Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тасымал



Сабақтың тақырыбы Тасымал

Сабақтың мақсаты :
                                  а)  Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;
                                  ә)  жаттығулар , мәтін арқылы бекіту,дағды – машықтарын қалыптастыру,шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту ;         б)  Ақыл – ойларын,іскерлік белсенділіктерін арттыру,өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адмгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                   ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
                         Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1.Буын дегеніміз не?                2.Буын нешеге бөлінеді?
3.Ашық буын дегеніміз не?                    4.Тұйық буын дегеніміз не?
5.Бітеу буын дегеніміз не?                            6.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
7.Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?
8.Ұяң,ашық дауысты,дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
                                 б)  Жаңа сабақты түсіндіру :
                 Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауға болады
   Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады.Мысалы : са-бақ,мек-теп.
    Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.
   1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы : от,кел,ет,қарт.
   2. Сөздердің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға немесе жолдың соңынап қалдыруға болмайды. Сондай – ақ ата,аң,кең,еш,қия сөздеріндегі и,а,я,ю әріптерін тасымалдауға болмайды.
   3. А.Құнанбаев,М.Жұмабаев деген сияқты қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилясынан бөліп тасымалдауға болмайды.
   4.Қысқартылып жазылған өлшем атауларын ( км,кг,м,см,мм ) алдындағы санынан бөліп тасымалдауға болмайды : 10кг,25см
   5.Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды.АҚШ.ТМД,ҚАЗ МУ.

Жаттығумен жұмыс : Сөздерді әуелі буынға бөліп және жолға тасымалдап жазыңдар.

Білімді бекіту :  1.Тасымал дегеніміз не?        2.Қандай сөздер тасымалданбайды ?
                            3. Буын нешеге бөлінеді?      4. Бітеу буын дегеніміз не?

Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 309 – жаттығу. Боябаев жазған төмендегі сурет жазуды қазіргі әріп жазумен жазып шығыңдар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тасымал
Ашық буын
Сөздердің тасымалдануы
Ашық және қысаң дауыстар
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Буын түрлері
Еріндік және езулік дауыстылар
Тіл ұстарту
Қазақ әліпбиі
Буын Тасымал
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 23682 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 30 сентября 2014 11:24
Керемет. Маған ұнады
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык