Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2482 |
|
|
|
Нәтиже сабақ
Нәтиже сабақ
(орыс тілді мектепте қазақ тілі сабағы)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың өткен модуль бойынша алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру;
2. Деңгейлік тапсырмалар, сатылай кешенді талдау, танымдық ойындар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, ынтасын арттыру, жүйелі сөйлей білуге дағдыландыру;
3. Орындалатын жұмыстар арқылы елжандыққа, еңбекқорлыққа, жылдамдыққа, тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, ойын, интерактивтік тақтамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, үлестірмелі материал, суреттер.
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткенді қайталау, пысықтау:
1. Жаңылтпаш айту.
Шемішке шақсаң шақ, шапшаң шақ!
Шөбіңді шапсаң шап, шапшаң шап!
Бердім тай, лақты, алдым тайлақты.
Бердім тайлақты, алдым тай, лақты.
Қай тай лақтай, қай лақ тайлақтай?
Көк көбелек көп пе?
Көп көбелек көк пе?
2. Мақалды жалғастыр:
Туған жердей жер болмас....
Күннің шуағы жылы....
Өмір-...
Жердің сәні егін,....
Кітап-....
Өнер-....
Оқусыз білім жоқ-...
Жеті жұрттың тілін біл,...
Жаманға жан жуымас....
Істеу қиын,....
Шегені қаға білмесең, қолыңды ұрасың,...
3. тапсырма
Сюжетті суреттермен жұмыс өткізу. (оқушылар екі топқа бөлінеді, әр топқа сурет беріледі. Олар суреттің артындағы сұрақтарға жауап берулері керек )
Қойылатын сұрақтар: Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген? Табиғаттағы өзгерістер жайлы не айтасыңдар? Суретте кімдер бейнеленген? Олар туралы не айта аласыңдар? Олардың жүзінде қандай ішкі сезімдерді көруге болады? Олардың мінездері қандай деп ойлайсыңдар? Неге? Олар бір-біріне кім болады? Олар не істеп жатыр? т.б.
4 тапсырма.
Интерактивтік тақтамен жұмыс. Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып, тақтада жазылған етістіктерді екі топқа бөлу керек. (алдын ала жазылған салт және сабақты етістіктерді арнайы қаламмен жылжытады)
Жазылған етістіктер: ұрады, сенеді, сүйеді, ериді, ұшады, қысқарады, құрмет тұтады, теңеледі, пісіреді, сенеді, тоқтатады, жинайтын, жуған, тазалайды.
5 тапсырма. Дәптерлермен жұмыс. Сөздерге морфологиялық талдау жасау: ұлттық, ешқашан, сең, шапшаң, әдет-ғұрып, өмір сүреді. Мысалы:
Ұлттық-бұл сын есім, мағынасына қарай-қатыстық, тұлғасына қарай-туынды.
Ешқашан-болымсыздық есімдік. т. б.
6 тапсырма. Перфокартамен жұмыс. (оқушылар етістіктің шақтарын анықтау керек)
І нұсқа
етістік Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ Бұрынғы өткен шақ Жедел өткен шақ Ауыспалы өткен шақ Ауыспалы келер шақ Болжалды келер шақ Мақсатты келер шақ
Барды +
Өмір сүреді + +
Келе жатыр +
Байқалар +
Түсінбес +
Негізделген +
Ойнайтын +
Тыңдамақ +
ІІ нұсқа
етістік Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ Бұрынғы өткен шақ Жедел өткен шақ Ауыспалы өткен шақ Ауыспалы келер шақ Болжалды келер шақ Мақсатты келер шақ
Еріп жатыр +
Төлдейді + +
Басталмақ +
Ойнаған +
Орындамас +
Болар +
Кетпейтін +
Жазды +
ІІІ. Сабақты қорыту. Өткен модуль бойынша мен нені үйрендім? Нені үйренгім келеді? сұрақтарға жауап береді.
Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |