Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ойын ережелері мен ерекшеліктері


Ойын ережелері мен ерекшеліктері

 Ойын ережелері мен ерекшеліктері

Ашық сабақ тақырыбы: Ойын ережелері мен ерекшеліктері

Сыныбы:  5 “А”

Мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі   ережелерін  үйрету.

ә)Дамытушылық: оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын  түсіндіру  арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой- өрісін толық дамыту және компьютерлік сауаттылықа, ұқыптылыққа, дайын   бағдарламамен өз бетімен жұмыс жасауға

 б)Тәрбиелілік: оқушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдеу.

Керекті құрал-жабдықтар: 1.Тоғызқұмалақ тақталары, слайд презентация

Күтілетін нәтижесі:  Оқушылар ойынды меңгереді, кұрделі тактикаларды  шешеді.

Уақыты:     45 минут          Өтетін орны:   видеопроектор кабинеті.

Сабақтың типі:  Оқу үйрену сабағы. 

Сабақтың түрі:   Практикалық: жаттығулар орындау, жарыс

                                               

   Сабақтың жоспары:

I.    Дайындық бөлімі:

        1. Ұйымдастыру кезеңі

        2.  Үй тапсырмасын сұрау.

        3. Тоғызқұмлақ ойыны қашан пайда болды? Неліктен “Қойшылар алгебрасы” деп атаған? Қазақ өкілдерінен кімдер ойнаған? Тоғызқұмлақ спортшыларынан кімді танисың? Тоғызқұмалақ ойынын қай елдер ойнайды?

 

II.  Негізгі бөлім:

Жана сабақ “ Ойын ережелері мен ерекшеліктері” “ Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек” С.Аманжолов

 

Тоғызқұмалақ ойынының  негізгі терминдері:
      • Құмалақ
      • Қазан
      • Отау
      • Бастаушы
      • Қостаушы
      • Тұздық
      • Атсырау  

  Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы  2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.

Қазақша атаулары:

  №9 отау маңдай

№8 отау көкмойын

№7 отау қандықақпан

№6 отау белбасар

№5 отау бел

№4 отау атсыратар

№3 отау атөтпес

№2 отау тектұрмас

№1 отау арт      

            Мәтіні:Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын жағдай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды.

Жүріс жасау ережесі

Құмалақ ұту ережесі

Тұздық алу ережесі

Атсырау ережесі

             Бірінші ерекшелік –ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады. Мысалы үшін төмендегі № 1 диаграммаға назар аударалық:

 

                  9      8    7      6      5     4      3      2     1

1

11

2

1

11

11

11

11

12

 

10

11

11

11

11

11

1

2

11

2

10

               1     2      3     4      5      6     7      8       9

                                     1диаграмма

            Бастаушы өзінің кезекті жүрісінде 6-шы отауындағы 1 құмалақты келесі 7-ші отауға жүрді делік, сонда 6-шы отау бос қалады. Келесі № 2 диаграммаға қараңыз:

 

                    9    8     7      6      5     4    3   2    1

1

11

2

1

11

11

11

11

12

 

10

11

11

11

11

11

 

3

11

2

10

                     1   2    3   4   5   6     7   8    9

                                              2диаграмма

 

Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін  соңғы құмалақ қарсыластың  екі құмалағы бар отауларының біріне (9- шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. Мысалға жоғарыдағы № 6 диаграммадағы жағыдайды жалғастыралық. Ойынды бастаушы 1-ші отаудан жүріп, қостаушының 2-ші отауынан 12 құмалақ ұтып алды делік.( № 3-диаграмма )

 

                  9      8     7      6      5     4     3      2      1

1

11

2

1

11

11

11

 

13

 

10

1

12

12

12

12

2

3

12

3

22

               1     2      3     4      5     6      7      8      9

                                                   3 диаграмма

            Міне осы сәтте қостаушы 5-ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының

6-шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан  «тұздық» алады.

 

                9      8    7     6      5      4      3     2       1

2

12

3

2

1

11

11

 

13

 

13

2

13

13

13

13

Х

3

12

3

22

                1      2      3     4      5     6      7       8     9

                                                            № 4 диаграмма

 Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады.Тағы бір ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды.

 Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды.Мысалы, бастаушының1–ші отауымен қостаушының 1–ші отауы аттас, 2-ші отауымен 2-ші отауы аттас т.с.с.

Үшінші ерекшелік - «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын  «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады.      Төмендегі мысалға назар аударалық:

 

                  9     8      7     6      5      4     3     2       1

2

2

 

 

 

 

 

 

 

 

80

 

 

 

 

Х

1

 

 

7

70

                  1      2     3     4       5    6       7     8      9 

 

Ойынның қасиеті туралы .

Ойынның нәтижесі туралы айту.

“Ми гимнастикасы” сабақты пысықтау арқылы сұрақтар қою

Тоғызқұмалақ ойыны қазақ ұлттық  ойын түріне кіре ме? Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке бөлінген? Әр бөлікте неше отау, неше қазандық бар? Тұздық ашуға болама және оны қалай ашамыз? Тоғызқұмалақ терминдерін ата? Отаулардың аттарын білесің бе? Бірінші ойынды бастаған ойыншыны қалай атаймыз? Жұп, тақ сандар дегеніміз не?

 Видео корсету “Тоғызқұмлақ ережежелері” сабақты қайталау.

”Ойнай білмеген, ойлай білмейді” тоғызқұмалақ тақтасымен ойын және электронды түрде компьютермен жекелей ойын. Қателіктермен жұмыс.

Қорытынды: Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. Ережелерді есте сақтау, жаттығу.

Қызықтырған есепшіні, ойлыны,                          

Бабалардың бұл – ежелгі ойыны.

Екі адамға тең бөлінген «мал – жайы»,

Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.

Бар он сегіз ұясы оның – кіші отау,

Екі қазан үлкен келген – іші отау.

Бір жүз алпыс екі – барлық құмалақ,

 Сексен бірден – екі ойыншы тұр қамап.

 Әрқайсысының сегіз ұя – «ойы» бал,

Әр ұяның дәл тоғыздан «қойы» бар.

Екі ойыншы – екі «қойшы» кезекпенен,

Түсіреді ұяға «қой» есеппен

Бір-бірінің ұясына айдайды,

«Қой – құмалақ», санын жіті аңдайды.

 Ұяда қай жұп болса «қой» - құмалақ ,

 Бәрі қарсы қазанға кеп құламақ .

 Солай талай қой қазанға түседі,

 Есепке оны екі қойшы тізеді.

 Кімде-кімнің қазаны тез толады,-

 Сол ойыншы ұтып шыққан болды.

 Қызықтырған бүгінде  де ойлыны,  Міне, осындай бабалардың ойыны                  


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тоғызқұмалақ жүрістері.
Тоғызқұмалақ ойынының әдіс - тәсілдері
«Тоғызқұмалақ » ойыны
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Ұлттық ойын «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің жылдық жоспары- 40 сағат
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа тәсілдері
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа әдістері
«Дарынды оқушы-2013» мектепішілік байқауы
Теріс сандарды қосуға есептер шығару
Тоғызқұмалақ
Бөлім: Уроки / Дене шынықтыру | Көрсетілім: 2457 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык