Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шешенге қойылатын талаптар


Шешенге қойылатын талаптар

Сабақ тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар

Мақсаты: Білімділік: шешендік өнер туралы алған білімдерін бекіту,
                   ойларын ортаға салып қорыту.
                   Дамытушылық: шешендік сөздерді оқыта отырып, оқушы 
                   бойына көркем, әдеби сөйлеу өнерін дамыту, шығармашылық
                   ізденістерін арттыру.
                   Тәрбиелік: шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баулу және
                   туған елінің тарихын , әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: пікірталас сабағы
Сабақтың әдіс- тәсілі: сөз әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ой
                   қозғау, жазылым, тыңдалым, оқылым, тест сұрақтары мен 
                   сөзжұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд, плакат,            
                   карточка, бағалау парағы, тақта, 
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих, химия, өмірмен байланыс
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі:
                                    2 Үй тапсырмасын тексеру:
                                    Тест сұрақтары
1 Шешендік сөздің түрлерін тап.
а) арнау, толғау, дау
б) жуан, жіңішке, ашық, қысаң
с) аралас, сабақтас, салалас
 
2 Құрмалас сөйлемді тап
а)  Белгісіз солдат ағаш арасына сүңгіп кете барды.
б)  Соқаның тісі тонға тисе , ауызың майға тиер.
с)  Мен- бастауышы.
 
3 Қазақтың алғашқы биі кім болған?
а) Малайсары би
б) Төле би
с) Майқы би
 
4 Қосымшаның неше түрі бар?
а) 4
б) 2
с) 3
 
5 Шешендік арнау дегеніміз не?
а)  бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл , бата
б)  заттық мәселелерді зерттейтін әдет заңы
с)  шешендік мақал, нақыл, мысал, жұмбақ
 
6  Сөздік құрам деген не?
а)  Жалпы халыққа ортақ сөздер
б)  Тілдегі сөздердің жиынтығ
с)  Қолданыстан шығып қалған сөздер жиынтағы
 
7 Қазақ шешендік өнері неше кезеңнен тұрады?
а) 5
б) 6
с) 4
 
8 Тәуелденген сөзді анықта.
а) ұстазбын
б) ұстазға 
с) ұстазым
 
9 Қазіргі шешендіктің түрлері қанша?
а) 3
б) 6
с) 5
 
10 Жақсыз сөйлемді тап
а) Сабақтан кешігуге болмайды.
б) Балалар кітанханаға кірді
с) Ауыл. Топталған адамдар.
 
Жаңа сабақ: Балалар бүгін біз шешенге қойылатын талаптармен таныса отырып, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін біліп , үйренеміз.
         «Шешендік- білім нәтижесі» деген Цицирон шешен болу үшін ең басты үш нәрсеті атап көрсеткен.Ол:
Адам бойындағы талант
Терең білім
Қалыптасқан дағды
         Шешендік өнер – ұлы өнер. Оны игеру, оған ие болу оңай іс емес. Сондықтан да шешендерге артылар жауапкершілік пен қойылатын талап та үлкен
 Шешенге қойылатын талаптар:
Біріншіден- тілдік қабілеті мол
Екіншіден- білімділік
Үшіншіден- шыншылдық
Төртіншіден-сөйлейтін мәселені 
                        анық білу
Бесіншіден- жинақылық
Алтыншыдан – аңғарымпаздық
          
          Шешен адам көпшілік алдында сөйлейтін болғандықтан, шешен өзін ұстау әдебін біліп, мәдениеттілік сақтауы тиіс.
 
Шешеннің өзін ұстау әдебі мен мәдениеті
Біріншіден- бет-жүзі, дене қимылы шешен сөзінің табиғатына сәйкес болуы тиіс
Екіншіден- бет-жүзі, дене қимылы көмекші құрал болуы тиіс
Үшіншіден- ым- ишара шешен сөзінің әсерлігін арттыруы тиіс
Төртіншіден- ым- ишара табиғи болуы тиіс
Бесіншіден-дауыс саздылығы, мақам, сөз ырғағы, кідіріс
 
Жаттығу жұмысы: 81-бет 75 – жаттығу тапсырма
Берілген тақырыптар төңірегінде ой алмасу.
1 Мұнай өндірісі- Қазақстан бюджетінің ең маңызды кіріс көзі болып табылады.
2 Айналымдағы ақша саны көбейген сайын, өның құны кемиді.
3 Қоғамды дамытудағы шағын бизнестің рөлі.
Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топтың өз атауы болады. Топ басшылары тобының атын таныстырады. Топ басшысына бағалау парақтары таратылады.
 
“Өткенге қарайық” Сөзжұмбақ
1 Достық сөзінің антонимі
2 “Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интелегент емес”- деген кім?
3 “Тіл байлығы, тіл тазалығы- ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі белгісі” – деген кім?
4 Жаңбыр жауса, жер жетім.
Басшы болмаса, не жетім?
5 Қазақтың ең тұңғыш саяхатшы ғалымы 
6 Шешендік сөздің бір түрі?
7 “Шутка сөзін аудар”
8 Кіші жүздің биі кім болды?
9 “Искусство” сөзін аудар
10 “Құтты білік” жазба әдебиетінің авторы кім?
11 Тәуке ханның ордасында қазақтың  әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы қалай аталды?
12 Пікірталастың бір түрі
Соңында «Шешендік өнер» деген сөз шығады.
 
Сөйлем талдау, тақтамен жұмыс.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылдың 18- қаңтар айында қазақ халқына жолдауы берілді.Оның тақырыбы:   «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» дейді. Ендеше біз мына бір сөйлемге талдау жүргізейік. 3 оқушыны тақтаға шығарып синтаксистік, морфологиялық, фонетикалық талдау жүргіздіртем.
         «Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» .
 
Деңгейлік тапсырмалар.  3 оқушы тақтада талдау жұмысын жасап жатқан сәтте, сыныптың өзге оқушылары деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі.
Сергіту сәті.
 
Карточка 1
1 Дауысты дыбыс деген не? Түрлеріне ажырат
2 Тұрақты сөз тіркесі деген не? Мысал келтір
3 Жіктік жалғауларын ата. Мысал келтір
 
Карточка 2 
1 Ықпал деген не , неше түрі бар, ата, мысал келтір.
2 Салт және сабақты етістік деген не? Мысал келтір.
3 Сөйлем мүшелері деген не? Неше түрі бар? Ата.
 
Карточка 3
1 Тәуелдік жалғауларын ата.Мысал келтір
2 Омоним деген не? Мысал келтір
3 Деректі және дерексіз зат есім деген не? Мысал келтір
 
Карточка 4
1 Есімшенің жұрнақтарын ата.
2 Салалас құрмалас сөйлем деген не?
3 Диалект деген не? Мысал келтір
 
Карточка 5
1 Табу.Мысал келтір.
2 Орфография мен орфоэпияның айырмашылығы неде? Мысал келтір
3 Осы шақ етістік. Мысал келтір.
 
         Оқушылардың тілінің дамуын, бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін байқау барысында “ Мектеп ережесі әрқашан сақтала ма?” – деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру.Өқушылар 2 топқа бөлініп, өз ойларын ортаға салады. төңірегінде сынып оқушылары жақтаушы топ және даттаушы топ болып, екіге бөлінеді де, пікірлерін ортаға салады.
Бекіту: Шешенге қойылатын талаптар
Қорытынды. 
Оқушы білімін бағалау
Үйге тапсырма:
84 –бет 76- жаттығу
Берілген тақырыптар төңірегінде ой бөлісу. 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шешен. Шешенге қойылатын талаптар
Лексика, Омоним, Синоним, Антоним
Сынақ
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері
Қазақ тілінен эмтихан билеттері
Көнерген сөз тақырыбын қайталау
Шешендік өнер
Ұлттық шешендік өнер
Шешен билер. Ашық сабақ
Шешендік сөздер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7698 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык