Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Етістіктің шақтары» тақырыбы бойынша


«Етістіктің шақтары» тақырыбы бойынша

«Етістіктің шақтары» тақырыбы бойынша

1. Қай сөйлем сөйлеп тұрған уақытқа дейін әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіріп тұр?
А) Біз жазда өзенге шомылуға баратынбыз.
В) Мен сабаққа дайындалдым.          С) Олар ертең балық аулауға бармақшы.
Д) Ол үйде жалғыз отыр                 Е) Ол ертең келеді.

2. Баяндауышы мақсатты келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсет. 
А) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.      
  В) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз.      С) Кешке алтыбақан құрамыз.
Д) Олардың ақылдылығына ,білімділігіне піріндей сенеді.
Е) Көрмес—түйені де көрмес.

3. Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан  іс-әрекетті тап.
А) Марат маған айтып тұрды.       В) Олар сенің кітабыңды кеше сыныпта алып жүрген.            С) Ол екі бұрын қалаға бара жатқан.
Д) Салтанат сабақ түсіндіріп тұр.         Е) Мақсатым—тіл ұстартып,өнер шашпақ.

4. Баяндауышы ауыспалы келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді тап.
А) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.      
  В) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз.      С) Кешке алтыбақан құрамыз.
Д) Олардың ақылдылығына ,білімділігіне піріндей сенеді
Е)  Атасы бәрін түсінетін.

5. Күрделі нақ осы шақты тап.
А) айтып тұрды             В) алып жүрген             С) бара жатыр еді
Д) оқымай жүр               Е) Сурет салып отырмақшы

6. Етістіктің болжалды келер шақ түрін тап.
А) сөйледі          В) сөйлеген           С) сөйлер        Д) сөйлейді         Е) сөйлеп отыр
7. Етістіктің жедел өткен шақ түрін көрсет.
А) жеткізер       В) жеткізген         С) жеткізетін        Д) жеткізеді      Е) жеткізді
8. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді тап.
А) Қадірледі       В) қадірлейтін       С) қадірлеген емес
Д) қадірлейді              Е) қадірлепті.
9. Қалып етістігін тап.
А) жүр      В) е              С) ет          Д) де               Е) кел
10. Бұрынғы өткен шақта тұрған сөзді тап.
А) танысқан екен           В) танысты            С) танып тұрмын
Д) таниды                    Е) танитынмын


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Етістіктің шақтары
Көктем. Етістіктің шактары.
Етістіктің шақтары
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Нәтиже сабақ
Қазақстандық Калмыков. Етістіктің шақтарын қайталау
Етістік шақтары
«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері тақырыбы бойынша
Етістік шақтарын қайталау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3151 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык