Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz



Буын

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың бір ерекшелігі – олардың буын қурайтындығы дедік. Демек, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: а-та, ша-га-ла, ке-ре-мет, т.б. Буынның айтылудағы өлшемі мен жазылудағы түрі бірдей болып келе бермейді. Мәселен, метр, литр  сөздері жазылуда бір буын болғанымен, айтылуда – екі буынды сөздер. Сондай – ақ, кооператив сөзі жазылуда – бес буын,  айтылуда – төрт-ақ буын. Қазақ тіліндегі екі дауысты қатар келгенде, айтылуда  бірінің түсіп қалуы да осыған байланысты. Мысалы: келе алмады, бара алмады дегендер айтылуда ықшамдалып, келалмады, баралмады болып айтылады. Жазуда бұл ескерілмейді. 
Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс саны төрт түрлі болады:
1) бір дауысты буын, яғни жалғыз дауыстыдан тұратын буын: а-ла, ә-ке, о-рақ, ұ-ран, ат, ер, ін;
2) екі дыбысты буын: бала;
3) үш дыбысты буын: көз, бал, ұлт, ант;
4) төрт дыбысты буын: қант, тарс, жұрт;
дауысты дыбыстардың жуан, жіңішкелігімен байланысты буындар жуан және  жіңішке болып та бөлінеді. Сөйтіп, айтылғанда  үзік – үзікке бөлініп, дауысты дыбыстар  мен дауыссыз дыбыстардың алмасып  отыруына байланысты буын ашық буын, тұйық буын, бітеу буын болып үшке бөлінеді.
     Бір дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан (ол қатаң да, ұяң да, үнді де болуы мүмкін) басталып, дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын дейміз.
Ашық буын
Бір дыбысты ашық буын Екі дыбысты ашық буын
Е, со-лай-ма?
А, не дей-сің?
А-та, ә-ке, і-ні, а-на. Па, шіркін! Тамақ же.
Мә, мы-на-ны ал!
Ба-ла, ша-ға-ла

    Екі немесе үш дыбыстан құралып және  дауысты дыбыстан басталып, бір немесе екі  дауыссыз  дыбысқа аяқталған буында тұйық буын дейміз.

Тұйық буын
Екі дыбысты тұйық буын Үш дыбысты тұйық буын
Ат, өт, ор, өр, ер, ұн, үн, ыс, іс Ант, аңқ, өрт, ұлт
     Ортасы дауыста дыбыс болып, екі жағы  дауыссызбен келген үш не төрт дыбысты буынды бітеу буын дейміз.

Бітеу буын
Үш дыбысты бітеу буын Төрт дыбысты бітеу буын
Мал, сол, төс, құс, бұл, қыс, тіс, т.б Төрт, қалт, жалт, тарс, тырс, мырс, т.б

     Егер дауыста дыбысты А әрпімен, ал дауыссызды В әрпімен белгілесек, буынның түрлерін төмендегіше  жинақтап көрсете аламыз:

1) ашық буын – А, ВА
2) тұйық буын – АВ, АВВ
3) бітеу буын – ВАВ, ВАВВ

1. Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Буын түрлеріне ажырат. Үлгі: А-та, ... .
     Жаз, жайлау, ұялшақ, Қазақстан, ұйымдасу, ою, төрт, саяхат, қиық, қуаныш, тату, туысқан, Отан, инелік, көгершін, жауқазын, өмірбаян, данышпан, жайлау, халық, төлқұжат, сазгер, әуежай, әнұран, ұжым, көз, оқу, сыйлық, молшылық, куәлік, уәде, мейман, ау.

2. Бірінші сыңары тұйық буын, екінші сыңары бітеу буын болатын бірнеше сөз ойлап жаз.
Үлгі: Өт-кір, ыс-тық, ... .

3. Берілген ашық буындарға бітеу буын жалғап жаз.
Үлгі: Ба-қыт, ... .

ма-- кө-- тө-- те--
қа-- бұ-- о-- кү--
са-- ше-- ө-- е--
та-- тұ-- а-- кі--

4. Бірінші сыңары тек бітеу буыннан жасалған бірнеше  сөз тауып жаз.
Үлгі: Сақ-шы, Құр-ақ, ...
5. Торкөздерді аз буыннан көп буынға көше отырып сөз тауып жаз.

Бір буынды сөз

Екі буынды сөз

Үш  буынды сөз

Төрт  буынды сөз

Бес   буынды сөз

Алты буынды сөз


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Буын түрлері 5-сынып
Буын. Ашық буын
Буын түрлері
Тест сұрақтары, Фонетика
Тасымал
Фонетикалық талдау
Ашық буын
Буын түрлері
«Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша
Буын Тасымал
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 27836 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык