Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шылаулардың емлесі


Шылаулардың емлесі

Шылаулардың емлесі

Сабақтың тақырыбы: Шылаулардың емлесі
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Шылаудың емлесін ұғындыру арқылы оқушының сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық. Өз беттерімен, топпен ақылдаса отырып, шапшаң ойлау дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік. Оқушыларды ана тілін қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:
1. Шылаулардың көпшілігі өздеріне қатысты сөзден бөлек жазылатындығын түсінеді.
2. Кейбір шылаулар өздері қатысты сөздеріне үндесіп, бірнеше тұлғада қолданылатындығын меңгереді.
3. Оқушылар бірлесіп , топпен еркін жұмыс жасайды, тыңдайды, бір-бірінің ой-пікірін сыйлайды.
Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, ұжымдық, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, жинақтау, іздендіру
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақта қолданылатын стратегиялар: «Дөңгелек стол» ,«Кубизм», «Түртіп алу», «Ой қозғау»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сыныпта психологиялық ахуал туғызу, оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілеп, өз ойларын білдіреді.
б ) Сынып оқушыларын ай аттарына байланысты үш топқа бөлу, топпен ақылдаса отырып, топтың көшбасшыларын сайлау. (Қыркүйек,қазан,қараша)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша жүзеге асады. Оқушыларға сұрақтар қойылады.
Мынам сөйлемдерден шылауларды тауып, түрлеріне қарай ажыратындар
1. Алыс пен жақынды жортқан білер (мақал)
2. Әке мен шешенің еңбегін ұмытпа!
3. Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық- болды сегіз. (Абай)
4. Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып жүрген кім?
5. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. (Абай)
IІІ.Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау: «Дөңгелек стол» стратегиясы бойынша берілген ақ парақтарға шылау және оның түрлерінен білетіндерін жазады, соңғы жазған оқушы өз жұмысын оқиды.
IV. Мағынаны ажырату.
«Кубизм» стратегиясы бойынша
1. Суреттеңіз. Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай?
2. Салыстырыңыз. Шылаудың түрлеріне қатысты сөйлем құрап,салыстыр.
3. Саралаңыз. Жасалу жолы жайлы не білесің? Оның қандай ерекшелігі бар?
4. Қолдаңыңыз. Мысалдармен дәлелде.
5.Ой ашар. Шылауларды қатыстырып, сүйікті ақын-жазушыңның шығармасынан жатқа өлең оқу.
Шылаулардың емлесі
Шылаулардың көпшілігі өздері қатысты сөздерден бөлек жазылады және кейбірі дефис арқылы жазылады. Бөлек жазылатын шылаулардың көбі кейбір грамматикалық тұлғалармен сырт жағынан ұқсас болып келеді.
Кейбір шылаулар өздері қатысты сөздердің әуеніне түсіп үндесіп, бірнеше тұлғада қолданылады. Мысалы: мен (беп, пен), қана (ғана), қой (ғой) шылаулары өзінен бұрынғы сөздің соңғы дыбысына, -ды, (-ді), -мыс (-міс) демеуліктері соңғы сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне, да (де, та, те) және ма (ме, ба, бе, па, пе) шылаулары өзінен бұрынғы сөздің әрі соңғы дыбысына, әрі соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарай түрленіп отырады. Мысалы: Шығанақ пен Олжабек соңына ала кірді (Ғ. Мұст). Құнанбай мен Ізғұтты алда келеді екен. (М. Ә. ) Толкын да, ағыс та күшейген. (Ғ. М.)
1. Және, мен, (бен, пен) шылауларының емлесі.
Және, мен (бен, пен) шылаулары бірыңғай мүшелер мен ынғайлас мәнді сөйлемдерді байланыстырып, қайталанбай қолданылды. Сондықтан бұл жалғаулықтар байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Жомарттың бүгін жүре қоярлық ниеті жоқ еді және онын ниетіне қарай даяр көлік те болмайды. (Ғ. Мұст.) Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Бірінің сөзі жамау, бірі құрау (А).
Мен (бен, пен) жалғаулығы түбірге қосылып жазылатын көмектес септік жалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас. Оларды бір-бірінен ажыратудың жолы мынадай. Көмектес септік жалғауын сөйлемде түсіріп айтуға болмайды. Ал мен (бен, пен) жалғаулығын түсіріп айтуға да (онда жалғаулықтың орнына үтір қойылады), басқа жалғаулықпен (мысалы, және, немесе да, де, та, те) ауыстырып айтуға да болады. Мысалы: Жақсымен жанас деген сөйлемді жақсы жанас деп,— мен тұлғасысыз (көмектес септігінсіз) айтуға болмайды. Жақсылық пен жамандық кейін алдыңнан қайтады деген сөйлемді, жақсылық, жамандық кейін алдыңнан қайтады деп те, жақсылық және жамандык, кейін алдыңнан қайтады немесе жақсылық та, жамандық та кейін алдыңнан қайтады деп те айтуға бола береді.
Мен (бен, пен) жалғаулыгы байланыстырған бірыңғай сөздердің алдыңғысындағы септік жалғауы түсіріліп айтыла береді: Мысалы: Алыс пен жақынды жортқан білер (макал). Әке мен шешенің еңбегін ұмытпа деген сөйлемдерде алыс сөзі табыс септікте (алысты), әке сөзі ілік септікте (әкенің) тұрғаны белгілі.
Және, мен (бен, пен) жалғаулықтары бірнеше бірыңғай мүшелердің соңғы екеуінің арасын байланыстырады немесе бірыңғай мүшелерді екі-екіден топтап барып байланыстырады. Мысалы: Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Бірінің сөзі жамау, бірі құрау (А). Омар, Оспан және Ахмет — үшеуі сабақ оқып отыр. Күрес пен күлкі, қайғы мен шаттық алыс пен жеңіс, жеңіліс пен жетістік болмаса, бұл шіркіннің өзі де тоңған мұз, ұйыған айран емес пе? (Ғ. М.).

V. Ой толғаныс.
Кітаппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша , 335-жаттығуды оқушыларға орындату. Әр топ өздерінің қалаулары бойынша екі мысалдан орындайды. Мысалы: Хатшы жігіт сағатқа қарап, кезекпен жіберіп тұр.

«Кім жылдам?» ойыны.
337-жаттығуды орындайсындар. Және, мен (бен,пен) жалғаулықтарын қолдана отырып, бірнеше сөйлем ойлап жазасыңдар. Қай топтың оқушылары жылдам әрі шапшаң екендігі анықталады.
Келесі тапсырма 
Диалогтік оқытуды іске асыру барысында, әр топтан екі-екі оқушыдан шығып, шылаулардың түрлерін қатыстырып, еркін тақырыпта диалог құрады. Топпен ақылдаса отырып орындайды.
1-топ Септеулік шылаулар
2-топ Жалғаулық шылаулар
3-топ Демеулік шылаулар 
Бекіту кезеңі: 
Оқушылар бүгінгі сабақтан, түсінгендері бойынша, венн диаграммасының сызбасын түсіреді. Әр топтан бір оқушы шығып, жасаған жұмыстарын қорғайды.
Қорытынды:
Рефлексия «2 жұлдыз, 1тілек)
Үй тапсырмасы. Шылаулардың емлесін оқу. 336-жаттығу
Бағалау. Сабақта белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бірыңғай мүшелер, байланысы, тыныс белгілері
Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір
Қой (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары
Демеулік шылау
Шылау
Кезектес салалас
Кезектес салалас
Үстеулердің емлесі. Көне түркі ескерткішіндегі үстеулер
Шылау тақырыбы бойынша
қой, ғой, қана, ғана, ақ шылаулары
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6333 | Қосты: Жанғатаева Ботагөз Уатайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык