Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестері. Елдікті еңселендірер ұғымдар


Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестері. Елдікті еңселендірер ұғымдар

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестері. Елдікті еңселендірер ұғымдар

Сабақтың 
білімділік мақсаты:  дидактикалық мәтін жайында кеңейтілген түсініктерін байқау,өткен тақырыпты еске түсіру, алған білімді жинақтау, қорыту. дамытушылық мақсаты: мәтіннің танымдық сипатын, белгілерін, құрылымдық бөліктерін байқай алатын нәтижеге жеткізу, оқып-түйгендері жайлы ой қортыныдысын айтқызып жаттықтыру;
тәрбиелік мақсаты: өз елін, өзі туып-өскен мекенін сүюге баулу,ана тілінің қыр- сырын меңгеріп, өз ойын жеткізуде көркем әрі тіл байлығымен сөйлеп үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: талдау
Әдісі: СТО стратегиялары, «Топтастыру», «Галереяға саяхат»
Сабақтың көрнекілігі: мәтіннің бірліктері мен белгілері туралы, түрлері жайлы сызба слайдтар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Бұрынғы білімді жандандыру (актуалдандыру)
1. Тірек ұғымдар: сөз, сөйлем, абзац, мәтін.
2. Проблеманы қою және оны шешу әрекеттері.
Проблемалық ситуация жасау:
Оқушы қызметі: тақтадағы слайдтарға назар аударады.
Мұғалімнің қызметі: тақтадағы мәтіннің бірліктері мен белгілері туралы кестеге назар аудартқызады.
Мәтіннің тұтастық бірліктері Айырықша белгілері
1. Сөйлем 1. Мағына жағынан тиянақталған бірлік.
2. Мәтіннің бастапқы (төменгі) сатысы.
2.Күрделі синтаксистік тұтастық 1. Абзац. Құрамында бірнеше сөйлемі бар, өзара мағыналық байланыстағы бірлік.
2. Мәтіннің екінші (орта) сатысы.
3. Күрделі синтаксистік бүтіндік 1. Бірнеше абзацтан, бөлім, тарау, параграфтан құралатын бүтіндік.
2. Мәтіннің үшінші (жоғары) сатысы.
Оқушының қызметі: Проблеманы тұжырымдау үшін:
Жеке сөздер мәтін бола алам ма? Сөйлем неліктен мәтінге жатады? Абзац деген не? Абзац неліктен сөйлемнен жоғары тұрады? Мұғалімнің қызметі: оларда қандай сұрақ пайда болғанын сұрайды. Егер сұрақ  туындамаса, мұғалім сұрақты өзі қоюы тиіс.
 
ІІІ. Жаңа білім мазмұнын меңгерту және жаңа әрекет тәсілдерін қалыптастыру.
«Ана тілі- Отансүйгіштікке бара жолдың бастауы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі аясында бүгінгі күнгі сабағымыздың тақырыбы «Елдікті еңселендірер ұғымдар»
І.Қызығушылықты ояту сатысы.
Елдікті еңселендіретін қандай ұғымдарды білесіңдер?                                            
Сөз, сөз тіркесі арқылы жазу.
Рәміздер, патриотизм, ұлттық тіл, ұлттық рух, атамекен, тәуелсіздік.
«Серілер» тобының орындауында М.Шахановтың «Рух пен тіл» әні тыңдатқызылады. Ән сөзінің неше шумақтан (абзацтан), қанша сөйлемнен тұратындығы тапқызылып, оның күрдел синтаксистік тұтастық, не күрледі синтаксистік бүтіндікке жататындығы анықтатқызылады.
Сұрақ:  Мәтін қалай берілген?  (Өлеңмен)
 1 – топ Өлеңмен берілген мәтінді қара сөзге айналдырып мәтін құрау.
5 топқа түрлі мәтін беріледі.
«Мәтін аялдамасы» деп аталады.
2- топ
   Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. «Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады» –  деп атап кетті Н.Ә.Назарбаев
   «Қазақстандық патриотизм» ұғымы адам бойына өздігінен қалыптаса қоймайды. Ол ұғымды қалыптастыратын алғы шарттарға мыналар жатады:
Мәтінге тақырып қоя отырып, мәтінді аяқтау.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Олар сол елдің Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы.
    1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. ҚР Мемлекеттік Әнұраны, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы. ҚР Мемлекеттік Туы.
     Мәтінге тақырып қоя отырып, мәтінді аяқтау.
 «Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті. Патриотизм- «Отаным сені сүйем. Сен үшін құрбан болуға даярмын» деген құрғақ сөзді гүмпілдете  беру емес. Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді іспен дәлелде. Ата- анасын сыйлаған шәкірт сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды. Іс деген осы, патриотизм осыдан басталады».Б.Момышұлы
   ҰЛТ патриоты  деген кім?
 
1.Бірінші сөйлем жалғыз өзі мәтін құрай ала ма?
2.Мәтінде неше сөйлем бар?
3.Мәтіндегі сөйлемдер бір-бірімен мағыналық жағынан жағынан өзара байланысқан ба?
4.Сөйлем неше абзацтан құралған?
 
1. Мәтіннің тақырыбы ретінде алынған сөздерге (мағынасы мен қолданылу мақсатына) талдау жасаңдар.
2. Мәтін неге бір ғана абзацтан құралған?
3. Мәтіннен өз тұсында норма болып, қазіргі кезде орфографиялық нормаға жатпайтын сөздік қолданыстарды тауып, талдау.
1. Мәтінде не жайында айтылған?
2. Мәтінді көркем етіп тұрған қандай дыбыстардың қайталануы?
 Қазақты шет елдік қонақтарға қалай таныстырар едіңдер? 
Жазушы, идея беруші, бақылаушы, суретші болып рөлге бөліне отыра топпен жұмыс жүргіземіз.
Оқушыларды ортаға шеңбер ретінде тұрғызып «Шаттық шеңбері» ойынын ойнату.
 
Егер сіз мемлекетімізді дамытамыз деп сенсеңіз , оң қолыңызбен бұлғаңыз;
- Егер сіз қазақ тіліне қамқорлық жасау менің перзенттік парызым деп санасаңыз , бір қадам алға басыңыз
- Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті десеңіз , бір қадам артқа басыңыз;
- Егер біздің еліміздің тағдыры сізді алаңдатса, алақаныңызбен шапалақ соғыңыз;
- Егер өзіңізді патриот санасаңыз, екі қолыңызды жоғары көтеріңіз;
- Егер біздің мемлекетіміз әлемде беделді орынға ие болады десеңіз, екі қолыңызды алға созыңыз;
- Егер еліміздің болашағы сіздің қолыңызда екеніне сенсеңіз, қолдарыңызды ұстаңыз.
МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?
Бірінші белес. (мұны елге жариялау міндетті емес, ішпен біл де жүрекпен сез)
 
Қорытынды:
Сабақты қорытындылау.
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтін қалай жасалады?
- Кез келген сөздер тізбегін мәтін дей аламыз ба?
Ү.Үйге тапсырма.
«Таулар менің таусылмайтын бақытым,
Ал, ырысым- ұлан- ғайыр кең далам...» тақырыбында ойтолғау жазу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мәтіннің құрылымы
Мәтіннің түрлері
Мәтін.
Мәтін құрастыру
Тіл ұстарту, Табиғат таң қаламын тамашаңа
Мәтіннен өткенді қайталау
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Буын түрлері
5 сынып № 1 тест
Әр алуан мәтін түрлерін ажырату
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6394 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык