Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мақал – мәтелдер


Мақал – мәтелдер

Мақал – мәтелдер

1. Ата – бәйтерек,

     Бала – жапырақ.
2. Ата – ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең.
3. Ана жақсылығын, ауырсаң білерсің.
4. Ағаны көріп іні өсер,
         Апаны көріп сіңлі өсер.
5. Басыңа іс түссе ,
Жақсы көмектеседі,
Жаман күліп кетеді.
6. Жаман дос көлеңке:
Басыңа күн шалса, 
Қашып құтыла алмайсың.
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.
7. Жаман аттан аяғым артық, 
Жаман жолдастан таяғым артық.
8. Адам досымен мықты,
Ағаш жапырағымен мықты.
9. Отанды сүю отбасынан басталады.
10. Ел – елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
  11.  Туған жердің қадірін
         Шетте жүрсең білерсің.
  12.  Жері байдың – елі бай. 
  13.  Сулы жер – нулы жер,
         Бұлақты жер – тұрақты жер.
  14.  Көлдің көркі – құрақ,
        Таудың көркі – бұлақ.
  15.  Егін ексең - тыңға ек,
        Одан өнер өнім бар.
  16. Сулы жер құрақсыз болмас,
        Таулы жер бұлақсыз болмас.
  17.  Қоян көлеңкесінен қорқады.
  18.  Батар күннің атар таңы бар.
  19. Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.
  20. Құс жеткен жеріне қонады.
  21.  Өнерлі өрге жүзеді.
  23.  Өнерлінің өрісі кең.
  24.  Ақыл көпке жеткізер,
        Өнер көкке жеткізер.
  25. Өнерлінің қолы алтын,
        Өлеңшінің сөзі алтын.
 26. Шебердің қолы көпке ортақ.
 27. Ұста, ұстадан нұсқа.
 28. Ұстамен жақын болсаң, ісің бітер.
 29. Жеті рет пішіп,
       Бір рет кес.
 30. Ұста пышаққа жарымас,
       Етікші етікке жарымас.
 31. Ерлік білекте емес, жүректе.
 32. Ел ұлсыз болмас,
       Жер гүлсіз болмас.
 33. Көз- қорқақ, қол- батыр.
 34. Туған жердей жер болмас ,
      Туған елдей ел болмас.
 35. Батыр туса- ел ырысы,
       Жаңбыр жауса- жер ырысы.
 36. Білекті бірді жығар, 
       Білімді мыңды жығар.
 37. Бейнетсіз рахат жоқ.
 38. Ел іші - алтын бесік.
 39. Бейнетсіз бірлік жоқ.
 40. Ер қанаты – ат.
 41. Еңбексіз тапқан мал,
       Есепсіз кетер.
 42. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
 43. Адамның табиғатсыз күні жоқ,
       Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
 44. Жер – қазына,
       Су – алтын,
       Мал – байлық.
 45. Өнер алды- қызыл тіл.
 46. Бес саусақ бірдей емес.
 47. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
 48. Екеу болсаң, бір-біріңмен кеңес.
       Біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес.
 49. Уәде алтыннан да қымбат.
 50. Теңге үнемді сүйеді.
 51. Тиыннан теңге құралады.
 52. Ырыс алды-ынтымақ.
 53. Байлық- байлық емес, бірлік-байлық.
 54. Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар. 
 55. Жаманға жан жуымас.
 56. Өзі жақсы кісіге бір кісілік  орын бар.
 57. Жақсы- көпке ортақ.
 58. Жақсы сөз –жарым ырыс.
 59. Жақсы –ісімен жақсы.
 60. Су-тіршілік көзі.
 61. Судың да сұрауы бар.
 62. Ата өнері- балаға мұра.
 63. Өнерді көп білетін дана болар,
      Өнерсіздің ісі шала болар.
 64. Өнерімнің өрісі кең.
 65. Басқа пәле- тілден.
 66. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
 67. Ғылым-теңіз, білім- қайық.
 68. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.
      Залыммен жақын болсаң , басың кетер.
 69. Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім.
 70. Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол. 
 71. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
 72. Жеті атасын білмеген-жетімдіктің салдары.
 73. Жеті атасын білмеген-жетесіз.
 74. Әке- балаға сыншы.
 75. Балалы үй-базар, баласыз үй- қу мазар.
 76. Әке-асқар тау.
      Ана- бауырындағы бұлақ.
      Бала-жағасындағы құрақ.
 77. Әкеге қарап ұл өсер,
      Шешеге қарап қыз өсер.
 78. Атаңа не қылсаң алдыңнан сол келер.
 79. Әркімнің өз жері-жұмақ.
 80. Туған жердің ауасы да шипа.
 81. Еңбексіз өмір- сөнген көмір.
 82. Еңбексіз өмір жоқ,
      Ауырсыз жеңіл жоқ.
 83. Еңбек өмірді ажарландырады.
 84. Еңбек мұратқа жеткізер,
      Жалқаулық абыройды кетірер.
 85. Еңбектің көзін ашқан
      Байлықтың өзін табады.
 86. Аз сөз-алтын, көп сөз- күміс. 
 87. Жақсының сөзі- шамдай жарық,айдай анық.
 88. Көп ішінде сөйлеген-көсемдіктің белгісі,
       Көпке сөзі ұнаған-шешендіктің белгісі.
 89. Досың көп болғанға шаттан,
      Дұшпанмен дос болудан сақтан.
 90. Досы көппен сыйлас,
      Досы азбен сырлас.
 91. Дос таппай көңіл тыным таппас.
 92. Жаңа дос келгенде,ескі достың көзінен жас шығады.
 93.  Дос тұтқанды қадірле.
 94.  Шешеннің сөзі-мерген,
        Шебердің ісі-мерген.
 95.  Сөз сүйектен өтеді.
 96.  Тіл қылыштан да өткір.
 97.  Көп сөз- көмір, аз сөз-алтын.
 98.  Көппен көрген ұлы той.
 99.  Ер жігіттің екі  сөйлегені- өлгені.
100. Әлін білмеген әлек.
101. Жері байдың елі бай.
102. Өмір-үлкен мектеп.
103. Мектеп-кеме, білім-теңіз.
104. Ел үмітін ер ақтар,
        Ер атағын ел сақтар.
105. Ойлай білсең, дана боларсың,
        Ойнай берсең дана боларсың.
106. Иттің бәрі тазы болмас,
        Еттің бәрі қазы болмас.
107. Жек көре білмеген адам сүйе де білмейді.

108. Таза болсаң, судай бол,
        Бәрін жуып кетірген.
        Жақсы болсаң, жердей бол,
        Бәрін шыдап көтерген.
109. Жақсы жолдас – жанға серік,
        Жаман жолдас- малға серік.
110. Қайғың болса, досыңа бар.
111. Еңбектің көзін  тапқан, 
        Байлықтың өзін табады.
112. Ер жігіт үйде туып, жорықта өледі.
113. Жер гүлсіз болмайды,ел ерсіз болмайды.
114. Жауын жауса-жердің құты.
115. Ер туса-елдің құты.
116. Еңбек-адамның екінші анасы.
117.  Өнер-ердің қанаты.
         Өнерліге өлім жоқ.
118.  Құссыз көл жетім, елсіз жер жетім.
119. Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық.
120. Адамды заман билейді.
121. Ер- елінде, гүл- жерінде.
122. Ел бірлігі-ел теңдігі.
123. Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді.
124. Бірлігі жоқ ел тозады,
        Бірлігі күшті ел озады.
125. Теңге- тиыннан,
        Ынтымақ-ұйымнан.
126. Ынтымақ болмай, іс оңбас.
127. Шашу-оңай, жинау-қиын.
128. Ағаштың  тамыры- өскен жерінде.
       Адамның жаны-туған елінде.
129. Қыс азығын жаз жина.
130. Мезгілі жетсе, мұз ерір.
131. Қыстың көзі-қырау.
132. Қыстың қамын жаз ойла.
133. Ат-адамның қанаты,
       Ас-адамның қуаты.
134.Ақша кетуге тырысады,
       Есеп ұстауға тырысады.
135.Есепсіз дүние жоқ.
136.Ел болам десең достас.
       Қор болам десең, қастас.
137.Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді.
138.Жүйелі сөз-жүйесін табар, 
       Жүйесіз сөз-иесін табар.
139.Сауатсыздың сөзіне сүрініп құларсың.
140.Дерексіз сөз- нанымсыз.
141.Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.
142.Кітап-алтын қазына.
143.Өз білмегеніңді кісіден сұра, 
       Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
144.Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
145.Ақыл-Алланың бергені,
       Білім-адамның тергені.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Білімді тиянақтау. Септіктер. Ілік септік.
Қазақ әдебиеті пәнінен тест тапсырмалары
Жігіт сұлтаны.
Мақалдар жинағы.
ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ
Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық
Мемлекеттік тіл-менің тілім
Мың бір мақал
Діннің қоғамдағы ролі
Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 12254 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык