Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сілтеу есімдігі


Сілтеу есімдігі

Тақырыбы: Сілтеу есімдігі

Сабақтың мақсаты: білімділік- сілтеу есімдігінің білдіретін мағынасы, жұмсалу реті, жіктеу есімдігінен айырмашылығы, атқаратын қызметі туралы түсінік беру; 
дамытушылық-оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын кеңейту, білімін пысықтау;
 тәрбиелік- грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық дүниетанымын ояту. 
Көрнекілігі: тақта, кестелер мен сызбалар, ұлттық бұйымдар суретінің көрнісі.
 Пәнаралық байланыс: әдибиет. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. 
Сабақтың барысы. 
1. Ұйымдастыру. 
2.Үй тапсырмасын тексеру бәйге түрінде сұрақ-жауап әдісі арқылы болады .
1.Есмдік ненің орнына жұмсалады? 2. Есімдік мағынасына қарай неше топқа бөлінеді? 3. Есімдіктерді басқаша қалай атауға болады? 4. Жіктеу есімдігінің неше жағы бар? 5. Есімдер деп нені атаймыз? 6. Белгілі бір заттың ұғымымен байланысты қолданылатын есімдік түрі қалай аталады? 7. Есімдіктер қалай түрленеді? 8. «Сіз» есімділігі қандай мағынада жұмсалады? 9. «Біз» есімдігіне көптік жалғау, одаң соң ілік септігін тірке. 
Сен білесің бе? (Өлеңді оқып, жіктеу есімдіктері табамыз. Жұмбақты шешіп, талдау жасаимыз). 
Менің ұлым-сенікі,                                  Менсіз таңы атпаған,
Сенің ұлың-менікі, Мен деп тыным таппаған.
Ер туған ұл-сенікі, Жүрсем оның жанында,
Бақытты біздің жердікі. Күлімдеймін, шаттанам.
(Жамбыл). (Фариза Оңғарсынова).
Келелі байтақ кең дала, Екі достың бірі ыңғайлы,
Кең дала саған мен-бала... Біреуінің ебі жоқ.
Бақытты елге мен-бала, Екеуін де бірдей көрем,
Бақытты елге сен-ана. Маған артық- кемі жоқ.
(Асқар Тоқмағамбетов)
 
 
Жаңа сабақ туралы түсінік беру. 
Сипаты: Мегзеу, нұсқау, көрсету мағынасын білдіреді; қай деген сұраққа жауап береді; сөйлемде көбіне анықтауыш қызметін атқарады.
 
Сілтеу есімдігі
Жақынды нұсқайды:                               Алысты мегзейді:
Бұл, осы, мына, мынау, міне.            Ол, сол, ана, анау, әне,сонау.
Сілтеу есімдігі сын есім орнына жұмсалса, анықтауыш қызметін атқарады. Сілтеу есімдігі сөйлемде барлық сөйлем мүшесі бола алады. 
Бұлар-біздің таныстарымыз. Осыған көңіл бөлу керек. Осының ақылын тыңдаған жөн. Осылай боларын білдім. Оның інісі-осы.
Сілтеу есімдігінің түрленуі туралы білім береміз. 
Сілтеу есімдіктері сындық (атрибутивтік) мағынада (бұл, сол, қай)  заттық (субстантивті) мағынада (мен, сен, кім, не) көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.
Сілтеу есімдіктеріне – дай, - дей жұрнақтары жалғану арқылы туынды түлға жасалады: мына-дай, сон-дай, ана-дай. 
Оқулықпен жұмыс (оқушылар кітаптан өз бетімен оқып шығады). 
Кім шапшаң? (Екі топ кезектесе сөздерді септеп сайысады).
Бұл, осы, мына. Ол, сол, ана.
Біз тәуелдеуді білеміз бе? 
Бұл Ол
Ойлан, тап! (Оқушылар өлеңдерді оқып, есімдіктерді табады және өлең қайдан алынғандығын, авторы кім екендігін айтады). 
Қайрат пен ақыл жол табар Одан соң Ышбар Ямтардың, 
Қашқанға да қуғанға. Торы атын мініп заулады.
Әділет, шапқат кімде бар, Одан соң Иегін Сілікбектің
Сол жарасар туғанға. Кер атын мініп заулады.
(Әсемпаз болма әрнеге. Абай).        («Күлтегін» тарихи шығармасы).
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты
Серт етеп өз-өзіме еткем егес.
(«Шығамын тірі болсам адам болып». Сұлтанмахмұт).
Соның даусы көп дауыс, 
Көптен шықан бұл хабар.
Көңілің ауып, шырағым, 
Бұған болма ынтызар.
(«Қобыланды батыр» жыры. «Естеміспен кездескенде»). 
Сөздік картамен жұмыс (Оқушылар сөздік картадағы берілген тапсырмаларды орындайды). 
Шығармашылық жұмыс. (Есімдікті пайдалана отырып, сурет бойынша әңгіме құрастыру). 
Бекіту (Оқушылар өздері бірін-бірі тексереді). 
 
Сұрақтары Жауабы
1. Есімдік зат есім, сан есім, сын есімнің орнына жұмсалады ма?
2. Есімдіктер мағынасына қарай 5-ке бөлінеді ме?
3. Ол жіктеу есімдігі кім, не сұрақтарына жаупа береді ме? 
4. Ол, сол, ана, анау, әне, сонау есімдіктері жақын мәнді білдіреді.
5. Осыдан есімдігі шығыс септікте тұр. 
6. Бұл, сол, ол, жіктеу есімдіктері сияқты септеледі ме
7. Бұларың есімдігі тәуелдеудің II жақ көпше түрінде тұр.
8. Сілтеу сын есімнің орнына жұмсалса, анықтауыш қызметін атқарады.
9. Есім сөздер деп зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерді атайды. Ия 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Есімдіктен өткенді қайталау
How much is it?
Есімдік. Есімдіктің түрлері
Есімдіктен өткенді қайталау
Сілтеу және сұрау есімдігі
Есімдіктен өткенді қайталау
Сан есім
Белгісіздік есімдігі
Үш өлшемді әдістемелік жүйе (УӘЖ) – сапалы білім беру кепілі
ӨЗДІК ЕСІМДІКТІҢ ТҮРЛЕНУІ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 18803 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык