Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас


Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас

Сабақтың тақырыбы: Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас

Сабақтың мақсаттары:

            Білімділігі: Өткен тақырып бойынша алған білімді қорытындылау, сабақтас құрмалас сөйлемдер легін оқи отырып, тыныс белгісі – үтірдің қай жерге қойылатынын сол мезетте айтқызып, сабақтас сөйлем синтаксисі бойынша қалыптасуға тиіс дағдының деңгейін тексеру. Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, негізгі ережелерді ұғындыру. Бағыныңқы сөйлемдердің басыңқымен байланысу сипатына қарай көп бағыныңқы сабақтастың екі түрге бөлінетіндігі. Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтың ережесі және оның бағыныңқы сөйлемінің басыңқысымен мағыналық қарым-қатыснасына қарай түрленуі /бірыңғай, әр алуан/; сатылы көп бағыныңқы сабақтастың өзіндік ерекшелігін жарыспалы көп бағыныңқы сабақтаспен байланыстыра отырып түсіндіру.

            Тәрбиелігі: Ұлттық тәлім-тәрбиені насихаттау. Ата-бабадан қалған асыл мұра – көне әдебиетіміз бен қасиетті сөз өнерінің құдіретін таныту, оны ту етіп асқақтату; дуалы ауыз шешендердің, ел бастаған көсемдердің таспадай өр, кестедей төгілген небір ғажайып сөз үлгілері арқылы эстетикалық тәрбие беру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.

            Дамытушылығы: Әр сөйлем бойынша оқушыға әңгіме өрбіттіріп, шешендік сөз орамдарын жатқа мәнерлеп айтқыза отырып, берілген тақырыпқа өз ойын, пікірін айтқызып, тіл дамыту жұмысын жолға қою; ой сергіту мақсатында «ребус» шешкізу; XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандығының саяси жағдайы, ел тарихындағы қасіретті 1723 жыл – «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы, жалпы сол замандағы қазақ-жоңғар қатынастары туралы әңгімелеу арқылы тарих сахнасына назар аударту.

Пәнаралық байланысы: Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы

Сабақтың көрнекілігі: «Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем» жинақ-көрнекілік, С.Нелимов «Шешендік өнер», VIII сынып «Қазақстан тарихы» оқулығы.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Оқыту әдістері: Блоктап оқыту, 1 сағат.

Сабақтың жүрісі:І.Ұйымдастыру

ІІ. Өткен сабақты қайталау. «Сабақтастың тыныс белгілері»

Берілген сөйлемдер легі: 1-15 сөйлемдер. Сөйлемдерді мұғалім оқып тұрады, оқушылар үтірдің қай жерге қойылатынын тез аңғарып, жауап беруі керек. Ең көп қол көтеріп, дұрыс жауап айтқан оқушылар бағаланады.

ІІІ. Жаңа сабаққа өту, түсіндіру /көрнекілік бойынша сызбалары сызылған/.

  • Ереже айту, оны ұғындыру
  • Мысалын талдап көрсету
  • Сызбаны түсіндіріп өту /бұл жұмыстарды мұғалім орындайды, оқушылар ілесіп отырады/
  • 4 сөйлем талданып болғасын, көрнекіліктің І бөлімі неліктен ұлттық тәлім-тәрбие деп аталғандығын оқушыға дәлелдету /сөйлемдердің мазмұны бойынша сөйлейді/.

ІV. Жаңа тақырыпты пысықтау → көрнекілік, ІІ бөлім /сөйлемдер берілген, сызбасын сызып, көп бағыныңқы сабақтастың қай түрі екенін ажырату/.

  • 1 сөйлем талданып болғасын, бір оқушыдан ұлттық шешендік өнер туралы сұралады.

Сұрақ: Ұлттық шешендік өнер туралы не білесің? Қазақтың атақты би-шешендерінің тарихтағы биік тұлғалары жөнінде не айтар едің? Әңгімелеп бер /1 оқушы сөйлейді/.

  • 2 сөйлем талданады. Ақтайлақ би жөнінде сөз бастау.

Сұрақ: Атақты үш би туралы көп оқыдық, көп білеміз, Ақтайлақ б қандай адам болғн /1 оқушы жауап береді/.

Мұғалім: Сол бір заманда болған бір оқиғаны бастап айтады, аздап әңгімелеген соң, оқушыдан жалғастыруын сұрайды /Ақтайлақ би мен Нұрбек бидің билік айтысын 2 оқушы диалог түрінде жалғай кетеді/.

  • 3 сөйлем талданады /сөйлем көшірілмейді, сызбасы шығарылып, қай түрі еені астына жазылады/.

Мұғалім: Қаз дауысты Қазыбек бидің Жоңғария еліне барған сапары жөніндегі аңызды бастап, оқущылар жатқа жалғастырып кетеді. Бұдан соң жоғрыда жазылған тақыпықа назар аудартып, оқушыдан неліктен солай деп аталғандығы жөнінде сұрап, жауап алынады /1 оқушы қысқаша сөйлеуі керек/.

Көрнекіліктің ІІІ бөліміне көшу.

  • 1 сөйлем талданады.

Сұрақ: Тәуке ханды қазақ хандығының дара билеушісі, яғни тарихи тілмен айтсақ, қазақ мемлекетінің ұлы ханы деп танимыз. Жалпы қазақ қоғамының хандық басқару жүйесі туралы не білесідер? «Мемлекетті төрт діңгегі» дегенді қалай түсіндірер едіңдер? /1 оқушы сөйлейді/.

  • 2,3 сөйлемдер талданады /сызбасы сызылып, көп бағыныңқы сабақтастың түрі ажыратылады/.

ІІІ бөлімді қорытындылау мақсатында, мұғалім тарихтан әңгіме айтады, оқушылар естеріне түсіріп, қосылып отырады /ХVІІ ғасырдың аяғы-ХVІІІ ғасырдың басындағы саяси жағдай/.

Көрнекіліктің келесі ІV бетіне көшу. Ребустар шешу.

Шешуі: Жаңа ХХІ ғасыр Қазақстан үшін, әдебиет, өнер, мәдениет ғасыры болады.

Сұрақ: Оқушылар, бүгін біраз әңгіме айтылды. Оның қорытындысы ретінде мына суретті жұмбақты шешіп, оның сөйлемін дәптерлеріңе жазыңдар. Енді маған осы сөйлем бойынша кім қорытынды пікірін, ойын айтып  береді?

Мұғалім жаңа тақырыпты өзі қортындылап, үйге тапсырма береді.

V. Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен 4 мысал жазып келу /көп бағыныңқы сабақтас құралдардың түрлеріне байланысты/. Келесі сабақ - жаттығу жұмысы.

VІ. Бағалау, сабаққа шолу жасау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сын-қимыл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мезгіл бағыныңқы сабақтас
Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 8567 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык