Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үндестік заңы


Үндестік заңы

Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы

Сабақтың мақсаты: 
1/ Білімділік: Оқушылардың үндестік заңы туралы  білімдерін кеңейту, шыңдай түсу, оның түрлерін пысықтау
2/ Дамытушылық:. Өз бетінше ойлау қабілетін, сөздік қорын, тіл байлығын, белсенділігін, қызығушылығын дамыту.                   
3/ Тәрбиелік:  Еңбексүйгіштікке, білімділікке,бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.
 
 Сабақтың түрі:  Жарыс сабағы.
 Сабақтың әдісі: Ой қозғау, сұрақ-жауап, тест, талдау.
 Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, кесте қағаздар,
 Венн диаграммасы, интерактивті тақта.
 
Сабақтың барысы:
 
Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын сұрау.
 
1. /Деңгейлік тапсырмалар арқылы/ 
2. Оқушыларды үш топқа бөлу.
 
1-ші топ: Дауыстылар.
2-ші топ: Дауыссыздар.
3-ші топ: Буындар.
Әр топ өздерінің тақырыбын қорғайды. 
   
1-кезең
1-деңгей
 
1/ Тіл дыбыстары деген не?
2/ Дауысты дыбыстарға тән белгілер.
3/ Дауысты дыбыстардың түрлерін ажырату, салыстыру.
 
2-деңгей
1/ Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
2/ Дауысты дыбыстармен салыстыру.
3/ Дауыссыз дыбыстарға тән белгілер.
 
3-деңгей
 
1/ Буын деген не?
2/ Буынның түрлерін ажырат.
3/ Буын мен тасымал.
 
2-кезең
Интерактивті тақтада берілген сөздерге фонетикалық талдау. Мысалы.
 
 
Сөз дауысты ашық қысаң жуан жіңішке еріндік езулік дауыссыз қатаң ұяң үнді
 
шегіртке е,і + + ++ ++ ш,г,р,т,к +++ + +
 
бақыт а,ы + + ++ ++ б,қ,т ++ +
 
  
 
ЖАҢА САБАҚ
1-кезең. Үндестік заңы.
Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығындағы қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі
немесе үндестік заңы дейміз. 
 
2. Негізі үндестік заңы мынадай болып келеді.
 
1. Түбірдің соңғы буыны жуан болса,  оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады:
мал-шы-лық-та, ал-дыр-ыңдар, қала-лық-тар-ға, жылқы-лар-ымыз. 
2.Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке буынды болады:
мектеп-тер-ің-ді, кел-тір-іңдер, қате-лік-тер-ді, 
мұғалім-дер-ге.
3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады:
 
             бала-лар   дауысты+үнді.  бала-ға     дауысты+ұяң
             жел-ге    үнді+ұяң.              жел-мен    үнді+үнді.
4.Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады: қаз-дар, қаз-ға, жез-ді, мұқтаж-дық.
5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса қосымша тек қатаңнан басталады: мақсат-қа, мақсат-пен, тілек-пен, тілек-ті.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тест сұрақтары, Фонетика
Үндестік заңы
Фонетикалық талдау
Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
Фонетика
Үндестік заңы
Қосымшалардың жазылуы
Буын үндестігі
Үндестік заңы Ілгерінді ықпал
Фонетикадан өткенді қайталау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6440 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык