Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Себеп бағыныңқылы сабақтас


Себеп бағыныңқылы сабақтас

Себеп бағыныңқылы сабақтас

Күні:   19.02.2015 жыл                    

                             Сынып:  8а,ә

  Сабақтың атауы

Себеп бағыныңқылы сабақтас

Сілтеме

8-сынып оқулығы, қазақ тілі (Ш.К.Бектұров), мұғалімдерге арналған нұсқаулық;

Жалпы мақсаттар

Құрмалас сөйлемнің құрамына кіретін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшелігін және  өзіне тән қасиеттерін меңгерту.

Оқыту нәтижелері

·        Құрмалас сөйлемнің  ерекшілігін ескере отырып, сабақтас құрмалас екенін ажыратады.

·        Басыңқысы мен бағыныңқы сыңарын ажырата алады.

·        Басыңқы сыңарынан бағыныңқы сыңарына сұрақ қою арқылы себеп бағыныңқылы сабақтасты ажырата алады.

·        Жасалу ерекшелігін біледі.

Негізгі идеялар

ü Оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, сабақты топтық және жұптық, жеке жұмыс жасау арқылы меңгерту.

ü Оқушылардың қызықтыратын стратегиялар арқылы сыни ойлауға, өздігінен шешім қабылдауға, өзін-өзі оқытуға итермелеу.

ü Өзіне деген сенімінін жоғалтауға ықпал ету

ü «Қателік» кез-келген істің ажырамас бөлігі екенін түсіндіру 

Тапсырма

1.     Топқа бөлу

2.     «Көкпар» талқылау құралы

3.     Кітаппен жұмыс

4.     «Аударыспақ» талқылау құралы

5.     «Жамбы ату» талқылау құралы

6.     Кері байланысты толтыру

7.     Критериалды бағалау

 

  

    Мұғалімнің  жазбалары

  

 

Сабақ кезеңдері

Керек жабдық-тар

Оқыту  модулі

Мұғалімнің

 іс-әрекеті

Уа-қыты

 

Оқушылар-дың

 іс-әрекеті

Уақы-ты

Сабақтың тақырыбын ашу

Асық  салынған дорба

 

ОЖӘТ

ОБЖК

 

Оқушыларды асықтар арқылы  топқа бөлу. Бір сөйлем арқылы тақырыпты ашу.

 

 

 

1 мин

Оқушылар алған асықтарының түстеріне қарай топқа бөлінеді. Сөйлемді анықтап, тақырыпты ашады.

 

 

1 мин

Тақырыптың ерекшеліктерін «Көкпар» талқылау құралы арқылы түсіндіруге жол ашу

Постер,

түрлі-түсті қаламдар

 

 

СТОҮ

ОЖӘТ

ОҮБ

ОБЖК

АКТ

 

 

Себеп бағының-қылы сабақтастың жасалу жолын түсіндіру (қосымша)

 

 

2мин

Оқушылар берілген сөздерге сөйлем құрап, бағыныңқы сыңарына сұрақ қояды

(қосымша)

 

10 мин

Қалыптасқан түсінікті арқылы жаттығу орындау және «Аударыс-пақ» талқылау құралымен сөздерді жеке өзі қолдану

Оқулық,  қалам, дәптер,

екі орындық

ОЖӘТ

ОБЖК

СТОҮ

Оқушыларға оқулықтағы 193-жатты-ғуды орын-дату.

«Аударыс-пақ» талқылау құралы арқылы білімін қолданады (қосымша)

 

 

 

1мин

Оқушылар берілген жат-тығуды орындайды.

Екіден шығып «аударыс-паққа» қатысады

 

 

 

9мин

«Жамбы ату» талқылау құралы арқылы тақырыпқа жан-жақты талдау жасау

Үлестірме қағаздар немесе слайдтар

 

СТО

ОЖӘТ АКТ

ОБК

 

Стратегия арқылы тақырыпты әр қырынан қарастыруға жол ашу

(қосымша)

 

1мин

Оқушыларға берілген тапсырманы жеке шешуге тырысады

(қосымша)

 

7мин

Сабақ туралы 4 сөйлем және кері байланыс арқылы білімді жинақтау

Асықтың әр қыры бейнелен-ген суреттер

ОЖӘТ

ОБК

ТЖДБО

Сабақ туралы 4 сөйлеммен пікір білдіру.

Оқушыларға толтыру үлгісін түсіндіру

 

1мин

Оқушылар берілген тапсырманы, кері байланысты белгіленген уақытта орындайды

 

3мин

Бағалау

Критерийлер жазылған парақша-лар және бағалау парақтары

ОБ

ОБК

СТО

Топты және жеке оқушыларды бағалату

 

 

2мин

Топтың лидерлері топты және жеке оқушыларды бағалайды (топпен ақылдаса отырып)

 

 

6 мин

Сабақ уақыты  45 минут

9 мин

 

36 мин

               

 

 

Қосымша

  1. Оқушыларға бүгі-көк, шігі-қара,тәйкісі-сары,алшысы-қызыл түске боялған асықтарды үлестіре отырып, 4 топқа бөлу.

Топқа бөлінген оқушыларға мына сөйлемді ұсынып, тақырыпты ашу. «Асықтар әр түрлі түске боялғандықтан, біз 4 топқа бөліндік» деген сөйлемді талқылау арқылы тақырыпты анықтаймыз.

  1. «Көкпар» талқылау құралы арқылы себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолын анықтау. Себеп бағыныңқылы сабақтастың 4 түрлі жасалу жолы ұсынылады. Әр қосымшаларды бағыныңқы сыңарының баяндауышына жалғау арқылы 4 топ өзінше сөйлем құрап, бағыныңқы сыңарына сұрақ қойып,талдайды. Жасалу ерекшелігін ескереді және түсіндіреді.
  2. «Аударыспақ» талқылау құралы оқушылардың тілін дамыту мен сөз тапқыштығына негізделген. Ортаға қарама-қарсы орындыққа екі оқушы отырады. Бірінші оқушы себеп бағыныңқы сабақтастың бірінші сыңарын айтады, екінші оқушы екінші сыңарын айтып толықтырады. Келесі де керісінше қайталайды. Екі оқушының бірі сөз таппай қалғанша осылай 4-5 сөйлемге дейін жалғастырады. Екінші сыңарын не болмаса біріші сыңарына сөз таппай қалған оқушы орынын босатып, қалған оқушы жеңімпаз болады. Болмаса екеуі тең түсуі мүмкін.
  3. «Жамбы ату» талқалау құралы арқылы оқушы жеке жұмыс жасайды. Берілген сөйлемдердің қалай жасалғанын айтып түсіндіреді.
  • Бәйбіше жанымды сығып бара жатқан соң, мені ашу кернеп кетті. (Б.Майлин)
  • Бәкен де ауылдық кеңеске мүше болып өткендіктен, бұл ойларын жарыққа шығарады деп ойлап еді.
  1. Сабақтың өтуіне байланысты пікір ретінде 4 сөйлем құрап оқиды. Сөйлем тек себеп бағыныңқылы сабақтастан болу керек.

Асықтың төрт жағы бейнеленген кері байланысқа оқушылар өз жазбаларын түсіреді.

  1. Оқушылар критерилер арқылы жеке және топты бағалайды.

Үй тапсырмасын беру. Сыртына үй тапсырмасы жазылған тәттіні үлестіріп шығу.

 

Оқушыны бағалау критерилері (қазақ т)

 

Критерилер

 

 

Дискрипторлар

 

Ортақ балл

 

А критериі

ТЕОРИЯ

 

0.       Төмендегінің ешқайсынын жауап бермейді.

1.       Жасалу жолын білмейді.

2.       Жасалу жолын  біледі.

3.       Жасалу жолын жартылай біледі.

4.       Жасалу жолық толық біледі.

5.       Жасалу жолын біледі, оны іске асыруға пайдаланады.

 

 

В критериі

ПРАКТИКА

 

0.       Төмендегінің ешқайсы емес

1.       Берілген жаттығуларды орындамайды

2.       Берілген жаттығуларды  орындайды

3.       Берілген жаттығуларды жартылай  орындайды

4.       Берілген жаттығуларды толық  орындайды

5.       Берілген жаттығуларды толық орындайды, кез-келген жағдайда білімін пайдаланады.

 

 

С критериі

АНАЛИЗ,СИНТЕЗ

 

0  .  Төмендегінің ешқайсысы емес.

1.       Сөздерді талдай алмайды.

2.       Сөздердің біреуін ғана талдайды

3.       Сөздерді жартылай ғана талдайды

4.       Сөздерді толық талдайды.

5.       Сөздерді толық талдайды және басқалардан айырмашылығын біледі

 

 

D критериі

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

 

0.      Төмендегінің ешқайсысы емес

1.      Берілген тапсырманы орындамайды.

2.      Тапсырманы орындауы нашар

3.      Тапсырманы шала орындайды

4.      Тапсырманы толық орындайды.

5.      Тапсырманы толық орындайды, шығармашылығы жоғары

 

 

 

Бекітілді: _____________________________

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жаттығу жұмыстары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сын-қимыл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мезгіл бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 10618 | Қосты: Ернат Рахым Мэлсұлы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык