Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Зат есім



Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың  мақсаты:
      Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып,сұрақтар қоя    білуге үйрету.
     Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
       Сауатты,көркем жазуға,өзара ынтымақтастыққа,шапшаң ойлай білуге баулу.
Көрнекі-құралдар:интерактивті тақта,компьютер,Microsoft PowerPoint презентациясы, бағалауғаарналған көрнекіліктер
Сабақтың түрі:  аралас сабақ
Сабақтың  барысы:  
Cабақтың ұраны:
Қазақ тілім-өз тілім дара   тілім. 
Абай,Мұқтар сөйлеген дана  тілім. 
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі  сені 
Болашағым,бақытым қазақ тілім 
Сабақтың  барысы:  
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Психологиялық дайындық орындау.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
ІІ.Ой қозғау:
Біздің еліміз–ҚазақстанРеспубликасы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Ел болашағы-білімді ұрпақ»-деп сіздерге үлкен сенім білдіруде.Өздеріңіз білесіздер,Қазақстан жер көлемі үлкен,экономикасы мен мәдениеті дамыған ел.
Елбасымыз еліміздің әлі де қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуына  жұмыстануда.Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне,гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек
ететіндеріңе менің де сенімім мол.Сондықтан «біз әлі кішкентаймыз» демей,осы күннен  мамандық таңдауды армандауымыз керек екен.Біздің бүгінгі сабағымыз да  мамандық  таңдауға байланысты.Іштеріңде қандай да болмасын мамандықты таңдап жүрген оқушылар бар ма?
Нағыз адам боламын!
Бүгін титтей баламын,
Әлі-ақ жігіт боламын.
Сонда, мүмкін, мен ғалым,
Әлде шофер болармын.
Ел сыйлайтын мұғалім,
Әлде шахтер болармын.
Сонда ұста, не артист,
Не дәрігер болармын.
Әлде,әлде,білсеңдер,
Жалғыз ғана талабым,
Ер жеткенде,ел сенер,
Нағыз адам боламын.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Мамандықтың бәрі жақсы.Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.
Олай болса,мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.
Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»
 
Сөз таптары Зат есім Сан есім Сын есім Етістік
алма +
барды +
жеті +
қызыл +
тарақ +
оқыды +
қоңыр +
он +
 
ІV. Жаңа сабақ.
2.Балықшы тапсырмасы: «Сөзжұмбақты  шешіп көр».
Ерекше жолдағы сөзге түсіндірме жұмыс жүргізу.
 
       Ережені түсіндіру жұмысы.
      Дәптермен жұмыс.
      Көркем жазу сәті:Зз әрпі.
      V. Жаңа сабақты пысықтау.
1.Дәрігер мамандығының тапсырмасы:Мақалды көшіріп жаз. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
VI.Сергіту сәті:
Аппақ болып таң атты,
Түтін тік боп шығады.
Гүлге қонған көбелек,
Самғап биік ұшады.
Қоюланып қара бұлт,
Төкті жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек
VІ.Шығармашылық жұмыс.
Тігіншінің тапсырмасы: Өз бетінше жұмыс.377-жаттығу Суреттегі не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазу.
VІІДәлелдеу.
Сазгердің тапсырмасы:379-жаттығу.Сөздерді оқып,зат есім екенін дәлелдеу
VІІІ.Ойын «баспалдақ».
Суретшінің тапсырмасы:
2,3,4,5,6,7әріптен тұратын заттың атын білдіретін сөздерлі тауып жазу.
 
ІХ.Қорытындылау:
Құпия кестедегі сұрақтарға жауап беру.
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
3.Зат есімге мысал келтіру.
Х.Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі  алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық. 
378-жаттығу. 
Кім?сұрағына жауап беретін зат есімдерді бір бағанға,не? сұрағына жауап беретін зат есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.
ХІ.Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Дара және күрделі етістік.
Сөз таптары
Жалқы есім
Сөз таптары
Зат есім
Сан есім
Зат есім. Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту
Сан есім
Жалпы және жалқы есім
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2268 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык