Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Фонетикадан өткенді қайталау


Фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау

 

Сабақтың мақсаты.
Білімдік: Оқушылардың фонетика бөлімінен өтілген білімдерін еске түсіріп пысықтау, негіздеу.

Тәрбиелік: Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, іс- әрекет, мақсатка жету әдіс – тәсілдерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Фонетикалық талдау дағдысын одан әрі жетілдіру, ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.


Сабақтың түрі: Сайыс сабақ ( топтық сайыс ).


Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, көрнекілікпен жұмыс, әр түрлі ойындар, слайд


Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика, халықтық педагогика


Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Ұраны:
Қайталау-оқу анасы
Мақалдың бір данасы
Өткенді еске түсірсең,
Ешкімнің жоқ таласы.
Мәңгі бізде сақталсын
Ата-баба мұрасы.

 

  Сабақ басталарда оқушылар екі топқа бөлініп отырады да, топ басшыларын сайлайды, екі топ бір - бірін таныстырады ( топтың аты, ұраны, топ басшысы)
    І топ. "Алғырлар"

Біз бүгінгі сабақта біліміміз арқылы алғырлық танытамыз. Топ мүшелері сабаққа жан- жақты дайындықпен келді. Сондықтан тобымызды «Алғырлар» деп атадық. Топ басшымыз- Жайнагүл

ІІ топ"Тапқырлар"
    Біз қандай тапсырмаға да тапқырлықпен жауап бере аламыз, сондықтан тобымыз «Тапқырлар» деп аталады. Топ басшымыз- Аяна болсын.

 

Сабақтың басындағы оқушылардың көңіл- күйін смайликпен белгілеу

 

 

    І.  «Кім шапшаң» ойыны

  1. Фонетика нені зерттейді?
    2. Әліпбидің тарихы
    3. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
    4. Дауысты дыбыстар, олардың түрлері

5. Дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері
6. Буын, олардың түрлері

7. Тасымал

8. Үндестік заңы. Буын үндестігі.

9. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша

10. Дыбыс үндестігі, олардың түрлері

 

 Екі топ бір - біріне жаңылдырғыш сұрақтар қояды.
ІІ. "Жаңылдырсаң да жаңылмаймын"  ойыны
I топтың жаңылдырғыш сұрақтары:
1. Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
2. Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?
3. Шалға қарағанда балада не көп?

ІІ топтың жаңылдырғыш сұрақтары:
1. Қай буында дыбыс көп болады, ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме?
2. Бота мен қозы ұқсас екен дейді.  Олар қалай ұқсас бола алады?
3. Ерінде еріндік бар ма? Езуде езулік нешеу?


ІІІ.«Талдау- табыс кілті».

     Математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру

    І топ. «Алғырлар»
Алтыбақан, Бәйге

    ІІ топ «Тапқырлар»

Көкпар, Ақсүйек

 

    Фонологиялық (сөзсазындық)  талдау

    І топ «Алғырлар»
Мұрагер, талабым

    ІІ топ. «Тапқырлар»

Баламен, таудай

IV. «Теңге ілу» ойыны

«Сандардағы ұшқыр ой»

І топ.  (3,5,7 сандарына қатысты ырымдарға тоқталу, мысалдармен дәлелдеу)

ІІ топ (9,13,40 сандарына қатысты ырымдарға тоқталу, мысалдармен дәлелдеу)

 

V. Сергіту сәті   (Флешмоб)

 

VІ.  Викториналық сұрақтармен жұмыс.
1. Әліпбидегі сегізінші әріптен басталатын өзендердің аты

( Ертіс, Есіл, Еділ т. б. ).

2. Екі әріптен ғана құралатын планета атында әліпбидегі нешінші әріптер қолданылады? ( Ай ). 1, 13 әріптер.
3. Бірінші және он бірінші әріптен құралған сөз қай сөздің антонимі? ( Аз ).
4. Әліпбидегі бірінші әріп пен ең соңғының алдындағы әріптен құралған сөз қай аңның аты? ( Аю ).
5. Әліпбидегі жетінші, жиырмасыншы, жиырма екінші әріптерді тіркеп жазсаң, балалар ойынына керек заттың аты шығады! ( Доп ).
 

VІІ.Артық білім- кітапта

 (331 жаттығуды орындап, әр топтан бір сөзге талдау жасау)

 

VIІІ.  «Көненің көзі» 

(Наурызға байланысты өлең немесе бата айту, бір сөзге талдау                                  жасау )

 

ІХ. Сабақты қорытындылау

Х.  Шаттық шеңбері.

 ( І топ бір- біріне дауысты дыбыстын басталатын тілек айту;

   ІІ топ бір- біріне дауыссыз дыбыстан басталатын тілек айту)

а). Ойын қорытындысын шығару.
ә). Оқушылардың білімін бағалау.

 (Бағалау парағы бойынша оқушылар өздері бағалайды) 

  Сабақ соңындағы оқушылардың көңіл- күйін смайлик арқылы білу.

 

ХІ. Үйге тапсырма. «Наурыз- жыл басы» ойтолғау жазып, бір- екі сөзге

талдау жасау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мәтіндерге тілдік талдау
Сөзжасам
Тест сұрақтары, Фонетика
Фонетикадан өткенді қайталау
Фонетикалық талдау
Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
Фонетика
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
Фонетикадан өткенді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3892 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык