Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мен Қазақстанда тұрамын.


Мен Қазақстанда тұрамын.

Мен Қазақстанда тұрамын.

Сабақтың тақырыбы: Мен Қазақстанда тұрамын

Сабақтың мақсаты:    Білімділік : «Қазақстан» тарауына тиісті сөздерді, өтілген материалға сүйене отырып меңгертіп, тілдік қатынаста қолдануды үйрету. Өз ойын толық жеткізе білуге, сұрақ қоя білуге дағдыландыру  

Дамытушылық: Тіл дамыту, ойлау, сөйлеу, қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту

Тәрбиелік :Тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, елін сүюге баулу, отансүйгіштік сезімін ояту.

 Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:ҚР картасы, сызбалар, Көрініс - бейнетаспа

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, таныстыру, сызбамен жұмыс

Сабақ барысы:    І. Ұйымдастыру кезеңі

  • 1.1Амандасу   Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз,  Күлімдеген күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.   Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,  Қуанайық достарым!

Арайлап атқан күнді де  Қуанып қарсы алайық!

1.2Ауызекі сөйлесу

  ІІ.Өткенді қайталау: 

2.1     Сұрақ-жауап     - Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз)

- Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала? (Астана қаласы)

- Елбасымыз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

- Гимннің сөзін кім жазды? ( Жұмакен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

- Гимннің музыкасын (әуенін)  кім жазды? (Шәмші Қалдаяқов)

- Еліміздің нышандары – нелер? (Еліміздің нышандары – ту, елтаңба, гимн)

- Қазақстан қандай ел? (Қазақстан көп ұлтты, тәуелсіз, егеменді ел.)

- Сенің Отаның қалай аталады? (Менің Отаным - Қазақстан)

  • 2.2    Ал енді осы өлең жолдарын дәптерімізге жазып алайық

Отан  - менің ата-анам,

Отан – досым, бауырым,

Отан – өлкем, астанам...

- Осы өлең жолдарынан нені түсіндің?

- Родина – это твои родители, друзья? Родные.

- Өте жақсы, Бүгінгі сабақта біз Отан туралы білеміз

 ІІІ. Жаңа сабақ:

3.1  Жаңа сабақты жариялау, мақсатымен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: «Мен Қазақстанда тұрамын». Сабақта өз Отанымыз туралы қазақша әңгімелеуге жаттығамыз.

3.2    Жаңа сөздерді игерту (Атамекен, өлке, тоғай, сүйеміз, ардақтаймыз)

Атамекен – отчизна, земля отцов    Өлке – край    Тоғай – роща  

Сүйеміз-любим   Ардақтаймыз – ценим

а) сөздерді мәнерлеп оқып, қайталату

ә) орысша оқылған сөздерді қазақша оқыту

б)тән дыбыс бар сөздерді теріп оқып, сол дыбысқа ауызша анықтама беру.

Мысалы: Өлке – сөзде тән дыбыс ө, ө жіңішке дауысты дыбыс

Сүйеміз - сөзде тән дыбыс ү,ү - жіңішке дауысты дыбыс

Сүйеміз - сөзде тән дыбыс і,і - жіңішке дауысты дыбыс

Тоғай - сөзде тән дыбыс ғ, ғ-ұяң, дауыссыз дыбыс

Ардақтаймыз - сөзде тән дыбыс қ, қ -қатаң, дауыссыз дыбыс

3.3 Мәтінмен жұмыс

А)оқу   Ә) аудару   Б)Сұрақтарға жауап беріңіз

Біздің Отанымыз қандай?

Онда нелер көп?

Қазақстанның халқы қандай?

В) тапсырманы орындау  Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазу, дауысты дыбыстардың астын сызып, жун, жіңішкеге ажырату

Үлгі: Отанымыз- о,а,ы- жуан  дауысты дыбыстар; Қазақстан – а - жуан  дауысты дыбыс; Республикасы- е-жіңішке дауысты дыбыс, а,ы -жуан  дауысты дыбыс;Атамекенімізді- а- жуан, дауысты дыбыс; е,і- жіңішке дауысты дыбыстар

ІV. Сергіту сәті.

Аудармашы ойынын өткізу

V. Жаңа сабақты бекіту. 5.1  1- тапсырма Карта б-ша Қазақстанның жерін көрсетеді, атайды.Сабақта жаттап алу

5.2   2- тапсырма   Қайда сұрағына жауап беру арқылы  «Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Астанада тұрамын. Мен Алматыда тұрамын. Мен Петропавлда тұрамын.»сөйлемдерді бірнеше рет қайталатып,жаттықтырылады.

3- тапсырма  Оқылым дағдысын жетілдіре түседі.Етістіктерді 3-шақта жіктетіп жаттықтыру.

VІ. Дағды жұмыстары

6.1 4-тапсырма     Сен қайда  тұрасың?  Сіз қайда  тұрасыз? Ол қайда  тұрады?   

6.2    5 -тапсырма   Сөйлемдерді оқып, Оларға сәйкес суреттерді табу.Сол арқылы лексикалық қорды бекіту.

6.3 6 -тапсырма     арқылы сұрақтарға жауап беру. Тақырыпты қорытындылау.     Қазақстан сөзіне 5 жол өлең арнау

1. не? Қазақстан

2. қандай?  Бай, үлкен

3. не істейді? Сүйеміз,тұрамыз, ардақтаймыз

4. фраза: Қазақстан – бай өлке.

5.ассациация:Отан

ІХ. Үйге тапсырма: Сөздік,  «Отан» туралы 3-5 мақалдарды біліп келу

Х. Оқушыларды бағалау.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мен Қазақстанда тұрамын
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Буын
Фонетикалық талдау
Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
Фонетика
Жуан және жіңішке дауыстылар
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
«Дауысты дыбыстардың емлесі» тақырыбы бойынша
«Дауыссыз дыбыс» тақырыбы бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2321 | Қосты: Насырова Гульжамал Рашмтовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык