Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 7335 |
|
|
|
Ұлттық шешендік өнер
Ұлттық шешендік өнер
Сабақ реті Өтілетін тақырыптар Сағат саны Мерзімі
І. Кіріспе 2
1 Сөз шеберлігі 1
2 Шешендік сөз түрлері 1
ІІ.Шешендік өнер туралы түсінік 2
3 Шешен. Шешенге қойылатын талаптар 1
4 Практикалық сабақ 1
ІІІ.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 3
5 Ырым – тыйым сөздер 1
6 Мақал-мәтелдер. Нақыл сөздер 1
7 Өз бетімен жұмыс 1
ІV.Ұлттық шешендік өнер 4
8 Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері 1
9 Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билер 1
10 Практикалық сабақ 1
11 Өз бетімен жұмыс 1
V.Шешендік арнау 7
12 Асан қайғы мен Әз Жәнібек 1
13 Майқы би мен Алаша хан 1
14 Жидебай мен Қараменде 1
15 Шорман мен Құдайменде 1
16,17 Практикалық жұмыс 2
18 Өз бетімен жұмыс 1
VІ.Шешендік толғау 6
19 Бұл дүниеде не жетім? 1
20 Биік тауға жарасқан...
Алтай Байдалы айтқан деген сөздер 1
21 Бұлбұл үйрек, бұл үйрек.
Шекті Мөңке би айтты деген толғау 1
22,23 Практикалық сабақ 2
24 Өзіндік жұмыс 1
VІІ.Шешендік дау 7
25 Асаубай мен Құлтума 1
26 Едіге мен Тоғас 1
27 Балпық би мен Дарабоз бәйбіше 1
28 Қанайұлы Бекболат шешен 1
29 Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі 1
30 Практикалық сабақ 1
31 Өзіндік жұмыс 1
Ұлттық шешендік өнер»
Түсінік хат
Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер. Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған.
Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, 6 сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.
Бұл бағдарлама 6 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай алынған.
6 сынып оқушылары әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би-шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады.
Сөйтіп «Ұлттық шешендік өнер» деген атпен құрастырылған бағдарлама бірыңғай шешендердің айтысын немесе билердің дауын бейнелемейді, сонымен бірге халық даналығынан туған асыл ойларды, өсиет-насихат сөздерді, өткір мысқыл, әзіл, тапқырлық сындарды, т.б. қамтиды. Мұнда шешендік нақыл, тапқырлық сөздермен қатар ақындық терме, толғаулар да аз емес. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген.
Курстың мақсаты: Бұл шешендік өнер сабақтарының түбегейлі мақсаты, оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттың сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген ынтасын арттыру.
Курстың міндеттері:
1.Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
2.Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;
3.Шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;
4.Шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
5.Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
6.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;
7.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
І.Мазмұндық бөлім.
Курстың мазмұны
Қазақ шешендік сөздері мазмұнына қарай, шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш тарауға бөлінеді.
Шешендік арнау адам арасындағы қарым-қатынасты, шешендік толғау халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді десек, шешендік дау қазақ қауымының заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді.
ІІ.Нормативті бөлім.
«Ұлттық шешендік өнер» таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:
Сабақ реті Тараулар Сағат саны Оның ішінде
теориялық практикалық өзіндік жұмыс
І Кіріспе 2 2
ІІ Шешендік өнер туралы түсінік 2 1 1
ІІІ Жақсыдан үйрен,
жаманнан жирен 3 1 1 1
ІV Ұлттық шешендік өнер 4 2 1 1
V Шешендік арнау 7 4 2 1
VІ Шешендік толғау 6 2 3 1
VІІ Шешендік дау 7 4 2 1
VІІІ Қайталау 1 1
ІХ Сынақ 2
ІІІ.Ақпараттық әдістемелік бөлім.
Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары
Таңдаулы курсты оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жеке оқушымен, топпен жұмыс арқылы жүзеге асады. Бағдарлы, бейімді оқытудың негізгі мақсаты жоғары оқу орындарына дайындық болғандықтан жоғары білім беретін оқу жүйесіндегі әдістерді қолданған тиімді. Мысалы: дәріс-семинарлар, пікір алмасу, практикалық сабақтар, т.б.
Білімдерін тексеру және бағалау жүйесі:
1.Күнбе-күн бақылау, тексеру, сұрақ-жауап, әрбір сабақтан соң тест немесе шығармашылық жұмыс.
2.Тақырыптық бақылау, тексеру: теориялық білімін, өз көзқарасын бақылау жұмыстары.
3.Қорытынды бақылау, тексеру, ой-толғау, өлеңді мәнерлеп оқу, сөз қолданысы.
4.Практикалық жұмыстар сынақ түрінде «тапсырылды» деп бағаланады.
5.Бағалау жүйесі ретингілік: 1-3 ұпай – «3», 4-6 ұпай – «4», 7-9 ұпай – «5».
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар.
Оқушылар білуге тиіс:
-шешендік өнер тарихын;
-шешенге қойылатын талаптар;
-шешендік сөздегі әдеби-эстетикалық ғибратты;
-ұлттық шешендік өнердің ерекшеліктерін;
-қазақ тарихындағы белгілі би-шешендер мен билер жайлы мағлұмат.
Оқушылар дәлелдеуі тиіс:
-өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуі;
-әдебиет теориясы бойынша талдау жұмысын жүргізуді;
-кейіпкердің іс-әрекеттерін салыстыра отырып баға беруі.
Әдебиеттер:
1.Адамбаев.Б. «Шешендік сөздер» -Алматы: «Отау» 1992.
2.«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журнал №2, 2007.
3.«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журнал №11, 2007.
4. «Қазақ тілін жедел оқыту». Қапасова.Б.Қ, Әбдіжүсіпова.Б.Х, Жұмаділова.Ш.Т -Астана: «Арман- ПВ» баспасы, 2007
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |