Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөздік құрамның тармақтары


Сөздік құрамның тармақтары

 

Сөздік құрамның тармақтары

Сабақтың тақырыбы: Сөздік құрамның тармақтары

Мақсаты: қазақ тілінде  сөздік құрамға енетін сөздер туралы мағлұмат беріп,жаттығу жұмыстарын орындату

Көрнекілігі:тірек сызба

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ұжымдық жұмыс,салыстыру

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.
 А)Ұйымдастыру кезеңі:

 Оқушыларды сабақ процесіне дайындау. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 Б) Үй тапсырмасын тексеру

144-жаттығу:

1. Жыл мезгілдері суретіне зер салыңдар және сол бойынша мәтін құрап жазыңдар.    Мәтіндегі сөздік қорға енетін атаулардың астын сызыңдар.

 2. Мәтінде іс-әрекетті білдіретін сөздер-баяндау сынды сипатты білдіретін сөздер-суреттеу болады.    Өздерің жазған мәтінде осылардың қайсысы басым екенін айтыңдар.

   

 

В) Жаңа сабақ «Сөздік құрамның тармақтары.

Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады. Тіліміздегі сөздік құрамның тармақтары қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан қазақтың байырғы төл сөздері.Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де, жалпы халыққы түсінікті болып келеді. Мысалы:

 

Интерактивті тақтадан  сызба көрсетіледі, суреттері қоса беріледі.

Туыстықты білдіретін атаулар:

Мал атаулары

Табиғат құбылыстарының атаулары

Аң-құс атаулары

Заттардың түр-түсін сапасын білдіретін атаулар

Ата, әже, ана, әке, аға, іні, сіңілі, қарындас, нағашы т.б.

Жылқы, түйе, қой, ешкі, құлын, лақ т.б.

Күн, ай, жер, бұлт, тас т.б.

Бүркіт,қаршыға, торғай,   түлкі, аю, жолбарыс

Ақ, қызыл, көк, сары, ащы, тұщы т.б.

Қимыл қозғалысқа, әрекетке қатысты сөздер

Анатомиялық атаулар

Тамақ атаулары

Сан атаулары

Есімдіктер

Кел, жүр, сөйле, ал, бар.

Бас, қол, аяқ, көз, мойын т.б.

Ет, сүт, айран, қымыз т.б.

Бір, жеті, тоғыз, елу, жүз, мың т.б.

Мен, сен, сіз, ол, олар, кім, не? Т.б.

Бұл сөздердің қолданылуы адамдардың мамандығына, кәсібіне, білім дәрежесіне байланысты емес. Оларды қоғам мүшелерінің барлығы қолдана береді. Тілдік сөздік құрамында ғылым мен техниканың салаларында қолданылатын, соларға тән сөздер де болады.

Ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында қолданылып соларға телінген арнаулы сөздер терминдер деп аталады. Терминдер ғылымның қай саласына қатысты болса, сол саласында қолданылып, қалыптасады.

1-тапсырма:

Топтастыру әдісі.

                                                                             Әріп

                                                                             Үндестік заңы

Тіл білімінің терминдері:                                 Буын

                                                                             Бастауыш

                                                                             Баяндауыш

 

 

                                                                             Полюс

                                                                             Рельеф

География ғылымының терминдері                Масштаб

Карта

                                                                             Глобус

 

                                                                                      Арифметика

Математика ғылымының терминдері                    Теңдеу

                                                                                      Бөлгіш

Терминдер көп мағынаны емес, бір ғана мағынаны  білдіреді. Дара мағыналық – терминдерге тән ортақ қасиет.Дүние жүзіндегі халықтардың тілінде ортақ қолданылатын терминдер бар.

Мысалы: капитализм, морфология, синтаксис, лайнер, химия т.б.

Мұндай терминдердің дүниежүзіндегі тілдерге бірдей ортақ болып келуі ескеріліп, олар интернационалдық терминдер деп аталады.

 

2-тапсырма:

 Семантикалық картаны толтыру (Оқушыларға кеспе қағаздар таратылады)

 

Мысалдар

Тіл білімі

География ғылымы

Спорт атаулары

Анатомиялық атаулар

Көнерген сөздер

Тамақ атаулары

Карта

 

+

 

 

 

 

Шылау

+

 

 

 

 

 

Теннис

 

 

+

 

 

 

Жүрек

 

 

 

+

 

 

Компас

 

+

 

 

 

 

Дуанбасы

 

 

 

 

+

 

Сөздік

+

 

 

 

 

 

Баскетбол

 

 

+

 

 

 

Фонетика

+

 

 

 

 

 

Масштаб

 

+

 

 

 

 

Футбол

 

 

+

 

 

 

Көз

 

 

 

+

 

 

Қаған

 

 

 

 

+

 

Құрт

 

 

 

 

 

+

Пролетариат

 

 

 

+

+

 

Асқазан

 

 

 

+

 

 

Шұбат

 

 

 

 

 

+

 

 

3-тапсырма: Берілген сөйлемдердің қай салада қолданылатын анықтаңдар:

1.Микроскоппен өсімдіктің ішкі құрылысын қарау үшін, ең әуелі олардан препарат даярлайды. (Өсімдіктер ғылымының саласына)

 

2. Жазық бұрыштың жартысындағы тең бұрыш тік бұрыш деп аталады. (Математика ғылымы саласына)

 

3. Куриль аралдарында вулкандар Теңіз түбінен көтеріліп шығады. (География ғылымының саласына).

 

4.Клетканың ішінде, қабықшаның астында кілегейлі тірі зат протоплазма болады. (Жаратылыстану ғылымының саласына)

 

Жеке оқушылармен жұмыс :

Төменде берілген сөздерге алдымен қосымша жалғап сонан соң сөйлем құрап жазыңдар.   
1. Мен, жаз, өзен, көп ,шомыл.  

2. біз,ауыл,маңы,ағаш,қалың,өс.

3. Айжан,жолдас,кітап бер.               

4. Таңертең,күн,шай,ашық,бол,кеш,қатты,өзгер

 

Білімді бекіту : Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тереңдету әрі тиянақтау мақсатында пысықтауға арналған тестілеу жұмысы таратылады. Орындау үшін 10 минут қажет.

 

ТЕСТ «СӨЗДІК ҚҰРАМНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ»

1.Сөйлемді толықтыратын сөзді тап:

Қоғам мен табиғатты біртұтас жүйе ретінде қарастыратын бірден-бір ғылым саласы қазіргы заманғы -................................

А.Жаратылыстану.

В.Өсімдіктану.

С.Тарих.

D.География

2.Синоним болатын диалектілерді тап:

А.былғары, тері

В.Қоржын, қалта

С.Түбек, шүмек

D.Ауқат, тамақ.

3. «Метро», «Ноутбук», «Файл» терминдері қандай сөздер?

А.Лингвистикалық;

В.Халықаралық

С.Неологизмдер;

D.Физикалық

4.Интернационалдық терминдерді тап.

А.Құрлық, атмосфера, су айналымы;

В.Құдірет, сыйластық,әдебиет

С.Өндіріс, аммиак, көміртек

D.депутат, биржа, валюта

  1. Қай сөйлемде термин бар?

А.Балалар балық аулауға кетті.

В.Жазда өзен жағалауына барып демаламыз.

С.Реакция жылдамдығының өсу құбылысын катализ деп атайды.

D.Атамның аулына қонаққа бардым.

6. «Тырық, көтерем» диалект сөздерінің әдеби баламасын тап.

А.арық

В.зәулім

С.шалғай

D.кішкентай

7. Діни терминді тап.

А. Сүре

В.Ұжым

С.Сайлау

D.Мейман

8. «Магнит өрісі», «Индукция» қандай сөздер?

А.Тіл білімі

В.Халықаралық

С.Спорттық

D.Физикалық

9. Ядро заряды бірдей атомдар түрін .............элемент дейміз. Сөйлемді толықт ыратын сөзді  тап.

А.химиялық

В.физикалық

С.лингвистикалық

D.халықаралық

10.Қай сөйлемде термин бар.

А.Ағаштың ішіндегі ерте көктейтіні-қайыңдар.

В.Механикалық қозғалыс дегеніміз дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгерісі аталады.

С.Алматы апортының өзіндік тарихы бар.

D.Туған жері, Отаны туралы жыр шертпейтін ақын бар ма?

 

Бағалау:  9-10 дұрыс жауап          -    «5»

                  7-8  дұрыс жауап  -    «4»

                  5-7  дұрыс жауап    -  «3»

                  1-4 дұрыс жауап  -              «2»

 

Үйге тапсырма:

Қазақ тілінің сөздік құрамы туралы оқып келу.

145-жаттығу.Сөйлем құрау

 

Бағалау: Оқушыларды үй тапсырмасының орындалу барысына,жаңа сабақта берген жауаптарына, сабаққа деген ынтасына қарай бағаланады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Термин сөздердің ғылым мен техника саласына байланыстылығы
Сөздік қор
Лексика
Кәсіби сөздер мен терминдер
Лексикология
Тілдің сөздік құрамы
Сөздік қор
Сөздің қолдану өрісіне байланысты түрлері
«Көнерген сөз», «Жаңа сөз», «Диалект сөз» тақырыптары бойынша
Сөздік құрамның тармақтары
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 10502 | Қосты: Мухсинова Айгул Мухсиновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык