Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сәкен Сейфуллин. Наурыз.


Сәкен Сейфуллин. Наурыз.
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Наурыз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазушы Сәкен Сейфуллин шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.Оқушыларға Наурыз-жыл басы, ұлт мейрамы екендігін , ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Сәкен Сейфуллиннің суреті,интерактивті тақта,наурыз мерекесіне арналған суреттер,бағалау парақшалар.
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап,деңгейлеп саралап оқыту,іздендіру,топтық жұмыс.
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Психологиялық дайындық
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін.
Байыппен жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Міржақып Дулатовтың өлеңі «Наурыз» өлеңін жатқа айту.
– Өлеңнің авторы кім? (Міржақып Дулатов)
– Өлең не туралы?
– Өлең жылдың қай жыл мезгіліне арналған?
(оқушылар өлеңді жатқа айтады)
ІV.Жаңа сабақ
1. – Балалар алда қандай мейрам келе жатыр?(Наурыз мейрамы)
-Наурыз мейрамы қай жылдан бастап аталып келе жатыр?(1988ж)
Қай күні тойлаймыз? (22- наурыз күні)
Қысқаша наурыз мейрамы туралы түсінік беру. ( слаид)
2.Сәкен Сейфуллин. «Наурыз» өлеңімен танысамыз.С.Сейфуллин (1894- 1938) Қарағанды облысы Жаңа арқа ауданында туған. Сәкен- қазақ әдебиетінің өсіп, дамуына үлкен үлес қосқан ақын әрі жазушы. Көне әдебиет үлгілерін жинап, кітап етіп шығарған зерттеуші. Қазақ жастарының оқып, білім алуына зор көңіл бөліп, мектеп оқулықтарын жасауға да қатысқан. Сәкен Сейфуллин жалған жаланың құрбаны болды.(слайд)
3.Оқулықпен жұмыс.(238-бет)
V.Сөздік жұмыс. (слайд)
*Есіп тұр- жел соғып тұр
*Ескектің лебі- соққан жел
* Дүние балқып иіп тұр- Табиғаттың өзгеру, күннің жылуы
(тізбектеп оқыту)
Сергіту сәті

VI .Жаңа сабақты меңгергенін анықтау.
Видео ролик «Наурыз мейрамы»
1-ші топ: Өлеңге сүйеніп,Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып беріңдер.
2-ші топ: Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын мына үлгі бойынша айтып көрейікші.
Қайтеді?
Жаз————- құшақтады, беттен сүйеді.
Су————– жүгірді, былдырлап күлді.
Құстар———— шаттанды, жырлады.
Мал———–жадырады, мәз болды, жаңа жылды қарсы алды.
3-ші топ: Әр шумақты жеке-жеке оқып екі өлеңнің ұқсастығын табыңдар
С.Сейфуллин «Наурыз» М.Дулатұлы. «Наурыз»
Адам да,мал да жадырап жүр Мал мен жануар қуанып жүр
Жаз болды міне Жаз шығып,кеткен қысы Жазбен келген құстар жүр Келіпті жылдың құсы
VII.Жаңа білімді қортындылау:
І топ- «Наурыз» мейрамына байланысты шығарма жазу
ІІ топ- «Наурыз» мейрамында қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?
ІІІ топ- «Наурыз» мейрамына сурет салу
Ойын: "Гүлдер теру"
1.Көктем айларына қандай айлар жатады?
2. Наурыз мейрамы қай күні тойланады?
3. "Еріншек" өлеңінің авторы кім?
4. Мінездеу дегеніміз не?
5."Ана тілі" өлеңінің авторы кім?
6."Жаз келер" өлеңінің авторы кім?
7."Қанат туралы хикая" өлеңінің авторы кім?
VIII .Үйге тапсырма
Сәкен Сейфуллиннің "Наурыз" өлеңін жаттау
"Наурыз" тақырыбына шағын шығарма жазып келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
Қош келдің, Наурыз!
Наурыз Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Қош келдің, Наурыз!
Наурыз –думан.
Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңі
Наурыз – жыл басы
Жыл басы Әз-Наурыз
«Қош келдің - Наурыз».

Автор Ахметова Татьяна Серикбаевна

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Манашы орта мектебі

Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Көрсетілім: 5947 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар