Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жұмаділов, Қаздар қайтып барады


Жұмаділов, Қаздар қайтып барады

Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмаділов, Қаздар қайтып барады

Сабақтың мақсаты
1.Білімділік:  Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығы  мен өмірі жайлы түсінік беру
2.Дамытушылық: шығармасы жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
 Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар  т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу  Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау  
Аққулар ұйықтағанда үзінді жаттау
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай аулында дүниеге келген. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958-1962 жылдар аралығындағы Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай калған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. "Қазақ әдебиеті" газетінде (1965-1967), "Жазушы" баспасында (1967-1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976-1981) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста. 

  ІV. Cабақты меңгерту.
Оқулықта берілген Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» шығармасынан үзіндіні оқу. 
 Мәтін бойынша сұрақтар қою:
 Қарттың туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
 Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндіресіңдер?
 Қарт туған жерін неге аңсады және осы мәтіннен өздеріңе қандай ой түйдіңдер?

V. Сабақты қорытындылау
Мәтіндегі негізгі идея мен түйінді сөздерді оқушыларға тапқызып , мағынасын талқылау.
VІ.Үйге тапсырма         Мазмұндау
VІІ.Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Махмұт Қашқари өмірі мен шығармашылығы
Мен- құстан туған құмаймын
Кейіпкерлерге талдау
Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»
Шерхан Мұртаза, Бесеудің хаты
Сүлейменов Арғымақ, Қыз қуу, Махамбетке
Айбергенов, Ана, Аруана – бауыр дүние
Қарауылбек Қазиев Менің шешем
Төлеген Әбдіков Қонақтар
Дулат Исабеков Әпке
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3682 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык