Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Буын түрлері


Буын түрлері

Сабақтың тақырыбы Буын  түрлері

Сабақтың мақсаты :
а)Буын туралы мәлімет беру,буынның түрлерін ажырата білгізу,буын түрлерін мәтін ішінде қолданып,мәтіннің құрамды бөліктерін,жасалу жолдарына көз жеткізу ;
ә)  Оқушының сөздік қорын молайту,тілін дамыту,дыбыстан сөз,сөзден сөйлем,сөйлемнен абзац,абзацтан мәтін құру арқылы оқушыны сөйлеу шеберлігіне төселдіру ;
б)  Сөздер мен сөйлемдер арқылы,мәтін,суреттер арқылы оқушыларды отансүйгіштікке,адамгершілікке,жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :                                Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,әңгімелесу,талдау,жаттығу,ойын әдісі.
Сабақтың көрнекілігі :                   буын түрлеріне арналған сызба,үлестірмелі парақшалар,суреттер.
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Әнұран айтқызу.оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                      ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
                        Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушылардың білімін бақылау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Фонетика нені зерттейді?                2.дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?                     4.Тіл дыбыстары қалай жасалады?
5.Буын дегеніміз не?                       6.Қатаң дауыссыз дыбыстар қалай жасалады?
7.Ұяң дауыссыздар дегеніміз не?
                                      б)   Жаңа сабақты түсіндіру :
                 Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан ,оның құрамы үнемі бірқалыпты болмайды.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар : 1) Ашық буын ; 2) тұйық буын ; 3) Бітеу буын.
 
1. Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып,дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз : а-ға, ба-ла, қа-ла. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз : а-дам,а-та.
2. Тұйық буын . Дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз : ат,аз,ақ,өрт,ұл,ант
3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып,дауыссызға аяқталған буынды бітеу буын дейміз:тал,төрт,бар,жаз,кел,кең.
Кітаппен  жұмыс :  298-жаттығу. Өлеңді оқып,неше жетім түрі айтылғанын және олардың себептерін айтыңдар.
   Әрбір сөз неше буыннан тұратынын анықтап,оларды буын түрлеріне бөліп жазыңдар.
   Сөздің түбірі буынның қай түріне жататынын айтыңдар.
Білімді бекіту : «Кім тапқыр» ойыны арқылы сабақты қорытындылаймын.
Бағалау :   Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма :    299 – жаттығу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Буын түрлері 5-сынып
Буын. Ашық буын
Буын. Ашық буын
Буын түрлері
Буын
Фонетикалық талдау
Буынның түрлері
Ашық буын
Буын түрлері
Тасымал
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5390 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык