Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 20038 |
|
|
|
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабының 9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
«Халықаралық тәжірибелерге сүйіне отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, иновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу құралдарын, аудио-бейнематериалдарын әзірлеу керек»,- деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабақты тартымды, тиімді, түсінікті етіп өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану
Орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы негізгі мақсат –оқушыларды қазақ тілінде оқи, жаза, түсіне, сөйлесе білуге үйрету, дағдыландыру; қазақ халқының әдеби мұрасының озық үлгілерімен басқа тілді оқушыларды таныстыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқытудың инновациялық әдістерін қолдану тиімді.
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі –«интерактивті оқыту әдісі» Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивті оқытудың мәнісі – кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады.
Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.
Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер және т.б. пайдалана отырып,таныстырулар жатады.
«Миға шабуыл» («ми шабуылы», «ми штурмы» немесе «дельфи») әдісі бойынша берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс. Бұл әдісті кері байланыс алу үшін қолдануға болады. Мысал ретінде өзім өткізген бір сабақтан үзінді ұсынамын. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 6-класта қазақ тілінен «Менің әуес ісім – кітап оқу» тақырыбы бойынша өткен сабақта осы әдісті қолдандым. Оқушыларға берілген сұрақ: Кітап бізге не береді? Осы тақырып төңірегінде өздерінің ойларын айтуға ұсыныс жасадым. Барлық ой-пікірлерді қабылдап, жазып алдық. Орыс тілді болғандықтан оқушыларға қиын болған жағдайда, қайталаттым және олардың пікірін айтуы бойынша жаздым. Әдіс қағидасы бойынша мұндайларға жол беріледі. Оқушылардың арасында кітаптың қазіргі кезде пайдасы аз, оны оқуға көп уақыт зая кетеді, кітаптар түсініксіз жазылған, қателер бар, қызық емес деген пікірлер де айтылды. Дегенмен оқушылардың басым көпшілігі кітап- адам үшін рухани байлық, өмірде жолдас, ақылшы, кітапты көп оқыған адам білімді, жан-жақты болады деген тұжырымдаманы ұсынды. Ереже бойынша барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткен соң, берілген тапсырма қайта еске салынды. Бұдан соң жазып алынған пікірлер оқылды. Осы пікірлер бойынша қандай қорытынды жасауға болатынын сұрап, бұл әдіс бойынша жұмысты аяқтадым. Оқушылар «Кітап – білім бұлағы» деген қорытындыға келді. «Миға шабуыл» әдісі қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады және мынадай мәселеледір шешуге болады:
-даулы мәселелерді талқылау;
-талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;
-қысқа мерзім ішінде идяны көптеп жинау.
«Тест сынағы» әдісі барлық кластарда қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданамын. Әсіресе, 11 кластарды ҰБТ-ға дайындау сабақтарында өте тиімді әдіс. Тест сынағы әдісінің көмегімен оқушылардың ақпараттандырылу деңгейін немесе олардың талқыланатын тақырыпқа қатынасын анықтайды. Тест сынағы сұрақтарының мазмұны дұрыс құрылуы тиіс: сауатты, анық, ұғынықты тілде жасалуы қажет және оқушылардың сезімін қорғауы керек.
Егер тест жасырын болмаса, жауаптары сабақтарда немесе топтарда талқыланады. Жасырын тест сынағының қорытындысын оқытушы (тренерлер) шығарады. Ал кәдімгі тест сынағы қорытындысын – жауаптарын оқушылармен бірге талқылағаннан кейін оқытушылар (тренерлер) шығарады.
Интерактивті оқыту технологиясының мүмкіндіктері өте көп. Әр ұстаз өз бетінше класпен жұмыстың жаңа тәсілдерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданамын. Сонымен бірге, мен өз тәжірибемде үй тапсырмасы ретінде оқушыларға жаңа тақырып бойынша бірнеше (3-5) тест сұрақтарын (жауаптарымен) құрастыруды тапсырамын. Оқушылар келесі сабақтарда өздері құрастырған тестерімен алмасады, жауап береді. Бірін-бірі тексереді. Оқушылар құрастырған сұрақтар мен олардың жауаптарын алдын ала қараймын, тест құраудың талаптарының орындалуын (оқушылар үшін бастысы – өткен тақырыптар бойынша құрастырылуы және жауаптар нұсқасының дұрыс болуы) қадағалап, бағалауды ұйымдастырамын. Бұл әдіс оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырады деген қорытындыға келдім.
Өз тәжірибемде жиі қолданатын әдістердің бірі – жобалау әдісі. Жобалау әдісі – оқушыларға әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс оқушыларға тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Зерттеу барысында оқушы бойында төмендегідей біліктер қалыптасады:
- тақырыпты өзінің қабілетіне және қызығушылығына қарай еркін таңдай алады;
- алдына қойған міндетіне қарай жұмыс мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады;
- алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолдарын өз бетінше іздестіреді;
- мәліметтерді жинақтап, жүйеліп және сараптауға және сыни ойлауға үйренеді;
- әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады;
- көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойын дәлелді және логикалық түрде жүйелі жеткізе білуге дағдыланады.
Жобалау әдісін қолдану өз нәтижесін беріп жүр: шәкірттерім республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу конкурсының облыстық кезеңіне, облыстық М.Жұмабаев оқуларына, ҚР КҒА-ның 15, 17-ші облыстық конференцияларына, «Жас ғалым» атты ІІ Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсына, «Жарқын болашақ» ІІІ республикалық «KATEV» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына («Жас ғалымдар») қатысып, жүлделі орындарға ие болып, грамоталармен, дипломдармен марапатталды.
Орыс мектептеріндегі қазақ әдебиетін оқытудың тиімді әдісі ретінде түрлі ойындарды, соның ішінде іскерлік ойын мен рөлдік ойынды атауға болады. Рөлдік ойын – өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы. Рөлдік ойындар шағын топтарда жүргізіледі. Көркем шығарманы оқытуда шығарманың негізгі идеясын тиімді әдіс-тәсілдермен түсіндіру және шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлқын, олардың рухани әлемін сипаттау мақсатында «Әдеби кейіпкерді танып ал», «Кейіпкерге сипаттама» атты ойын түрлерін жиі өткіземін. Аталған ойын түрлері оқушылардың шығарманы қаншалықты меңгергенін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақ әдебиеті сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолданутөмендегідей нәтижелерге жеткізеді:
-оқушылардың тіл байлығын дамытады;
-көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығы артады;
-көркем шығармалардың түсінеді;
-оқушылар өз ойын еркін жеткізе алады;
-оқушылардың жан-жақты ізденуіне мүмкіндік болады.
Интерактивті оқыту тәсілдерін қолдану оқушыларды мәселені бірігіп шешуге үйретеді. Ал бірігіп жұмыс істеу – әрі жеңіл, әрі тиімді. Оқушылар бірлесіп үйренуде шағын топтармен, жұппен жұмыс жасауға қалыптасады, ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарауға төселеді, жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, кесте арқылы көрсетеді. Ойларын дәл, дұрыс қорғап шығуға күш салады. Бірлесіп жұмыс жасауды ұйымдастырғанда мына жайларды: басқаны тыңдай білу, қажет жерінде ғана кірісіп сөйлеп кету, сыйластық, жауапкершілік сияқты дағдыларды қалыптастыру керектігін еске ұстау керек. Оқытудың бұл әдісінің берері: оқушы белсенді болады, пәнге деген қызығушылығы оянады, топ мүшелерімен қарым-қатынасы жақсарады.
Интерактивті оқыту тәсілдерін қолдану оқушылар шығармашылығын арттыруда ең қуатты ынталандыру құралы болып табылады. Ол үшін сабақ құрылымы әр түрлі оқу әдістері мен ұстаздың дайындығы, ізденісі жоғары болуы керек.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдана отырып, төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болады:
-уақыт үнемделеді;
-сабақтың сапасы көтеріледі;
-оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік туады;
-оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы арттады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.
Оқыту барысында оның әр түрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы тиіс. Бұл оқыту тәсілі әр түрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, сонда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болмақ.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгіріболуы емес, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық та талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |