Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жалпылама лексика


Жалпылама лексика

Сабақтың тақырыбы Жалпылама лексика

Сабақтың мақсаты :
                                    а) Жалпылама лексика туралы түсінік беру. Оқушылардың  ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негезгі әселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
                                  ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу..
                                 б)   Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.
Сабақтың түрі :                                жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар 
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                  Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                    ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
                    Өткен сабақты естеріне түсіріп бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Лексика нені зерттейді ?
2.Тіл білімі неше салаға бөлінеді ?
3.Табу дегеніміз не ?
4.Тұрақты тіркестерді қалай түсінесің ?
5.Эвфемизм дегеніміз не ?
6.Дисфемизм дегеніміз не ?
7.Антоним дегеніміз не ?
8.Омоним дегеніміз не ?
9.Синоним дегеніміз не ?
б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ  сөздерді жалпылама лексика дейміз. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды,әрекеттерді және  т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы : су,ауа,тамақ,үй,нан,мал,жеу,ішу,көру,жүру,ақ,көк,үлкен,кіші.
  Жалпылама лексикаға тән сөздер өздерінің тура мағынасында жұмсалады.
   Жалпылама лексикаға жататын сөздерді бала да,үлкен де,малшы да,аңшы да,ақын да,ғалым да бәрі бірдей түсінеді және сөйлеу мен жазуда қолданады.Мысалы : Биыл қар аз жауды.Кеше күн суық болды деген сөйлемдердегі әрбір сөз өзінің тура мағыналарында ғанақолданылып тұр.Осы сөйлемдердегі сөздердің бәрі жалпылама лексикаға жатады.
  Жалпылыма лексикаға жататын сөздер жалпы халыққа түсініктілігімен,анықтығымен,қарапайымдылығымен ерекшеленеді.Олар әдеби тілдің негізгі қоры болып табылады.
Жаттығумен жұмыс :  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен жалпылыма лексикаға жататын табиғат құбылыстарының атауларына қатысты бірнеше сөз теріп жазыңдар.Осы сөздерді қатыстырып жыл мезгілдерін суреттеңдер.
Білімді бекіту :  1. Жалпылама лексика дегеніміз не ?
                            2. Қазақ тілінің лексикасы нешеге бөлінеді ?
                            3. Жаңа сөздер дегеніміз не ?
                            4. Көнерген сөздер дегеніміз не ?
Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма :  169 – жаттығу. Төмендегі сөздерді білдіретін мағынасына қарай үлгіге сүйеніп топ – топқа бөліп жазыңдар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Кәсіби сөздер мен терминдер
Кәсіби және термин сөздер
Тілдің сөздік құрамы
Ашық және қысаң дауыстар
Тіл дыбыстары
Диалект сөздер
Лексикадан өткенді қайталау
Сөздердің жасау өрісіне байланысты түрлері
Кірме сөздер
Кәсіби сөздер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 17059 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык