Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сын есім



Сабақтың тақырыбы׃ Сын есім

Мақсаты׃″Сын есім″тақырыбын тапсырмалар орындату бойынша меңгерту,өз бетімен жұмыс.Дамыта оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін,ғылыми ойлау жүйесін арттыру.Оқушыларды адамгершілікке,Отанын сүюге,еліміздің  табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың принциптері׃Біртұтастық,жүйелілік,саналылық,
белсенділік.
Сабақтың әдіс-тәсілдері׃Сұрақ-жауап,көрнекілік,топтау,жинақтау,  ізденімпаздық
Сабақтың көрнекілігі׃Кеспе сөздер,тірек-сызба
Сабақ барысы:Психологиялық дайындық жұмыстары.
Оқушылар шеңбер құрып ортада тұрады.
Сұрақ-жауап׃-Балалар жер бетіне жылу  не арқылы таралады?
-Күн болмаса жер бетінде не болар еді?
Оқушылар ойы тыңдалады 
-Олай болса,анаға тілек айтып көрейік.
Көк аспанда күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып, күннен алған шуақты сезініп,бір-бірімізге жылы,мейірімді тілектер айтып көрейік.
Оқушылар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын ұстап,жақсы тілектер айтады 
Мұғалім өзі бастайды:
-Айбек,бүгінгі күнің сәттілікке толсын.
-Рахмет.
-Назерке,мен саған қуаныш тілеймін.
-Рахмет.
Оқушылар орындарына отырады.
-Адамдардың бір-біріне айтқан осы жақсы тілектерін,күннің жылуын ,қайда тұрып тыңдап,қайда тұрып сезінеміз?
-Жер бетінде.
 Жер-Күн жүйесіндегі тіршілік бар жалғыз планета.Ол шексіз үлкен,дөңгелек,тегіс болуы мүмкін.
-Олай болса дәптерімізге жер,күн сөздерін әдемі етіп жазайық.
 1-тапсырма:Көркем жазу сәті:Жер,күн
-Шексіз,үлкен,дөңгелек,тегіс сөздеріне сұрақ қойыңдар?
- Қандай?
-Осы сұраққа жауап беретін сөз табын қалай атаймыз?
-Сын есім.
-Жер бетіндегі тіршілік иелерін атаңдаршы?
-Адамдар,жануарлар,өсімдіктер.
 Суреттермен жұмыс.
Оқушылар суреттерді атап отырып,сұрақтар қояды.
Суреттердің әрқайсысына кеспе сөздерді сәйкестендіріп қойыңдаршы.
 2-тапсырма.
-Ендеше,кеспе сөздерге қатысты сын есімдерді ойлап жазып,жазған сын есімдерді тірек-сызба бойынша сын есімнің түрлеріне қарай ажыратып,дәлелдеңдер.Сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Сын есім түрлерін тірек-сызба бойынша мысалдар келтіре отырып,ажырату
4-тапсырма.
Оқулықпен жұмыс:
430,432,434 жаттығулар жазбаша орындалады.
430-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқу,сын есімді сызба арқылы табу.
Шыршамызға тағылған
Қызыл-жасыл моншақтар.
 
Жер ақ көрпе жамылған
Қандай қызық сол шақтар.
Оқушылар сұрақтарын қою,сын есіммен қай сөз табы байланысты екенін түсіндіру.
5-тапсырма
432-жаттығу
Сөздерді оқы,қай сөз табына жатады?Осы сөздерден сын есім жаса,сұрақ қой.
Ақыл,ой,білім,өнер,біл,жүз,тап,тер
Ақылды,ойлы,білімді,өнерлі,білгіш,жүзгіш,тапқыр,тергіш
-Бұлар қандай сын есім.
-Туынды сын есім дегеніміз не?
Туынды сын есімдерді қатыстырып,сөйлем құрап ,жазу.
434-жаттығу
Заттың түсін,көлемін,дәмін білдіретін сын есім тауып жаз.
 
ақ                                       үлкен                        дәмді 
. . .                                        . . .                               . . . 
Сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар.                                    
6-тапсырма
Түрлі-түсті үлестірме кеспелерге жазылған сын есімдерге зат есім ойлап,сөйлем құрастырыңдар.
7-тапсырма
Ой сергіту жаттығуы:″Таңдау″ойыны
Ойын шарты:Балалар өз таңдаулары бойынша заттарды таңдап алады.Оны не үшін таңдап алғанын айтады.Таңдаған затына сай сын есім түрлеріне мысал келтіру.Мысалы:Мен қонжықты таңдадым,өйткені ол мейірімді,жұмсақ,жылы . 
8-тапсырма
1-топ ″Бір сын есімге көп зат есім″ойлап жазу.
:кітап,,кино,ойын,бала,оқушы
2-топ ″Көп сын есімге бір зат есім″ойлап жазу.
Әсерлі,көңілді,баяу,әуенді-
3-топ.Сын есімге зат есімдердің лайықтысын жаз
-ой
бала
суретші
-ат
9-тапсырма
Сөйлеу жаттығуы
Мұғалім жағдаятты,мәтінді оқып таныстырады.Оқушылар тыңдап,ойларын тиянақтайды.Сіз шөл далаға саяхатқа барасыз.Төменде көрсетілген заттардан өзіңізбен бірге тең бес затты ала аласыз.
Радио,су,шұлық,компас,кітап,қолшатыр,шоколад,карта,жіп.
Аталған зат есімдерге сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыру,мағынасына қарай ажырату,талдау жасау.
Сабақты қорытындылау.Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:435-жаттығу.Суреттер бойынша мәтін құрастырып,сын есімдердің а

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сын есім
Дара және күрделі сын есім.
Сын есім және оның анықтамасы
Сын есім
Сын есім
Сын есім
Дара және күрделі сын есімдерге жаттығулар орындау
Сан есім (қайталау)
Зат есім
Сан есім
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5086 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык