Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 4154 |
|
|
|
Ізденіс-табыс кепілі
Ізденіс-табыс кепілі
Шығармашылық жұмыстар
Бірде дәрігердің алдына терісі сүйегіне жабысқан сидиған, арық, аурушаң бір бала келеді.
- Жасың нешеде? - деп сұрайды дәрігер.
- Он бірдемін.
- Күшті боламын десең спортпен, оның ішінде жүзумен айналыс, - деп кеңес береді оған дәрігер.
- Өзім де жүзуді жанымдай жақсы көремін, - деп, әлі күнге дейін жүзу білмейтініне қатты қысылған бала өтірікті соғып жібереді.
Ертеңіне әлгі бала Чикагоның жанынан ағып жатқан кішкене өзенге келіп, жүзуді үйрене бастайды.
1.Өз қиялыңмен мәтінді әрі қарай жалғастыр.
2. Дәрігердің кеңесіне келісесің бе?
3. Соңғы сөйлемді буынға бөліп жаз.
Жұмбақтар сыры
Таңертең төрт аяқты
Түсте екі аяқты
Кешке үш аяқты
(Адамның сәбилік, жастық, кәрілік шағы)
Бір көлде, он екіден қаз ойнайды,
Алсам деп бірін-бірі наз ойнайды.
Келгенде жақындасып, қожаңдасып,
Бір-бірін алмасына еш қоймайды.
(Дойбы)
Ұстаз-ұлы тұлға
Ұстаз. Қандай ұлағатты сөз. Әлпештеген ата-анаңнан кейін, сірә, ұстаздың есімі айтылатын шығар. Нелер бір ғұлама ғалымның, қас қағым сәтте жер шарын айналып шығатын ғарышкердің, кемеңгер мемлекет қайраткерінің де ұстазы болған.
1.Ойды жалғастыр.
2. Ұстаз сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Жалғасын тап.
1. Өнер алды-
2. Сөзден асқан ...
Тілден асқан ...
3. Сөз қадірін айтқан ...
Жол қадірін жортқан ...
4. Бірлік болмай ...
5. Бірлігі жоқ ел ...
Бірлігі күшті ел ...
6. Даңқ алысқа, бақ табысқа ...
7. Бірлікті ел ...
8. Арыңды жасыңнан ...
9. Достың достығы басыңа іс
түскенде ...
1.Мақалды жалғастыр.
2. «Бірлікті ел бұзылмас» атты ойтолғау жаз.
Досы көпті жау алмас
Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемде солып қалар гүл емес .
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына,
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.
1.Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.
2. «Менің досым» тақырыбына ойтолғау жаз
Төлді қалай шақырады?
Қой баласы – қоңырым,
Ұя бұзбас момыным,
Шопан ата түлігі-
Қошақаным, қайдасың?
Пұшайт,
Пұшайт!
Жолға шықсам - көлігім,
Жапанда жүрсем-серігім,
Қамбар ата өсірген
Құла атым менің, қайдасың?
Құрау,
Құрау!
1Өлеңді жаттап ал.
2.Өлеңнің алғашқы жолына фонетикалық
талдау жаса.
3. Ешкіні, сиырды, түйені қалай шақырады?
Жұбату
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Құнан қойды сой, бөпем,
Құйрығына той, бөпем.
Бурыл тайға мін, бөпем,
Ақ қызы бар аулында
Балпаң байдың үйіне
Бұрыла барып түс, бөпем,
Қымызынан іш, бөпем.
Қызын ала қаш, бөпем.
Ашуланса ағасы,
Іштен шалып жық, бөпем.
Кекеңдесе жеңгесі
Жүнге басын тық, бөпем.
(М.Жұмабаев)
1Өлеңді жаттап ал.
2.Қымыз, бесік сөздерінің мағынасын түсіндір.
Сүйемін туған тілді - анам тілін
Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім...
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
(С.Торайғыров)
1.Өлеңді жатта.
2. Тіл туралы мақал-мәтелдер жаз.
3. «Ана тілі-жүрек үні» атты ойтолғау жаз.
Ойлан тап
Шешесі-су да,
Әкесі – суық.
Көктемде өлер, Күз күні туып.
(Мұз)
Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар:
Ақ, қара ғып бөлгенде
Бірін-бірі қуғандар.
Ханы үшін де, жаны үшін
Бермейді олар намысын.
(Шахмат)
Мектеп
- Сәбит, мына мектеп керемет екен!
- Иә, әдемі және таза.
- Міне, мынау тамаша сыныптар.
- Мында кім бар екен?
- Балалар бар екен.
- Мынау не?
- Ол - асхана.
- Анау не?
- Ол - кітапхана.
- Кешір, әжетхана ше?
- Әне, анда.
1.Диологты оқы
2. Диолог дегеніміз не?
3.Берілген тапсырмаға қарап диолог құрастыр.
Хат
Сүйікті балаларым менің!
Ақылсыз болмаңдар. Өмір толы қауіп! Абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар, жөні жоқ мейірбан, жұмсақ болмаңдар. Өмір бар да жауыздық бар. Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер...
1.Мұқағали аталарыңның хатын оқып шығыңдар.
2. Орыс тіліне аударыңдар.
3. Ақынмен сырласу хатын жазыңдар.
Бата – сөздің анасы
Салт-дәстүріміздің бір көрнекті, тәрбиелі тілегінің бірі - «Бата» (благословение). Аузында дуа, сөзінде кие бар данагөйлеріміз елге пана, халыққа қорған болған небір сүлейлерді тәрбиелеуде батаның орнын аса жоғары бағалаған.
Күніміз ұлысты болсын,
Жеріміз ырысты болсын.
Өрісіміз малға бай дүбірлі болсын.
Келіндеріңіз жанға бай,
Үбірлі-шүбірлі болсын.
Ер жігіттің ту етер ар-тұрағы болсын.
Қанат беріп түлетер арғымағы болсын.
Әумин!
* * *
Әуелі, құдай, оңдай көр,
Оң жолына бастай көр!
Адасса жолға сала көр,
Сүрінсе қолдап ала көр!
Кездессе шайтан қаға көр!
Жұлдыздармен жалғастыр,
Жақсылармен жанастыр,
Жамандарды адастар!
Әумин!
* * *
Бата бердім, бақ тіледім,
Ақ дастархан басына.
Я, құдайым, шын тіледім,
Келсін деп менің қасыма.
Көңіліміз көлдей болып,
Көргенің түстей болып,
Қыдыр қонсын басыңа!
Әумин!
1.Жоғарыда берілген баталарды жаттап ал.
2. Өз бетіңмен бата шығарып көр.
Мағынасын аш
1. Палуанның жаманы,
Шалдырған соң өкінер.
Күэетшінің жаманы,
Алдырған соң өкінер.
2. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам
3.Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетер.
1.Мағынасын айқындап, орыс тіліне аудар.
2. «Өтірік» сөзіне фонетикалық талдау жаса
3. «Өтірік өрге баспас» тақырыбына ойтолғау жаз.
Білем деме, балам!
Білем деме, балам!
Білем деме, балам!
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған,
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған,
Көп нәрсені тоқиды.
(Ө.Тұрманжанов)
1.Өлеңді жаттап ал
2.Өлеңдегі дауыссыз дыбыстарды ата
3. «Білімді бала» атты шағын әңгіме жаз.
Жігіттің «Тоғыз жауы»
Басты жауың-жалқаулық,
Сорлататын жаныңды.
Осалдығың – аңқаулық,
Соқтыратын саныңды.
Жасқаншақ болсаң ұры алар,
Қорадағы малыңды.
Жалатқызбас жасықтық,
Аузыңдағы балыңды.
Өтірік айтсаң өңмендеп,
Жоғалтасың арыңды.
Өсек терсең телмеңдеп,
Суға кетер салыңды.
Көпірме босқа мақтан қып,
Түкке тұрмас барыңды.
Көрінгенге жалтақтап,
Бола алмайсың жағымды.
Біреуді алдап арбаумен,
Аша алмайсың бағыңды.
1.Өлеңді жаттап ал.
2. Мұғалімнің көмегімен мазмұнын аш
3. Өлеңде қандай тәрбиелік ойлар айтылған?
4. «Жігіттің төресі» болу қолыңнан келе ме? Пікірталас
ұйымдастырыңдар.
Тыйым сөздер
1. Көргенді жас, пәк бала,
Дастарханнан аттама.
2. Жоқ әдетті шығарма,
Түнде көлден су алма.
3. Мәнді сөзді тыңда:
Малды бастан ұрма
Тұрақты сөз тіркестері
Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса.
Төбесі көкке жету .
Бір аттам жер.
Бір ауыз сөзге келмеу.
Бір беткей.
Бірді айтып, бірге кету.
Бірді екі етті.
Бір жағына шығу
1.Берілген тұрақты сөз тіркестерін жаттап ал.
2. Сан есімдерді тауып, сөйлемдегі қызметін анықта.
3.Тұрақты сөз тіркестерін қолдана отырып, диолог құрастыр.
Жайық қызы
Өнерге қанат қақтырғаны үшін,
Өмірден орын таптырғаны үшін.
Өзіне сүйеп арқасын әр кез,
Өткір шындықты айттырғаны үшін.
Ақ шағала Жайығына оралды...
Анасындай әр кез сағынғандықтан
Ардақтар жан табылғандықтан.
Ақ мола болған бабаларыңның аруақтарына табынғандықтан.
Ақұштап ақын Жайығына оралды.
Немере тербеп, ән салу үшін
Дос – жаран келсе қарсы алу үшін.
Көгілдір туға, еркіндік таңға
Туған жерінде тамсану үшін.
Жайықтың аруы Оралына оралды.
1.«Жайық қызы» деп кімді айтып тұр?
2. Ақынның туған жеріне оралу себебі не?
3. Жыр жолдарын оқи отырып, ақынның портретін жаса.
4. «Туған жер – алтын бесігім» атты ойтолғау жаз.
5. Өлеңді жаттап ал
Ертегі еліне саяхат
Ертеректе бұғы, тасбақа, және құс үшеуі дос болыпты. Бір кеште бұғы аңшының торына түсіп қалыпты. Бірінші ол тордан босану үшін талпынады, бірақ сәлден соң ол мүйізінің де, тұяғының көмегімен де тордан босана алмайтынын түсінеді. Құтыла алмаған соң көзінен жас парлайды. Досы тасбақаны көмекке шақырды. Тасбақа келіп жіптерді жоғарыдан төмен қарай бір–бірлеп қия бастады. Бірақ тасбақа баяу қимылдап, таң атып қалады. Аңшының аңға алып шығатын тұзағынан басқа садағы мен жебелері бар еді. Осы мезгілде аңшы да келіп қалады. Осы сәтте достарының бірі құс келіп, аңшының төбесінен айналып ұшып жүреді. Ал аңшы болса құсты ұстап алмаққа қуалайды. Сол кезде тасбақа бұғыны тордан босатып жібереді....
1.Ертегіге ат қой.
2.Ертегіні өз қиялыңмен әрі қарай жалғастыр.
3.Өзің де ертегі шығаруға талпынып көр.
Қыз өссе – елдің көркі
Қазақ қыз баланы адалдыққа, әділдікке, имандылыққа, таза махаббатқа тәрбиелейді. Қыз бала – болашақ ана ...
1.Ойды жалғастыр.
2 « Қыз-қызғалдақ» атты ойтолғау жаз.
Диолог
- Сен қандай тағамды ұнатасың?
- Оны кім пісіреді?
- Сен өзің нені пісіре аласың?
- Қазақтың ұлттық тағамдарын білесің бе? Олардың қайсысы саған ерекше ұнайды?
1.Үлгі бойынша бір-біріңмен сөйлесіңдер
2.Осы үлгіге қарап өздерің де диолог құрастырыңдар
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |