Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тұйық етістіктің түрленуі


Тұйық етістіктің түрленуі

Тақырыбы: Тұйық етістіктің түрленуі

Мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға тұйық етістіктің түрленуінің ерекшеліктерін ұғындыру, біілім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: ауызша жазбаша жаттығулар, үлестірмелі карточкалар, сабақты пайдаланылатын мәтіндер арқылы тұйық етістікті тапқызу, жан-жақты талдау, оқушы ойын дамыту.
Тәрбиелік: сабақта пайдаланылған мәтіндер, мысалдар арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. 
Көрнекіліктер: плакат, « Қазақ тілі және әдебиет журналы»,үлестірмелі карточкалар.
 
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: 
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
- Қазір бізде қазақ тілі сабағы. Оқу құралдарымызды алып, оқушы ережесіне сай отырайық.
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Сабақта кім жоқ?
 
Үй тапсырмасын тексеру: 
- Ал, балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- 206-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, адамдардың бейнелерін көшіріп жазыңдар. Есімшелер мен көсемшелер астын сызып, олардың адам бейнесін жасауға қалай қатысып тұрғанын түсіндіріңіздер.
( оқушылардан кезектесіп үй тапсырмасын сұрау)
 
Жаңа сабақ.  
- сонымен оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымызды бастайық.
- Ендеше бүгінгі күнді жазып, жаңа тақырыпты жазып қойыңдар. Жаңа сабағымыздың тақырыбы Тұйық етістіктің түрленуі.
Плакат арқылы түсіндіру.
- Тұйық етістік- етістіктің ерекше түрі. Ол етістіктің өзге түрлері сияқты емес. Етістіктің шақ және рай категориялары жақпен , шақпен байланысты болғанын көрдіңдер. Ал, тұйық етістік шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Тұйық етістік етістіктіңм атауы ретінде ғана қолданылады. Мәселен, бару, жүру, тұру етістіктері бару, жүру, тұру  қимылдарының атын білдіріп тұр.
 
 
 
  Жаңа сабақтың маңызды белгілерін ажырату.
- ал, балалар қандай маңызды белгілері бар екен, байқап көрейік. Барлығымыз тақтадағы плакатқа назар аударайық.
 
Тұйық етістіктің септелу үлгісі
 
1
А.с бару сөйлеу айтуы көрулері келуім
2 І.с
барудың сөйлеудің айтуының көрулерінің келуімнің
3 Б.с
баруға сөйлеуге айтуына көрулеріне келуіме
4 Т.с
баруды сөйлеуді айтуын көрулерін келуімді
5 Ж.с
баруда сөйлеуде айтуында көрулерінде келуімде
6 Ш.с
барудан сөйлеуден айтуынан көрулерінен келуімнен
7 К.с
барумен сөйлеумен айтуымен көрулерімен келуімнен
 
Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі
 
1
І жақ келуім келуіміз келулеріміз
2
ІІ жақ келуің келулерің
 
келуіңіз келулеріңіз
3
  ІІІ жақ келуі келулері
 
- Ал осыдан нені байқап отырсыңдар? Тұйық етістік қалай жасалады екен?
Көру диктанты.
Мына сөйлемдегі көп нүктенің орнына тұйқ етістікті қойып жаз.
1. Тапсырманы уақытында ... керек.
2. Мектепте және үйде тәртіпті ... керек.
3. Үлкендерді ... керек.
4. Ұйым жұмысына ... керек. 
5. Мәдениетті ... керек.
6. Сабаққа белсенді ... керек.
 
 
Оқулықпен жұмыс.
207-жаттығу.
 Мәтінді түсініп оқыңыздар және абзац-абзац бойынша мазмұндаңыздар. 
  Мәтіндегі –у жұрнақты тұйық етістік пен зат есімді ажыратыңыздар, тұлғасына талдау жасаңыздар. 
             Бекіту сабағы.
- Жақсы балалар! 
- ал енді қазір мен сендерге үлестірмелі карточкалар таратамын. Карточкалармен жұмыс жасаймыз.
1- карточка.
 
Өз бетіңмен бірнеше тұйық етістік ойла, оларға сөйлем құрап, синтаксистік талдау жаса.
2- карточка.
 
  Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.
Сол сәтте жолаушылар үлкен жолмен зымырап сырғытып келеді.
 
3- карточка.
Төмендегі сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.
Күнде ағаштың ағаштардың жапырақтары сарғая бастайды.
 
4- Карточка.
 
Сөйлемдердегі сөздерді түбір мен қосысшасына қарай ажырат.
Балалар ойнап жүр. Бізге сабақ болды.
 
5- карточка.
 
Кез келген тұйық етістігі бар сөйлем құрап, оған морфологиялық талдау жаса.
 
6-карточка.
 
Шегелеу сөзіне фонетикалық талдау жаса.
 
     Қорытындылау. 
- Ал, балалар сабағымызды қорытындылау үшін мынадай сұрақтарға жауап берейік.  
- Тұйық етістік дегеніміз не№
- Ол қалай жасалады?
- Бір мысал ойла, септе.
- Бір тұйқ етістікті тәуелде.
 
 Үй тапсырмасын беру. 
«адамдарға сөзіңізбен ұнау үшін не істеу керек?»пікір жазу, ереже жаттау
 Бағалау.
  Белсене қатысып отырған балаларды бағалау.
- Сау болыңыздар! 
- Сабақ аяқталды!

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тұйық етістіктің түрленуі
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Сыйлық берілетін қуаныштар
Етістікті қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
Етістікті қайталау
«Етістіктің түрлері» тақырыбы бойынша
«Етістіктің райлары» тақырыбы бойынша
Тұйық етістік
Үй жануарлары
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 13341 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык