Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 12760 |
|
|
|
Тұйық етістік
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: етістіктің ерекше бір түрі – тұйық етістіктің ерекше мағынасы мен тұлғасын ұғындыру. Оның есімдер сияқты түрленуін , қызметін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың етістік туралы білімдерін кеңейту, ойын тиянақты
әсерлі жеткізу, жүйелі ойлау және шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау.
Тәрбиелік: етістіктерді дұрыс пайдалануға, байланыстырып сөйлеуге, жазуға
үйрету. Талдауға алынған мысалдар арқылы ақыл-ой, адамгершілік, ізеттілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тұйық етістіктің түрленуіне арналған кестелер, үлестірмелі қағаздар, алтын сандық.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, ойын, әңгімелеу, салыстыру.
Пән аралық байланыс: әдебиет.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныптағы оқушылар 2 топқа бөлініп отырады.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Алтын сандық» аталатын сандықша ішінде етістіктерге байланысты сұрақтар
салынған. Әр топтан оқушылар шығып осы сұрақтарға жауап береді.
Сұрау: а) жеке оқушыдан
ә) топтан сұрау.
3. Жаңа тақырыппен таныстыру:
а) Сабақтың мақсатын анықтау
ә) Кіріспе әңгіме «сөз»
б) Көрнекілікке назар аударып, ой шақыру.
Топтарға төмендегі кестелер беріледі. Осы кестелер арқылы оқушылар ой түйеді.
Септіктер Тұйық етістіктің септелуі
Атау оқу білу көру қатысуым
Ілік оқудың білудің көрудің қатысуымның
Барыс оқуға білуге көруге қатысуыма
Табыс оқуды білуді көруді қатысуымды
Жатыс оқуда білуде көруде қатысуымда
Шығыс оқудан білуден көруден қатысуымнан
Көмектес оқумен білумен көрумен қатысуыммен
Тұйықт етістіктің тәуелдену үлгісі
І. баруым, келуім баруымыз, келуіміз
ІІ. баруың, келуің
баруыңыз, келуіңіз баруларың, келулерің
баруларыңыз, келулеріңіз
ІІІ. баруы, келуі барулары, келулері
1.Жасауды алты жастан жинасаң асады,
Жеті жастан жинасаң жетеді.
«Шыбыннан піл жасау» орыс мақалы.
2.Төрт тұрманы түгел бай
Пырақтан тарту алады.
Гүлсараның арманы үлкендерге табақ тарту.
В) Жаңа сабақтың маңызды белгілерін ажырату.
Балалар, алдымызда жатқан кестелер мен мысалдарға қарайық. Тұйық етістікке тән қандай ерекшіліктер, маңызды белгілер бар екен, байқап көрейік.
Тұйық етістік қалай жасалады екен және қалай түрленеді екен?
Әр топтың оқушылары өз ойларын ортаға салады.
4.Сабақтың мазмұнын бекіту.
260-жаттығу. Көшіріп жазып, тұйық етістіктердің астын сызыңдар.
«Баспалдақ» ойыны. Екі оқушы баспалдаққа жармасып шығуы керек. Оң жақтағы оқушы тұйық етістіктен жасалған зат есімдерді жазады. Сол жақтағы оқушы әр баспалдаққа тұйық етістікті жазады. Қайсысы бұрын жазып болса ойынды сол жеңеді.
262-жаттығу. Берілген сөздерді әрі тұйық етістік ретінде, әрі зат есім ретінде қолданып, әрқайсысына екі сөйлем құраңдар.
Екі топқа тапсырма беріледі.
Жетіліп жаз жайлауға қана алмай жүр,
Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай жүр
Қыс қыстауың – қып- қызыл ол бір пәле,
Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр,
«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да»
( Абай Құнанбайұлы)
Адамзат өзін-өзі сынау керек,
Тазалық, әділдікке ұнау керек
Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай
Ақтан көрген- білгенге шыдау керек.
Осы өлең жолдарынан етістіктерді тауып, талдау және Абай мен Шәкәрім шығармашылығына тоқталып олардың сабақтастығына мән беру.
Ой қорытындысы.
Бір-бір парақ қағазға әр топтың оқушылары тұйық етістіктің ерекшеліктерін тізіп жазып, өз ойларын қорғайды.
Тұйық етістік көптеледі, септеледі, тәуелденеді, заттанады. Шақтық, жақтық мағына берілмейді, жіктелмейді.
Үйге тапсырма.
261-жаттығу.Тұйық етістіктерді тауып, қандай тұлғада тұрғанын ажыратындар, зат есім сияқты түрленуіне назар аударындар.
Тұйық етістігі бар бірнеше мақал-мәтел жазып келу.
Бағалау.
Сабақтың мақсаты: Көсемшеден алған теориялық білімдерін тиянақтау.
Ақыл-ойларын дамыту.
Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:білімді бекіту.
Сабақтың түрі: топтастыру,еркін жазу,болжау.
Сабақтың көрнектілігі: Дидактикалық материалдар,кесте,карточкалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй жұмысы: Көсемші дегеніміз-?Жасалу жолдары-?255-жаттығу.
Жаңа сабақ: Көсемшенің жасалуы мен түрлері.
Көсемше етістік түбірлеріне, етіс, болымсыз етістік тұлғаларына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:
1.-а ,-е,-й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады.
Дауыссыз дыбысқа біткен сөздеге жуан буыннан кейін -а, жіңішке буыннан кейін -е, дауысты дыбысқа біткен етістікке -й жалғанады: жаз-а, сөйле-й.
2.-ып,-іп,-п жұрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады.Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге жуаң буыннан кейін-ып,жіңішке буыннан кейін-іп,дауысты дыбысқа біткен етістікке-п жұрнағы жалғанады:жаз-ып,қара-п.
3.-ғалы,-гелі,-қалы,-келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады.
Дауысты,үнді,ұяң дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге жуаң буыннан кейін-ғалы,жіңішке буыннан кейін-гелі жалғанады қатаңға біткен етістіктерге жуаң буыннан кейін-қалы,жіңішке буыннан кейін-келі жалғанады:жаз-ғалы,бер-гелі,кет-кет-келі.
-а,-е,-й және-ып,-іп,-п тұлғалы көсемшелер жіктеледі,-ғалы,-гелі,-қалы,-келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді.Көсемше тұлғасына көптік,септік,тәуелдік жалғаулар жалғанбайды.
257-жаттығу
Тұлғалық талдау жасау.
1.Көтеріліп.2. Кеңесіп,жіберлеюі. 3.Болады.4.Болып еді. 5. Жазылмайды.6. Іріктеліп.7.Байлап алып, қосылып жатты.
Деңгейлік тапсырмалар
1 деңгей.Көсемшенің жұрнақтарын қатыстырып , сөйлем құрастыру.
1топ –а,- е,-й.
2 топ –ғалы , -гелі,- қалы,- келі.
3 топ – ып,- іп,- п.
2 деңгей.Көсемшелерді теріп, жазып жасалғанның айтыңдар.
Ер жеткенде.
Ер жеткенде есейіп,
Ер болмаса немене!
Ерке өсіп, біліммен
Кең болмасқа немене!
Өткір алмас болатқа
Тең болмасқа немене!
Сары алтындай салмақты,
Сірә, саспас сабырлы,
Кең болмасқа немене!
3 деңгей.Шығармашылық жұмыс.
1. Менің мектебім
2. Туған жер-алтын
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |