Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Киіз үй



Сабақтың тақырыбы: Киіз үй

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға киіз үй түрлері туралы жалпы мағлұмат беріп, әр түрлі тапсырмалар бойынша оқушының өздігінен ізденуіне жағдай жасап, шығармашылықтарын дамыту, өз пікірін айта білуге дағдыландыру.

2. Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

3.Ұлт дәстүрі  тарихымен таныстыру арқылы Отанын сүю, ұлтжандылық қасиеттерін, имандылыққа тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, музыка, орыс тілі, информатика.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, проблема арқылы сұхбат, көрініс, деңгейлік тапсырмалар, эвристикалық әдісі, әңгіме, баяндау, саралап оқыту,рефлексия,

Көрнекіліктер: киіз үйдің суреті, слайдтар, жинақталған карточкалар, сөзжұмбақ, үн таспа,тірек-сызба, бағалау кестесі, суреттер.

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа деген зейінін қою.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Негізгі бөлім 

  1. Кіріспе сөз.
  2. Жаңа сабақ.
  3. Сабақты пысықтау.
  4. Бекіту кезеңі.
  5. Оқушыларды бағалау.
  6. Қорытынды.

ІІ. Блиц сұрақтар:

  1. Бүгін қай күн?
  2. Қазір жылдың қай мезгілі?
  3. Қыс айлары қандай?
  4. Аптаның қай күні?
  5. Қыста ауа райы қандай болады?

ІІІ. Ой қозғау стратегиясы:

(Киіз үй қандай бөлшектерден тұрады?)

ІV. Кіріспе сөз:

      Қазақ тілі сабағы өзгеше әрі ерекше өтпекші. Бұл сабақ интеграциялық сабақ. Бұл сабақта әр оқушы өз білімінің дәрежесін көрсетуге тиіс. Оқушылардаң білімі акциялармен бағаланады.

      Тақтаға конверттер ілінген панно бекітіледі, оларда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар («5»-ке, «4»ке, «3»-ке) бар.

әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай тапсырма алып, дайындалып, жауап береді. Жауаптары «Акциялармен» бағаланады. «Акционер»- оқушы жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі «акциялар» алады: толық емес жауап – сарпы түсті «акция»;  дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап – қызыл түсті«акция», дұрыс негізделген жауап – жасыл түсті «акция».  Әр «акцияның» бастапқы құны бар, оны «банк» бекітеді. Баллдардың ең жоғары мөлшері түстердің санымен анықталады (мысалы, егер оқушыда 2 түсті «акция» болса, онда «түсімге»тек 2 балл қатысады, егер 4 түсті болса, ондағы жоғары балл – 4).

      Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топтар өз орындарында отырады. Әр топтың төс белгісі. Топ аты жазылған жазулар бар. Әр топ өз бетінше жұмыс істейді.

       Келесі сөз информатика пәнінің мұғаліміне беріледі.

      Ең бірінші есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін қайталайық.

      Общие требования безопасности и требования во время работы на компьютере:

  1. Запрещается трогать провода, вилки, розетки, штекеры, передвигать без разрешения учителя оборудование.
  2. Запрещается класть на стол рядом с ПК портфели, сумки, книги. На столе должны лежать только ручки и тетради.
  3. Нельзя ничего класть на клавиатуру.
  4. Во время работы установить расстояние глаз от экрана – на расстоянии вытянутой руки.
  5. Учащимся не следует вставать с места при входе посетителей.
  6. В случае возникновения зрительного напряжения или усталости можно, не вставая с места, выполнить несколько упражнений для снятия этого напряжения или усталости.

V. Кіріспе сөз.

Киіз үй – қазақтың өзімен жасасып, тарих белестерінен бірге асқан заттық, тұрмыстық мәдениетінің көрінісі. От басының сауаттылығы мен саулығының белгісі ретінде босағаға. Шаңыраққа құрмет көрсету – ежелден келе жатқан дәстүр.

   

VІ. Сөздік жұмысы.

Экранда электрондық көрнекілік-киіз үйдің элементтері және соған арналған сөздік жұмыс.

Осы жұмысты талқылап, оқушылар дәптерге жазады.

Ас-су бұрышы                             шаңырақ

Кереге                                             кебеже

Текемет, кілем                              әдет-ғұрып, салт-дәстүр

Сықырлауық                                 көшпенді

  VІІ. Топтық жұмыстар.

     Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар өз тобы бойынша компьютердің алдына отырып, тапсырманы орындайды. Экранда бірінші тоқа арналған мәтіндер көрсетілген. Осы мәтіндерді талқылап, оқушыларға тапсырма беріледі.

Тапсырма

1 топ

  1. Мәтінге ат қой
  2. Мәтін бойынша сұрақтар қой (жазбаша).
  3. Алгоритмдік деңгей (практикалық жұмыс).

Мәтіннің мазмұнын айтып отырып, киіз үйдің әрбір элементтерін слайд арқылы көрсету.

       Компьютердегі мәтін.

    Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды. Керегенің биіктігі екі метрдей болады. Керегенің әр бөлігін – қанат деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбейе береді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Осыдан кейін шаңырақты көтереді.  Сонан соң уықтарды шаншыған. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау болып келеді және сол жерді тесіп бау өткізеді, оны «уық бау» деп атайды. Осы бау арқылы уық пен кереге басын біріктіріп байлайды. Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі – босаға. Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады.Сықырлауық – киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Бұл ортасынан ашып-жапқанда сықырлап тұрады, сондықтан оны сықырлауық деп атайды. Осыдан кейін үйдің киізін жабады. Киіздің төрт түрі бар. Олар: туырлық, үзік, түндік, киіз есік. Түндік – шаңырақты, киіз есік сықырлауықты жауып тұрады.

Тапсырма

2 топ

1. Мәтіннің мазмұнын айту.

2. Неге шаңырақ біздің елтаңбамызда бейнеленген?

3.Эврикалық деңгей. «Отан от басынан басталады» деген сөйлемнің мағынасын қалай түсінесіңдер. Өз пікірлеріңізді дәлелдеңіз.

Компьютердегі мәтін.

Шаңырақ екі бөлшкетен тұрады: шеңбер және күлдіреуіштен. Егерде киіз үйдің басқа бөлшектері талдан жасалса, шаңырақ қайыңнан иіліп жасалады. Ол үшін қайыңнан жаздың ортасында кесіп алады. Бұл кезде қайыңның шырыны мол, сондықтан оны кептірмей, шеңбер иеді. Шеңберге уық сұғынатын қаламдық тесіледі. Кілдіреуіш арқылы үйге жарық түседі, түтін содан шығады. Шаңырақ, есік «тіс», «қошқар мүйіз» оюларымен бедерленеді.

Қазақтың өмірінде шаңырақтың маңызы зор. Ол атадан балаға мұраға қалдырып отырылыған. Шаңырақ арқылы ұрпақтан ұрпаққа ата-бабалар рухы, күші жалғасады деседі.

            Шаңырақ – үй, әулет,мағынасында  да пайдаланылады. Әулет дәстүрі бойынша ұлдар әкенің үйінінен бөлініп, жеке шаңырақ иесі болады.әкесі мен шешесін кенже ұлы асырайды. Ол әке шаңырағының иесі, мұрагері болып саналады.

            Егерде киіз үйдің басқа бөлшектері тозса, оларды жаңалайды, ал шаңырақты сақтайды, сондықтан оны «қара шаңырақ» деп атайды.

Тапсырмалар

1 тапсырма.

  Көп нүктенің орнына тұрақты сөз тіркесіннің мағынасын  білдіретін сөздерді қойып жаз.

        Керекті сөздер: қызғану, үндемеу, жалыну, келісу, ұйықтамау, қорқу, батыр, тону, айқайлау, күту.

1. Жұмған аузын ашпау - ... . 2. Қызыл итке жем болу - ... . 3. Көз ілмеу - ... .  4. Төбе шашы тік тұру - ... . 5. Сөзге келмеу - ... . 6. Өлердегі сөзін айту - ... .

7. Тісі тісіне тимеу - ... . 8. Үйді басына көтеру - ... . 9. Жүрегінің түгі бар - ... . 10. Екі көзі төрт болу - ... .

2 тапсырма.

   Көп нүктенің орнына ауыспалы келер шақ есімшенің жұрнақтарын қойып жаз.

  1. Айт ... сөзіңді айтып қал,

Айтпа ... болсаң қайтып ал.

  1. Болдыр...да, толдыр... да әйел.
  2. Көп біліп, түк тындырма... адамнан,

     Аз біліп, көп тындыр... қыңыр кісі артық.

3 тапсырма. Бір сөзбен түйіндеңіз.

1. Қобыз, домбыра – ұлттық саз аспаптары.

2. Шелпек, құрт –

3. Қымыз, шұбат –

4. Алқа, білезік –

5. Бесікке салу, тұсау кесу –

6. Қыз қуу, көк көкпар –

7. Бөрік, сәукеле –

4 тапсырма.

    Киіз үй көне дәуірінде пайда .... . Киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне ... . Үй біздің заманымыздан бұрыңғы ғасырда кеңінен .... . Киіз үй негізгі төрт бөліктен ...  .

Керекті сөздер: пайдаланылған, айналған, тұрады, болған.

5 тапсырма.  Мақал-мәтелдерді дұрыс аяқта.

Сөз қадірін білмеген                              таяқ еттен өтеді.

Айтылған сөз                                          бас жарады.

Өнер алды                                               таразылап тең сөйле.

Артық сөйле, кем сөйле                        өз қадірін білмейді.

Сөз сүйектен өтеді                                  атылған оқпен тең.

Тіл тас жарады, тас жармаса                 қызыл тіл.

 VІІІ.   Эксперттер үлгі бойынша тапсырмаларды тексереді.

1 тапсырма. Үлгі.

   Көп нүктенің орнына тұрақты сөз тіркесіннің мағынасын  білдіретін сөздерді қойып жаз.

        Керекті сөздер: қызғану, үндемеу, жалыну, келісу, ұйықтамау, қорқу, батыр, тону, айқайлау, күту.

1. Жұмған аузын ашпау - үндемеу . 2. Қызыл итке жем болу - қызғану . 3. Көз ілмеу - ұйықтамау .  4. Төбе шашы тік тұру - қорқу . 5. Сөзге келмеу - келісу . 6. Өлердегі сөзін айту - жалыну . 7. Тісі тісіне тимеу - тоңу . 8. Үйді басына көтеру - айқайлау . 9. Жүрегінің түгі бар - батыр . 10. Екі көзі төрт болу – күту.

2 тапсырма.

   Көп нүктенің орнына ауыспалы келер шақ есімшенің жұрнақтарын қойып жаз.

  1. Айтатын сөзіңді айтып қал,

Айтпайтын болсаң қайтып ал.

  1. Болдыратын да, толдыратын да әйел.
  2. Көп біліп, түк тындырмайтын адамнан,

     Аз біліп, көп тындыратын қыңыр кісі артық.

3 тапсырма. Бір сөзбен түйіндеңіз.

1. Қобыз, домбыра – ұлттық саз аспаптары.

2. Шелпек, құрт – ұлттық тағамдар.

3. Қымыз, шұбат – ұлттық тағамдар.

4. Алқа, білезік – зергерлік бұйымдар

5. Бесікке салу, тұсау кесу – салт-дәстүр.

6. Қыз қуу, көк көкпар – ұлттық ойындар.

7. Бөрік, сәукеле –  ұлттық киімдер.

4 тапсырма.

    Киіз үй көне дәуірінде пайда болған. Киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған . Үй біздің заманымыздан бұрыңғы ғасырда кеңінен пайдаланылған. Киіз үй негізгі төрт бөліктен тұрады.

5 тапсырма.  Мақал-мәтелдерді дұрыс аяқта.

Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.                            

Айтылған сөз - атылған оқпен тең.                                         

Өнер алды -  қызыл тіл.                                             

Артық сөйле, кем сөйле - таразылап тең сөйле.

Сөз сүйектен өтеді - таяқ еттен өтеді.

Тіл тас жарады, тас жармаса  - бас жарады.

 ІХ.      Тест сұрақтарына оқушылар жауап береді.

1.С какой части начинают собирать юрту?

а) уық

ә) кереге

б) шаңырақ

2. Из каких частей состоит купол?

а) кереге

ә) уық

б) кілдіреуіш

3. Как называется дворец хана?

а) орда

ә) мазар

б) сарай

4. Как называется дверь юрты?

а) босаға

ә) есік

б) сықырлауық

5. Как называют незамужнюю девушку?

а) оң жақта отырған

ә) төрде отырған

б)келін

6. Как называется юрта для молодоженов?

а) қонақ үй

ә) жастық үй

б)отау үй

Х. Шығармашылық деңгей.

    Осы уақытта (үнтаспада қазақ күйі орындалып жатады).

1 – топ

1. Суретпен жұмыс (ақ киіз үй суреті)

Тапсырма: Мына суреттегі киіз үй неге ақ киізден тігілген?

2 – топ

1. 1. Суретпен жұмыс (қоңыр киіз үй суреті)

Тапсырма: Мына суреттегі киіз үй неге қоңыр киізден тігілген?

ХІ. Қорытынды.

ХІІ.Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Баяндауыш
Киіз үйді бейнелеу
Киіз үй –көшпелілердің баспанасы
Сөз құрамы. Түбір мен қосымша. Қара шаңырақ
Киіз үй
Киіз үй
Киелі киіз үй
Үй жиһаздарының негізгі бөліктерін, жиһазды құрастырғанда қолданылатын біріктірушілерді дайындау
Киіз үй бөлшектерін құрастырып бекітудің әдіс-тәсілдері
Киелі киіз үй.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4447 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык