Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мен және менің отбасым


Мен және менің отбасым

Мен және менің отбасым

  1. Сабақ.

І. Әлеуметтік-тұрмыстық  ая. 38 сағат.

Тақырыбы:  Мен жайлы. 1- сағат.

  1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Сенің есімің кім?
  2. Неше жастасың?
  3. Қай көшеде тұрасың?
  4. Бос уақыттағы ермегің не?

2-тапсырма. Тірек сөздер арқылы өзіңді сипатт

....  жастамын,  .......  тұрамын,  көзім .....,  шашым ......,бойым ....... .

3-тапсырма. Диалготі тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттаңыз. 

  • Сәлеметсің бе?
  • Сәлем!
  • Танысайық. Сенің есімің кім?
  • Менің есімім – Арман.
  • Нешінші мектепте оқисың?
  • Жезқазған қаласындағы № 4 орта мектебінде оқимын.
  • Мен де осы мектепте оқимын.
  • Ендеше ертең кітапханада кездесейік.
  • Сау бол!
  • Кездескенше!

4-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

                Айсұлу 4- сыныптың оқушысы. Ол Жезқазған қаласында тұрады. Ол қазақ тілі пәнін ұнатады. Бос уақытында қызықты кітаптар оқиды. Кітаптарын ұқыпты ұстайды. Аптасына  үш рет балалар кітапханасына барады.

5-тапсырма. Өзің жайлы мәліметтерді толықтыр

                            Мен жайлы.

Менің есімім - ........., тегім- ........ . Мен  ...  жастамын.  ... мектебінде

4-сыныпта оқимын.   ...... пәнін ұнатамын. Бос уақытымда сурет  ........ , кітап ....... .

 

6-тапсырма.  Сөйлемдер  құрастырыңдар.

  1. Мен бүгін  ............. таныстым.                   он бір
  2. Ол ...... .... жаста.                                              Арманмен  
  3. Біз екеуміз ........... .                                          мектепке
  4. Біздің үйлеріміз ........  жақын.                   құрдаспыз

7- тапсырма.  Төмендегі диалогті пайдаланып, парталас көршіңмен сөйлес.

  • Арман , сен қай сыныпта оқисың?
  • Мен 4-сыныпта оқимын.
  • Сыныптарыңда неше қыз бар?
  • Біздің сыныпта 13 қыз бар.
  • Барлығы қанша оқушы?
  • 25.
  • Бүгін сендерде қазақ тілі  нешінші сабақ?
  • Бізде қазақ тілі үшінші сабақ.

8- тапсырма. Мына сұрақтарды қойып бір-біріңмен тілдесіңдер.

 1.Сенің отбасында неше адам бар?

          2. Сен қай айда тудың?               

 3. Әкеңнің аты кім?

         4. Ол неше жаста?

         5. Анаңның аты кім?

         6. Ол неше жаста?

2/ Сабақ. Тақырыбы: Менің отбасым. Көсемше.  

Тату –дружный

Тұңғыш – первенец

Мейірім- милость

Бұлақ -родник

 

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Сенің отбасыңда қанша адам бар?

2. Сіңлің /қарындасың / бар ма?

3. Інің неше жаста?

4. Отбасың тату ма?

2-тапсырма. Тірек сөздер арқылы отбасың жайлы әңгімеле.

Біздің отбасымызда ..... адам бар. Олар : ... , ... , ..., ...  және мен. Інім бар. Шаштары бұп-бұйра. Асық ойнағанды жақсы көреді. Екеуміз татумыз.

3-тапсырма. Үнтаспаны тыңдаңыз, қайталаңыз. 

            Мен үйдің тұңғышымын. Анам мені 25 жасында дүниеге әкелген. Әкем 27 жаста болған. Мен үшін олар мейірімнің сарқылмас бұлағы. Ата-анам менің атымды Наурызбек деп атаған. Атым өзіме ұнайды.

4-тапсырма.  Менің отбасым.

     Біздің отбасымыз үлкен.Олар:атам,әжем,әкем,шешем,ағам,қарындасым және мен. Атам мен әжем-зейнеткерлер. Әкем-ұшқыш. Ол әуежайда жұмыс істейді. Шешем-мұғалім. Ол мектепте жұмыс істейді.Ағам-студент. Қарындасым кішкентай. Мен 4-сыныпта оқимын.Біздің отбасымыз тату.

Көсемше – етістіктің негізгі бір түрі. Жұрнақтары : -а, -е, -й , -ып, -іп, -п

Мысалы :ойланып, сөйлей, санап, күліп,сала

 

5-тапсырма. Көсемше жұрнақтарын қойып шық.

         Сәбит жүгіріп кел.. жатыр. Олар ойлан.. отыр.  Асан сабаққа дайындалма..      келді.

Мен кітапты оқы..  бітірдім. Ол кино көр...  отыр.

\Жұрнақтар: -іп, -п, -й, -е,- ып.

6- тапсырма. Өлеңге көсемшенің қай жұрнағы қажет ? 

 Әзір ас жоқ дүниеде.

Сабақ өзі оқылма.. ды,

Шарбақ өзі тоқылма.. ды.

Көйлек өзі жуылма.. ды,

Белбеу өзі буылма.. ды.

Тұқым өзі себілме.. ді,

Арба өзі жегілме.. ді.

Үйлер өзі салынба.. ды,

Кендер өзі табылма.. ды.    

Тақырыбы:  Менің атам.

1-тапсырма.

  1. тапсырма.  Сөйлемдерді дауыстап оқы.

  Ата.

 

                                  

Менің атам.

Атамның аты – Мырзабек.

Атам алпыс бес жаста.

Мырзабек атам – зейнеткер.

  3-тапсырма.  Қажет сөздер арқылы өзіңнің атаң  мен әжең жайлы әңгімеле.

Менің ........ бар. Олар – зейнеткерлер. Атам .... жаста , ал  әжем ..... жаста. Атам  маған  ......... оқиды. Әжем .......тамақтар пісіреді. Мен атам мен әжемді өте ..................   .

4-тапсырма.  Өлең сөздерін буынға бөл , түрлерін ажырат.

                                                Ата

Айтады ертек жан атам,

Ақ сақалын салалап.

Құмарымды таратам,

Жер мен көкті аралап.

                                                           (С.Мәуленов)

5-тапсырма.  Диалогті толықтырып жаз.

  • Мынау кім ?
  • Бұл - ........
  • Атаңның аты кім ?
  • .....
  • Атаң неше жаста ?
  • Атам ..... жаста.
  • Атаңның неше немересі бар ?
  • Менің атамның .... немересі бар.

6-тапсырма. Атаңды суреттеп жаз.

Үлгі: Атам ауылда тұрады.Атамның  шөберелері бар. Мені үнемі «құлыным» дейді..Мен де оған еркелеймін.Атамның сақалын ақ шалған.Бірақ бар шаруаны өзі тындырады.

 

  7-тапсырма. «Атам» сөзіне дыбыстық талбау жаса.

А-

Т-

А-

М-

 

8-тапсырма. 4-тапсырмадағы өлеңді жатқа жаз.

 

Тақырыбы: Менің әжем.

1-тапсырма.Өз әжеңді суретте.

Әже

Менің әжем.      

Әжемнің аты – Сәуле.

Әжем алпыс бір жаста.

          Сәуле әжем – зейнеткер.

2-тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.

1)Сенің әжең бар ма?

2)Әжеңнің аты кім?

3)Жасы нешеде?

4)Әжең сендермен бірге тұрады ма?

5)Әжеңнің көзі қандай?

6)Ол кісінің мінезі қандай?

 

3-тапсырма.  Өлең сөздерін буынға бөл , түрлерін ажырат.

Әже

Тентек болсам, ашынып,

Жақсы іс қылсам асырып,

Маған сақтап жүреді

Тәттіні  де жасырып.

Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін, әндерін.

Біздің үйде осындай

Әжетайым бар менің.

                                                                                      ( Ф. Оңғарсынова)

4-тапсырма.Өлеңді жатта.

                                   Әже

Мейірімді – жел жібек,

Күндей ыстық құшағы.

Ет жүрегі елжіреп ,

Құлыным деп құшады.

(С.Мәуленов)

 

5-тапсырма. Әжеңді суреттеп жаз.

            Менің әжем келбетті адам. Оның көзі қара, шашы ұзын, бойы орта. Өзі сондай ақжарқын . Мені күнде еркелетеді. Қонақтан келгенде маған сарқыт ала келеді. Әжем бос уақытыңда тоқыма тоқиды.  Мен әжемді қатты жақсы көремін.

6-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар.

  1. «Немере,шөбере» туыстық атауларына анықтама жаз.
  2. Әдептілік туралы 2 мақал жаз.

 

  1. Ата, әже сөздерінен сөз тіркестерін құра.
  2. Сурет бойынша әңгімеле.

 

  1. «Әже» өлеңінің авторы кім ?
  2. Отбасыңда неше адам бар ? Олар не істейді ?

5- сабақ. Менің анашым.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аудар.

      Менің анам – мұғалім.Ол мектепте жұмыс істейді. Қазақ тілі пәнінен сабақ береді. Есімі – Гүлжан . Тегі – Сарбасова. Менің анам балаларды өте жақсы көреді.

2-тапсырма. Мәтіндегі әр сөйлемге сұрақ қой.

3-тапсырма. Телефонмен сұхбаттасыңдар.

 

  • Сәлем,Алтынай!
  • Сәлем, Арай!
  • Алтынай, сенің анаңның аты кім ?
  • Менің анамның аты –Дариға.
  • Әкесінің аты кім ?
  • Нағашы атамның аты – Дінмұхаммед. Ол – Дариға Дінмұхаммедқызы.
  • Қайда жұмыс істейді?
  • Қазір үйде.Жұмыс істемейді.
  • Неге ?
  • Себебі, менің інімді бағады.
  • Сен үйде анаңа көмектесесің бе ?
  • Әрине, көмектесемін.
  • Дұрыс , мен де көмектесемін.
  • Жақсы, Арай.
  • Сау бол, Алтынай!  

4-тапсырма. Сатушы сөзінің өзгеруін бақылап, дауыстап оқы.

      Менің анам – сатушы. Сатушының жұмысы ауыр. Сатушыға шапшаңдық қажет. Ол сатуышыны бүгін көрді. Сатушыда көп тоқаш бар. Мен сатушыдан бауырсақ сатып  алдым. Балалар сатушымен қоштасты.

5-тапсырма. Суретке қарап әңгіме құра.

6-тапсырма.Жаңылтпашты жаңылмай оқы.

 

Есеннің шешесін көрдім.

Шешесін кеше көрдім

Кеше көшеде көрдім.

Көшеде нешеде көрдім ?

7-тапсырма. Сөйлем құрастыр.

анам...

Мен                                                                                сабаққа

Сен                                                                                дүкенге                          бар...

Сіз                                                                                  мектепке

Ол                                                                                  мұражайға

    

6-сабақ.

Тақырыбы: Әкешім –асқар тауым./Ауыспалы осы шақ/

1-тапсырма. Сурет бойынша әңгімеле.

2-тапсырма.  Диалогті тыңда, қайтала.

  • Сәлеметсің бе ,Айдар!
  • Сәлеметсің бе, Серік!
  • Айдар, сенің әкеңнің аты кім?
  • Менің әкемнің аты – Тоқтар.
  • Ол қайда жұмыс істейді ?
  • Ол мектепте жұмыс істейді.
  • Кім болып істейді ?
  • Ол – мұғалім.
  • Қандай пәннің мұғалімі ?
  • Ол тарих пәнінің мұғалімі.

 

3-тапсырма. Көсемшелерді көшіріп жаз.

Әкеме еріп, жиналып,

Қолға қамшы аламын.

Табынды өзім суарып,

Шалғынға айдап барамын.

                                         /Е.Елубаев/

4-тапсырма. Мәтінді аудар.

          Менің әкем – инженер. Ол зауытта жұмыс істейді. Зауытта әр түрлі машиналар

жасайды. Әкем -  жақсы инженер. Әкемнің аты – Айдар. Ол 35 жаста.

5-тапсырма.  Сөз тіркесін құра.

Тұйық буындар:                 

ат, ет, үй,от,ән,он

  1. сабақ.

   Тақырыбы: Менің нағашыларым. /Ауыспалы осы шақ/

1-тапсырма. Ережені тыңда, қайтала. 4 мысал жаз.

Көсемшенің   -а,-е-й тұлғаларына  -тын,-тін жұрнақтарын қосып жіктеу арқылы ауыспалы өткен шақ түрі жасалады. Мысалы: кел е тін сің. 

 

2-тапсырма.Төмендегі ауыспалы өткен шақ етістіктерімен сөйлем құра.

Секіретін

 

Баратынбыз

 

Санайтынсың

 

Жүгіретінмін

3-тапсырма.Оқып, аудар.

                 Менің нағашыларым бар. Олар ауылда тұрады. Нағашы атам мен әжем - зейнеткерлер. Нағашыларым - анашымның туыстары. Менің анам үйінің тұңғышы. Оның бір інісі,екі сіңлісі бар.Мен нағашыларыма жиен боламын.

нағашы – родственники по линии матери

тұңғыш - первенец

жиен – племянник/-ца/

4-тапсырма.Сызба бойынша әңгімеле.

5-тапсырма.Деңгейлік тапсырма.

                   1.Жаңа сөздерді қайтала.

                   2.Суретке қара, нағашы туыстарыңды ата.

                   1.3-тапсырмадағы туыстық атаулармен сөйлем құра.

                   2.Сөйлемдерге сұрақ қой.

       1.Өзіңнің нағашыларың туралы әңгіме жаз.

       2.Ауыспалы осы шақтың жасалу жолына мысал келтір


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің анам
АУЫЛДА
Мен атамды мақтан тұтамын
Менің отбасым
Отбасым-бақытты мекенім.
Менің атам мен әжем 4 сынып
Менің отбасым бақылау үзігі
Әкем мен шешем
Әлеуметтік –тұрмыстық ая
Отбасы мүшелерінің мамандықтары.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 12998 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык