ойнап отыр, секіріп тұр, ұшып кетті

 Танымдық тапсырма: Берілген сөздерден етістік жаса: ой, би, сый, май т.с.с.

Ой қорыту: Зат есім сөздеріне жұрнақ жалғау арқылы етістік жасалынады

Тапсырма: Етістіктерді тауып, сұрақ қой

                  Еңбек ер атандырады

                   Білекті бірді жығады

                   Білімді мыңды жығады

Өзіндік жұмыс: 2-3 сөзден тұратын күрделі етістіктерден сөйлем құрап жаз. Мысалы: шауып келе жатыр .....

Ойын «Кім шапшаң». Қимылды білдіретін сөздер ата.

          Биші ...., Суретші ....,

         Жаңбыр жауып ...

         Аспан шайдай...

 

Білімді бекітуге арналған сынау сұрақтары:

1.Етістік дегеніміз не?

а) заттың атын білдіретін сөздер

ә) қимыл білдіретін сөздер

б) түр, түсін білдіретін сөздер

2. Дара етістікті тап:

Оқып отыр, секірді, ойнап жүр

  1. Күрделі етістікті тап:

Айналды, тапсырды, оқып жүр

  1. Етістік тобын тап:

Аспан, су, егін;

қызыл, алма, кітап;

оқыды, жазды,тербеледі.

 ІІІ.Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

 Бағалау парағы бойынша бағаланады

 Үйге тапсырма: 125 - жаттығу түсіндіріліп беріледі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі етістік
Етістік
Дара және күрделі етістік.
Етістік. Етістік түрлері
Етістік
Етістік
Болымды және болымсыз етістік
Етістік
Етістік
Етістіктің жіктелуі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3254 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык