Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқыту тиімділігі – озық технологияларда


Оқыту тиімділігі – озық технологияларда

Оқыту тиімділігі – озық технологияларда

Қазіргі таңда еліміздің оқу орындары мен педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалылыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды.Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
        Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға еніп келеді.Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі.Түсіндірме сөздікте «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсаткөздей отырып әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді.Ал технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, «бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым» дейді.
        ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология дегеніміз – бүкіл оқыту үрдісі және бір-біріне өзара әсерін, білім берудің формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі.М.Кларин «Педагогикалық технология – бұл педогогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп жазады.Біздің пікірімізше, педагогикалық үрдіс технологиясы – мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптарының, психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиыны.Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады.Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын  педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижесіне, жинақылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие үрдісінің басты күре тамырының рөлін атқарады.Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі және оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
       Бір технологияның өзі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданып жүргені мәлім.Бірақ, мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды.Сондықтан біз оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.Поташник ұсынған критерийлерін көрсете отырып, олардың (технологиялардың) кейбіреуіне талдау жасап көрелік.Критерийлері мыналар:
- елдің,  аймақтың, қаланың талап-тілегі – мектепке әлеуметтік сұраныс;
- мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар – мемлекеттік сұраныс;
- қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
- педагогикалық озат тәжірибе;
- мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;
- мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология барысында алынып отырған
технологияның мектеп мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы, жүйелілігі, және тиімділігі, т.б.ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
      Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты.Оның құрылымына мыналар кіреді: 
а) тұжырымдық негізі; ә)оқыту мазмұндық бөлімі (оқытудың нақты және жалпы мақсаты және оқу материалдарының мазмұны); б) үрдістік бөлім – технологиялық үрдіс (оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары, мұғалім жұмысының әдістері мен формалары, мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті мен оқу үрдісінің диагностикасы).
       Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады:
- әрбіроқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
- оқушылардың қабілеттері мен ерекшеліктерін арттыру;
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
 Жаңа педагогикалық технологияларға ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, мәселелік оқыту технологиясы, тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы, модулдік оқыту технологиясы
және жобалап оқыту технологиясы кіреді.Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты – талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері мына төмендегідей:
- мұғалім – оқушы, оқушы –мұғалім, оқушы – оқушы.Оқушы да субьект,
мұғалім де субьект;
- оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;
- оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық
қарым-қатынас.
      Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.Аманашвили.Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты – баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
       Мәселелік оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетімен ізденугу үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.Мәселелік оқыту технологиясының ерекшеліктері мынадай:
- оқушының белсенділіктерін арттыру;
- оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;
- оқушы материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.
Тірек белгілері арқылы технологияның негізін қалаған В.Шаталов болды.
Бұл оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:
- білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
- барлық баланы оқыту;
- оқытуды жеделдету.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
- жеке бағдарлы қарым-қатынас,ықпал;
- ізгілік, еркімен оқыту;
- әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
- оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Модулдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген.Модулдік оқытудағы негізгі мақсат – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы
жұмыс істеуге үйрету.
      Модулдік оқытудың өзегі – оқу моделі.Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша 
берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты
бағдарламасынан тұрады.
      Модулдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше 
жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойыншаоқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
      Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықпен қалыптастыру.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
: «Оқу екпінділері қатарын көбейту мақсатында В. Н. Зайцев технологиясын қолдану тәсілдері»
Заманға сай педагогикалық технологияларды қолдану негізінде оқытудың тиімділігін арттыру
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
ЖАҢАША БАҒЫТПЕН
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ
Мектепалды даярлық топтарында ойын арқылы оқыту
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8567 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык