Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2176 |
|
|
|
Сан есім
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Мақсаты: Оқушыларға сөз таптары оның ішінде сан есімнің жасалу жолдарын меңгерте отырып,пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
Білімділік:
Пән бойынша білімдерін қалыптастыру. Білім,білік дағдыларын арттыра отырып,білім дәрежесін көтеру;
Дамытушылық:
Сөйлем ішінен сан есімді тауып,оған дұрыс сұрақ қоя білу,ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу дағдысын,дұрыс жазу,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,патриоттыққа,Отансүйгіштікке,ізденмпаздыққа,еңбекқорлықа,сыпайылыққа баули отырып,өз ісіне жауапты болуға үйрету.
Сабақ типі:саяхат сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік,ой қозғау,шығармашылық жұмыс,жеке-топтық жұмыс,өз бетімен жұмыс
Құрал-жабдығы: Интерактивті тақта,оқулық,дидактикалық материалдар,ойындар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа даярлығын,қатысуын тексеру
Психологиялық дайындық:
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім
Абай ,Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Балалығым,бақытым қазақ тілім-деп сабағымызды бастаймыз
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау және оларды бағалау
ІІІ .Жаңа материалды игерту
«Сан есім» ережесімен таныстыру.Осыдан кейін оқушыларға «Саяхат»сабағының мақсатын түсіндіремін.
-Ал балалар біз бүгін саяхатқа шығамыз.Саяхатта біз сендериен көп нәрселерді көреміз. Түрлі кедергілерге кездесеміз.Солардың бәрін жеңіп,біз бүгін осы сабақта сөз таптарының ішіндегі «Сан есім» еліне жетіп,саяхаттан көңілді оралуымыз керек.
І.Бірінші бекетке келеміз. Ол бекет-«Сөз табы» бекеті.Оның қақпасы жабық,аузында құлып тұр.Оны ашу үшін кілт керек. Кілт қоржында.Тақтаға шыққан оқушы тапсырманы дұрыс орындаса ,үлкен үйге кіру үшін кілтті алады. Оның сыртында сұрақ тапсырма жазылған. (Өткенді пысықтау)
-Сөз табы дегеніміз не?
-Тілімізде неше сөз табы бар?
ІІ. Екінші бекетке келеміз. Ол «Зат есім» бекеті Анықтаама дұрыс айтылса,үлкен зәулім үйді сыртқы есігі ашылады.
-Зат есім дегеніміз не?
Бір сурет бойынша сөйлем құра.Құраған сөйлемдерден зат есімді табамыз.Кіріп келсек жабық 3бөлме тұр.
ІІІ.Келесі бекет «Етістік» бекеті
Бұл бекеттің тапсырмасын орындасақ,үш бөлменің біреуәнәң есігі ашылады.
-Етістік дегеніміз не?
-Оның қандай түрлері бар?
Келесі бекет «Сын есім» бекеті
Бұл бекеттіің тапсырмаларын орындасақ,бөлменің есігі ашылады.
-Сын есім дегенімі не?
-оның түрлерін ата
-алмұртты сипатта
Соңғы бекет «Сан есім» бекеті.Оқулықпен жұмыс. Балалар бұл бекетте көптеген қызықтар бар.Әр бірін біз терең білу үшін тапсырмалар орындауымыз керек.
Оқулықпен жұмыс:
1.Оқулықтың тапсырмасы
9-10 жаттығуларды орындау
Балалар,біз біраз демалайық
Сергіту сәті
1,2,3 бойға жинап күш
Біз бақытты баламыз
Әдемі етіп жазамыз
Дәптермен жұмыс
2.Дәптердің тапсырмасы.Күннің жадын жазу.Көркем жазу.
Жеті қасиетті сан.
11-14 жаттығулар
3.Балалар саяхатты ары қарай жалғастырады. Алдарынан «ақ кептер» ұшып шыға келеді. Аузында тістеген хаты бар. Бір оқушы хатты алып оқиды. Құрметті жас саяхатшылар,сендер саяхатқа бара жатқан сан есім еліне келемін.Қазір оқулықта берілген «Кім тапқыр?» ойыны ,15-жаттығу.
Міне балалар сендермен «Сан есім» еліне келіп жеттік.
ІҮ.Сабақты қорыту.
Тірек сөздер бойынша сабақты тиянақтау.
Ү.Бағалау
ҮІ.Үйге тапсрыма беру.12,13-ФФ жаттығу.Ереже жаттау.
Кумарова Айнур Султаналиевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Қараой мектеп-балабақшасы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |