Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі


Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі

Сабақтың мақсаты:  Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, өлеңнің идеялық мазмұнын ашу.
Сабақтың міндеттері: 1. Топтық жұмыстарға дағдыландыру;
2. Ақынның өзіндік мұратын таныту;
3. Сыни ойлауға үйрете отырып, өз пікірін айтуға дағдыландыру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: “Бес жолды өлең”, “Топтастыру стратегиясы”, “Ойтолғау”, “Сатылай кешенді талдау”
Күтілетін нәтиже: 1. Топтық жұмыстарға бейімделеді;
2. Ақын шығармаларында көтерілген адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлға дайындалады;
3. Бұрынғы біліміне  сүйене отырып, жаңа ақпараттармен салыстыруға үйренеді.
Ресурстар: Интерактивті тақтадағы слайдтар, ақын өлеңдерінің жинағы, суреттер, ватман, маркер.
 I.Ұйымдастыру кезеңі:
Жүректерге құятыны – ғажап тіл,
Өмір сырын ұқтырады сабақ бұл.
Еркін елдің сенім артар ертеңі – 
Сәлем бердік, ғажап қыздар, азат ұл!...
       Бүгінгі сабағымызда сіздерден зор талап, биік намыс, терең зерделілікті күтемін.Барлығыңызға сәттілік тілеймін!  
Үй тапсырмасын тексеру: 
                                                       Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
                                                        Маған атақ – ұлтым үшін өлгенім.                                   
                                                                                                     Мағжан 
Ғұмырдария стратегиясы 
1. Туған жері: 
2. Ата – анасы: 
3. Білімі: 
4. Ұстаздары: 
5. Ақындығы: 
6. Мағжан туралы айтылғандар: 
 
Жаңа сабақ:    Ой қозғау "Сакен кім?" 
Сәкенді кім деп айтуға болады екен?
Сәкен –ақын. Сәкен — жазушы. Сәкен –революционер. Сәкен- драматург Сәкен- лирик. Сәкен — қоғам қайраткері, Сәкен- ел қамын ойлаған адам. Сәкен –жазықсыз жаланың құрбаны.
         
  Өзіндік іздену - зерттеу жұмысы.   4-топ «Зерттеушілер» тобының дайындаған  жоба жұмысы қорғалады.
“Сәкен – тұғыры биік тұлға” тақырыбында.
                “Сыр сандық”  - Сәкеннің көңіл – күй лирикаларының ішінде адамға адамның достығы мен ар тазалығының нәзік сырларын шерткен қазақ поэзиясының шоқтығы биік шығармасы. 
      Ақын "Сыр сандық" өлеңін досына хат түрінде жазған. Сезім мен сыр, ой мен образ жымдаса қабысып кеткен бұл өлеңнің ішкі ырғағы, әуезі есіле төгіліп, жібек торғындай судырап тұр. Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ождан, достық пен қастық туралы тебірене сыр шерткен ақын мұзбалақ, зеңгір тау, сыр сандық, сым перне, алтын сарай образдары арқылы эстетикалық-этикалық мұраттарын ірікпей толғаған. 
Сәкен адамның көңіл-күйін, сырын, тұспалдай жырлап, оны биік таудың басындағы кілттеулі сыр сандыққа балайды. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам — дос қана сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауьш ашып, көңілдің күй пернесін баса алмақ.
      Сәкен лириканы тек сезімді жырлаумен шектемей, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн дарытьш, жаңа мұмкіндіктерін ашты. Қазақ лирикасының үздік үлгілерін тудырған ол ізгі де сұлу сезімдердің, айнымас достық пен махаббаттың шабытты жыршысы болды.       
     Сырты сұлу жанның іші де сұлу. Ішкі жан сұлулығынан шыққан өлеңдерінің бірі – «Сыр сандық»
Балалар, жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?
«Сыр сандық » сөзінің мағынасын ашайық.
«Сыр» деген не?
«Сандық» деген не?     «Сыр сандық» дегендегі «сандық» сөзі қандай мағынада тұр?
Ал, «адамның сыр сандығы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Олай болса, Сәкен ағаның айтайын деген сыр сандығы адамның ішкі құпиясы екен.
Символ (рәміз) – әдебиетте ойды астарлап суреттейтін ерекше балама бейне. 
“Сыр сандық шашуы”
Әр адамның ішкі сыры – 
Берік қойма сақталған.
Сол қойманың сыр түкпірін
Достың досы – ақ ақтарған 
       Лирикалық кейіпкер – өлеңдегі ішкі сезімін, көңіл – күйін білдіретін ақынның өз бейнесі, жиынтық образы.  Лирикалық өлеңдегі кейіпкер – ақынның өзі. 
Лирикалық кейіпкер – жаны таза адам. 
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос, санама. 
******************** 
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара, жырласын!
      Сыр сандықтың кілтін ашатын, адал жанның сырын ұғатын досты іздейді. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам – дос қана сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауып ашып, көңілдің күй пернесін басады. Айтқанынан қайтпас табанды, сырға, серті берік шын достар ғана.   “Қолыңда жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін жанама достар ” қарсы қойылған. 
Дос – адалдық, әдептілік, шыншылдық, сенімділік.
Бұл қасиеттерді бойына жинақтаған адам кім? 
(Адамгершілігі мол).
Өлеңнің негізгі идеясы: адал достықты дәріптеу.
Тапсырма   №1
           1 - топ 
Өлеңнің тақырыбы:  
Өлеңнің негізгі идеясы: 
      2 - топ 
Дос,  достыққа байланысты мақал – мәтелдер жазу.
      3  - топ 
“Сыр сандық” өлеңіне сатылай кешенді талдау 
      4 – топ
Бес жолды өлең
Тапсырма   №2 
“Досқа айтылар сыр” ішкі толғаныстарын монолог ретінде жазу 
Жаңа сабақты бекіту: 
        «Сыр сандық» өлеңі ой мен сезім терең қабысқан, өмір, достық, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан туған шығарма. Ақын тек өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ, жалпы адамзатты ғана толғандыратын, жалпы адам баласын ойландыратын құндылықтарды жырлап отыр.
Сұрақ-жауап стратегиясы
1.    Достық деген не?
2. Жақсы досты қалай табамыз?
3. Нағыз достықты жасауға бола ма?
4. Дос қатесін кешіруге, түзеуге бола ма? 
       Нақақтан күйіп кеткен Сәкендей асыл ағаларымыздың обалы – опасыз суайттарда, екі жүзді көлгірлерде, «басыңа бұлт төнсе» іздеп таба алмайтын «көлеңке- доссымақтарда»». Олардың бойында оянбай қалған адамдық қасиеттеріне тамызық болып ояту – біздің адамзат алдындағы борышымыз. 
Үйге  тапсырма :
  Ақынға ашық хат
“Ардағы ауылымның – Сәкен аға” ойтолғау жазу 
Бағалау кезеңі:
   Бағалау парақтарын топ басшыларынан  алып бағалау.
С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні тыңдалады

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Сәкен Сейфуллин өлеңдері
Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы
Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы
Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы
Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңі
Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі
Сәкен Сейфуллин. Наурыз.
Сәкен Сейфуллин “Ақсақ киік”
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 55189 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык