Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Түбір мен қосымша


Түбір мен қосымша

Түбір мен қосымша

Қазақ тілі

6 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік : Түбірдің бөлшектенбейтін түпкі қазық екенін, қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтарын, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту

ә) тәрбиелік : өз Отанын , елін, ана тілін құрметтей білуге  тәрбиелеу

б) дамытушылық: шығармашылық танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын байыту, ой еңбегімен айналыса білуге жетелеу.

Сабақтың әдісі :  сұрақ- жауап, түсіндіру, ойын,еркін жазу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа арналған кесте, кеспе қағаздар. көрмесі;

Сабақтың өту барысы :

І. Ұйымдастыру1) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

2) оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

67- жаттығу

ІІІ. Жаңа сабақ:

Өз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды.

Тілім шипам,дәрім де.

Мәңгүрт болып,күн көрмен

Абыройдың бәрін де

Маған осы тіл берген.

Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін  түбір дейді.

Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды.

Қосымша жұрнақ пен жалғау болып бөлінеді. Жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ, сөз түрлендіруші жұрнақ болып бөлінеді.

Көл-шік, сары-лау,үлкен-ірек,  оқ-ы-р-ман, көр-ер-мен, кітап-хана.

Жұрнақ арқылы жасалған сөзді туынды түбір деп атайды.

Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады.

ІҮ. Жаттығу жұмысы

70-жаттығу   өз беттік жұмыс. Туынды түбір жасау

71- жаттығу Тақтаға талдау сөздердің түбірі мен қосымшаларын ажырату.

Ү. Эстафеталық ойын.

Мына буындарға аяқталған сөздерді табу.

-ға, -тақ, -тық,  -шақ,  -шек,  -пақ;

ҮІ. Еркін жазу.

Ертегі құрастыру ( ойды жалғастыру)

Ертеде бір бай болыпты. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол сабақтан шығып келе жатқанда жаңбыр жауып кетіпті...

ҮІІ. Венн кестесі

Жұрнақ                                                       Жалғау.        

Сөздің мағынасын         екеуі де қосымша,             Жалғаудың төрт түрі

өзгертеді, жаңа              екеуі де жеке тұрғанда       бар: Көптік, септік,

сөз жасайды.                  ешбір мағына                      Тәуелдік, жіктік.

Екі түрі                           білдірмейді.                         Олар сөз бен сөзді                     

бар: сөз тудырушы, байланыстырады. сөз түрлендіруші;

ҮІІІ. Үйге тапсырма:  73 - жаттығу

ІХ. Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұрнақ
Жалғау
Сөз құрамын қайталау. Түбір мен қосымшаның жазылуы
Қосымша түрлері. Жұрнақ
Сөзжасам
Морфология
Түбір сөз және туынды сөз
Сөз құрамы туралы берілген білімді еске түсіру
Түбірлес сөздер
Қазақ тілінен тест
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 9821 | Қосты: Рахметкалива Бахит Садиховна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык