Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Тоғызқұмалақ » ойыны


«Тоғызқұмалақ » ойыны

«Тоғызқұмалақ » ойыны

Сабақтың тақырыбы:  «Тоғызқұмалақ » ойыны

Мақсаты:

              білімділікұлттық ойындар тақырыбына байланысты   мағлұмат беру. Етістік ,оның түрлерін қайталау.

              дамытушылықоқушылардың тілін,шығармашылық қабілетін,ой-өрістерін  дамыту, өз ойын ашық әрі жүйелі  жеткізуге дағдыландыру .

             тәрбиелілік – ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы қазақ    тіліне деген қызығушылықты арттыру, елін  сүюге баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту             сабағы

Сабақтың жабдығы:
слайдтар арқылы, үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дене тәрбиесі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың ережесі

Белсенді қатысу

Тыныштық сақтау

Бірін-бірі тыңдау

Ойын ашық айту

Бір-бірін сынамау

Ынтымақтылық

2. Үй тапсырмасы

Қазақ халқының ұлттық ойындары туралы әңгімелеу

“Сөз таптары” атты тайпалы ел болыпты. Ол тайпа өсіп - өнген іргелі үлкен ел екен. Ынтымақты, бірлігі мықты болған екен. Ел тоғыз патшалыққа бөлініпті. Соның бірі – Етістік. Ол елді Етістік атты хан басқарыпты. Ол ханның сегіз ұлы болыпты. Олар: Болымды, Болымсыз, Салт, Сабақты, Етіс, Есімше, Көсемше, Тұйық.

Ұлттық ойындар

Қазақ халқының тұрмысы,салт-дәстүрі,    ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты болды.Олар ойынға мал сүйегін,қой құмалағын пайдаланды.

      Мысалы,мынадай ұлттық ойын түрлері бар: «Асық», «Ақсүйек», «Тобық», «Ханталапай», «Тоғызқұмалақ».

Жаңа сабақ

«Тоғызқұмалақ» ойыны

Жаңа сөздер

құмалақ     -      сухие овечьи катышки

қолданады    -        применяют

раскладывают  -    салады

қатысады   -           участвуют

ұяшық        -            ячейка

бірдей сан     -        парное число

қарсы жақ    -         противная сторона

 

Оқулықпен жұмыс

 

ІІІ деңгей

1. “Ханталапай” мәтінінен 3 етістікті тауып , жіктеп жазыңдар.

2. “Ханталапай” мәтінінен 5 сөйлем теріп жазып, баяндауыштарына сұрақ қойыңдар.

І топ

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады.

 Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

ІІ топ

Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.

4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына

таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.

Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.

Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.

ІІІ топ

Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.

Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап,

барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады.

Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

9

9

9

9

9

9

9

9

9

Қостаушы қазаны (0)

 

9

9

9

9

9

9

9

9

9

Бастаушы қазаны (0)

отаулар

№1

№2

№3

№4

№5

№6

№7

№8

№9

 

Саақты бекіту

Оқушылар жаңа тақырып бойынша алған жаңа мәліметтері жайлы  қорытынды шығарады.

Бағалау

Үйге тапсырма беру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тоғызқұмалақ жүрістері.
Ойын ережелері мен ерекшеліктері
Тоғызқұмалақ ойынының әдіс - тәсілдері
Ұлттық ойындар
Ұлттық cпорт түрлері
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар. Тоғызқұмалақ
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа тәсілдері
Тоғызқұмалақ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 10001 | Қосты: Жаксылыкова Марина Алмахановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык