Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөйлемнің айқындауыш мүшелері


Сөйлемнің айқындауыш мүшелері

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің айқындауыш мүшелері

Сабақтың мақсаты:    а)Сөйлемнің айқындауыш  мүшелері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
                                  ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
                                 б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі:                                   Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
                                а)    Ұйымдастыру кезеңі:  
               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б)     Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлемде кейде бір заттық жағынан айқындап,түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы болады.Осыны айқындауыш дейміз. Мысалы: Біздерге,қарттарға,жастар сияқты өмір сүруге тура келеді. Осы сөйлемдегі айқындауыш – қарттарға,ол біздерге деген толықтауышты айқындап тұр.Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді. Бұл сөйлемде айқындуыш – қарт шахтер; ол Бейсен деген сөзді нақтылап тұр
 
 
 
 
   Оңашаланған айқындауыштың анықтауыштан айырмашылығы бар: анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса,оңашаланған айқындауыш онан кейін тұрады да,өзі айқындайтын сөздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес әрі тұлғалас болады.Сондықтан оңашаланған айқындауыш сөйлемде бастауышты,баяндауышты,пысықтауышты,толықтауышты,кейде анықтауышты айқындайды.
Отарбай,жас мұғалім,сабақты жақсы өткізуге тырысты.Бұл сөйлемде жас мұғалім деген айқындауыш бастауышты айқындап тұр.Оңашаланған айқындауыш та,айқындалатын сөз де атау септігінде тұр.
   Айқындауыш, әдетте,сөйлемде екі жағынан да үтірмен,кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса,онда екі жағынан сызықшамен ажыратылады.
   Мысалы: Олардың бірі – сары сақал,арық,боз - өз ойының жүйріктігін көрсетуге тырысады.Осында айқындауыш – сары сақал,арық,боз.Айқындауыш өз ішінде үтірмен белгіленгендіктен,екі жағынан сызықшамен ажыратылған.
    Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады.Амангелді батыр,Ер Тарғын,Ақан сері, Біржан сал,әнші Күләш,т.б.
   Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен,қос сөздер сияқты,дефис арқылы бөлінеді: жер-ана,әйел-ана,панфиловшы-ұландар,инженер-техник,пәтер-мұражай, т.б.
Жаттығумен жұмыс:       5 8-жаттығу.      Төмендегі сөйлемдерде оңашаланған айқындауыштың қандай сөйлем мүшесін айқындап тұрғанын тап.
 Шығармашылық  жұмыс:   Мына  қосарлы айқындауышты қатыстырып сөйлем құраңдар.
 Абылай хан, жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, әйел-ана, күйші Құрманғазы, би-шешендер, ғалым-ұстаз, әнші Күләш, 
Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.  
Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын. 
Үйге тапсырма:    59-жаттығу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Бірыңғай мүшелер, байланысы, тыныс белгілері
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Тұрлаулы мүшелер
Лепті сөйлем
Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы мүшелер
Толықтауыш
Бастауыш
Бірыңғай мүшелерге, қаратпа сөздерге және оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын тыныс белгілер. Үтір.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 23124 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык