Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көктем. Етістіктің шактары.


Көктем. Етістіктің шактары.

Көктем.  Етістіктің  шактары.

Тақырыбы:    Көктем.  Етістіктің  шактары.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік. Такырып бойынша окушылардың білімдерін тереңдете отырып бекіту, қорыту « Етістік» туралы жалпы түсінігің білу, етістіктің шақтарын меңгеру, оны сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, оқығанды, естігенді есте сақтау қабілетін дамыту,  сөздік қорын молайтып,  қазақща сөйлеу белсенділгін арттыру.

Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, әр мезгілді өз құбылыстарымен қабылдай білуге  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  білім, біліктік дағдыларын дамыту және бекіту сабағы.

 

Сабақтың әдіс - тәсілдері:  әңгімелеу, сұрақ - жауап түсіндіру, баяндау, жаттықтыру.

 

Сабақтың жабдығы:  Оқулық, интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, алма ағашы (суреті).

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сұрақ - жауап

Бүгін аптаның қай күні?

Жылдың қай мезгілі?

Көктемнің нешінші айы?

Бір жылда қанша мезгіл бар?

Алдағы алған білім деңгейлерін тексеру.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бүгін сабағымыздың тақырыбы: Көктем

Грамматикалық тақырыбы:  Етістіктің шақтары

Сонымен балалар, сабағымыздың жыл мезгілдеріне саяхат жасаудан бастаймыз.

1 - аялдама: «ЖЫЛ»  мұндагы текшеде 91, 365, 12, 92, 3, 4 нөмірлі автобустар тоқтайды  екен.

Осы сандарды немен байланыстырар едіңдер? Жауап берсек автобусқа мініп саяхатымызға аттанамыз.              

Бір жылда 365 күн бар.

2 - аялдама:  «Мектеп». Мектеп сөзін  қай жыл мезгілімен байланыстырамыз?

-  Күз мезгілі туралы кім өз ойын ортаға салады?  (тақтаға  бірінші мектеп соңынан күз суреті).

- Күз туралы өлең жаттағандарың бар ма? Кәне, есімізге түсірейік!

3 - аялдама:  «Қызықты ойындар». Осы тіркесті естігенде қай мезгілді елестетеміз? (жауаптан кейін тақтаға қыс суреті шығады, қысқы ойындар).

- әңгімелесу

- қыс мезгілі туралы өлең оқу.

 

4 - аялдама: «Жазғытұры». Осы сөзді естігенде қай мезгілді елестетеміз?

  • Көктемді.
  • «Жазгытұры» деп жазған қай ақын екен?

Бұл біздің негізгі аялдамамыз, сондықтан бұл аялдамаға ұзағырақ тоқталамыз. Алдымен көктем белгісін топтастыру әдісі бойынша есімізге түсірейк.

-  Енді осы сызба арқылы көктем туралы әңгімелейік.

-  Көктем туралы өлең оқу.

-  Ал енді дәптерлеріңе бүгінгі күнді жазып. Сабақ тақырыбын жазыңдар

 

Оқулықпен жұмыс.

5 – аялдама.  «Грамматика»

- Бүгінгі сабақтың грамматикасында қай сөз табы туралы айтылады дедік?

- Етістік

- Етістікке дейін қандай сөз таптарын оқып білдік?

- Зат есім нені білдіреді?

- Сын есім нені білдіреді?

- Сан есім нені білдіреді?

- Есімдік қандай сөз табы?

- Етістік нені білдіреді?

6 – аялдама  «Жаттығу »

Бұл аялмада есімізге түсірген сөз таптарын байланыстырып,  сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырып жаттығамыз

 2. Осы сөйлемдерге етістіктерді табу.  (келді, жылына бастады, жауады, шығады, жара бастады, шешіп, киінеді).

- Осы етістіктерден біз етістіктің құрамын ажыратайық (дара, күрделі).

- Ал тұлғасына қарай етістік қалай бөлінеді негізгі, туынды

- Негізгі етістік қандай етістіктер? Мысалы:

- Туынды етістік деген қалай жасалады?

 

 3.Үлестірме қағаздарда тапсырма беру.

Тапсырма: 8 дене мүшесін жазып, одан туынды етістік жаса.

(сонынаң тапсырманың дұрыс жауабы тақтаға шығады. Оқушылар бір -бірімен жұмыстарын ауыстырып тексереді. (бағалайды) (8-і түгел жазған оқушыларға ғана алма беріледі).

 

1. Бас + та

2. Көз +де

3. Тіс+ те

4. Мойын +да

5. Арқа +ла

6. Өкпе +ле

7. Қол +да

8. Аяқ +та    (Басқа дене мүшелерімен 8-ге толтырса да, саналады)

 

 4. Тақтадағы туынды етістіктер құрамына қарай етістіктің қандай түрі болады?

- дара етістік

- енді осы етістіктерден сабақты етістік жасап, қажетті сөзбен сәйкестендіріңдер.  

           Ініңді         баста

           Қатені        көзде

           Нанды        мойында

           Ауызды      арқала

           Ісіңді           қолда

           Досыңды    аяқта

           Сөзді           тісте

- Сонымен сабақты етістік қандай етістік?

- Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет ететін етістік

- Салт етістік деген қандай етістік?

- Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік.  Мысалы.

 

5.  Екі тапсырма қатар орындалады. (оқушылардың өз таңдауымен)

 

1) Осы сөз тіркестерінің етістіктерінен күрделі етістік жаса.

Сөзді бастап кетті.

Аңды көздеп атты.

Қатені мойындап отыр.

Інісін арқалап келді.

Ісін аяқтап отыр.

Нанды тістеп жеді.

Досынды қолдап жүр.

(дұрыс жауабы тақтада, өзін-өзі тексеру. Кім дұрыс жазса қолын көтеріп оқып шығады).

 

2) Мына етістіктердің алдынан қажетті сөзді қой.

Дастарқанды жай

Киімінді ки

Отты жақ

Суды төк

Сабақты оқы

Есікті жап

Ыдысты жу

 

6.   –  «У» жұрнағы арқылы жасалатын етістіктің түрін қандай етістік дейміз?

    -  Тұйық етістік туралы не білеміз? Тұйық етістік емлесін дұрыс қолдан?

1. й+у=? жай+у= ?      жаю

    и+у=?  ки+у=  ?      кию

2. ы+у=? оқы+у= ?     оқу

    і+у=?   жекі+у= ?   жеку

3. қ+у ?   жақ+у = ?    жағу

    к+у=?  төк+у=?      төгу

4. п+у=?  жап+у=?     жабу

    у+у=?  жу+у=?       жуу.

 

Балалар сендер етістіктен өздерін өткен барлық түрлерін біледі екенсіндер.

Етістіктің шақтары туралы жалпы түсінік. (слайд шақтар сызбасы)

Бүгін сендерге етістіктің шақтары туралы түсінік беремін. Осы шақ таблицаны оқушылар жазып алады. (слайд сызба)

 

7-аялдама  «Табиғат құбылыстары» Қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?

ұр,  ері,  соқ,  қыздыр,  ысыт,  уілде,  жау, тұр, құй, селдет, тамшыла.

 

Бекіту тесті

 1. Етістіктің неше шағы бар?

а)2                     в)3            с)4

2. Нақ осы шақ қандай етістердің жіктелуі арқылы жасалады?

а)кел,бар,айт,сөйле              в)оқы,жаз,кір,жүр        с)отыр,тұр,жатыр,жүр

3. Мен тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмын.      Қай шақта тұр?

а)Осы шақ           в)Нақ осы шақ     с)Ауыспалы осы шақ

4. Іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын етістіктің қай шағы деп аталады ?

а)Осы шақ           в)Нақ осы шақ      с)Ауыспалы осы шақ

5. Ауыспалы осы шақ қай жұрнақтардың жіктелуі арқылы жасалады ?

а)-а,-е,-й

в)-ып,-іп,-п

с)-ғалы,-гелі –қалы,-келі

6. Ауыспалы осы шақ тұлғасы сөйлемде неше түрлі мәнде қолданылады?

  а)2             в) 3           с)4

7. Жіктік жалғауының екінші жағында тұрған нақ осы шақты көрсет

 а)жазасың   в)отырмын     с)жүрсің

8. Нақ осы шақ қандай етістіктер арқылы жасалады?

а)негізгі етістіктер   в)күрделі етістіктер  с)қалып етістіктер

9. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті көрсет

а)әкетіп жатыр    в)елестейді   с)сөйледі

10. Нақ осы шақтың жалаң түрін көрсет

А) айтып тұр    в) жатырмын           с) оқымай жүр.

 

Бағалау кілті:       

1)в     2)с     3)в   4)с   5)а    6)а      7)с    8)с    9)в     10) в

 

8-аялдама  «Көктемде» қорыту аялдамасы

      Зат есім                Етістік

К

Ө

К

Т

Е

М

Д

Е

 

9-аялдама.  «Салыстыру». Оқушылар «Венн диаграммасы» әдісі бойынша көктем мен қысты салыстырады.

Сонымен балалар қыс пен көктемді салыстырып ойымызды жинақтаймыз.

Енді көктем мен қыстың айтысын тындайық. Оларды айтыстырып, өз өленің жазған жас ақындар шықсын.

 

10- аялдама.  «Үйге тапсырма»

Етістіктің шақтары ережесін жаттау, мысал. Көктемгі еңбек тақырыбына әңгіме құрастыру.

Бағалау: оқушылардың жинаған алмаларын санап, ең көп алма жинаған оқушының алмасын жеміс ағашының басына орналастыру.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Салт және сабақты етістік.
Етістіктің шақтары
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Етістікті қайталау
Етістік шақтары
Етістік. Етістік түрлері
«Етістіктің түрлері» тақырыбы бойынша
Қазақ тілінен тест
Етістіктің жіктелуі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5476 | Қосты: Жаманғараева Айгүл Базарбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык