Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Диалект сөздер


Диалект сөздер

Сабақтың тақырыбы Диалект сөздер

Сабақтың мақсаты :
                                    а) Диалект сөздер оның ерекшеліктерін  түсіндіру.Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
                                    ә)  Оқушыларды табиғаттысүюге,қоршаған ортаны бағалай білуге баулу,эстетикалықталғамдарын арттыру ;
                                      б)   Сөйлеу  тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі :                   кітаптар,диалектологиялық сөздік
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих
Сабақтың барысы : 
                                      а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                         ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
                      Үйге берілген жаттығуды тексеремін.                     
1.Кірме сөздер дегеніміз не ?
                                      2.Жалпылама лексика дегеніміз не ?
3.Жаңа сөздер дегеніміз не ?
                                                 4.Көнерген сөздер дегеніміз не ?
5.Сөздік құрам дегеніміз не ?
                                                  6.Табу дегеніміз не ?
7.Эвфомизм дегеніміз не ?
                                                         8.Дисфемизм дегеніміз не ?

                               б)  Жаңа сабақты түсіндіру :
  
                  Диалект сөздер – белгілі бір жердегі (аймақ,облыс,аудан ) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер.Диалект сөздер жалпыхалықтық  болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы : әдеби тілдегі  тәртіп сөзі Орал обылысында нұсқау,бұйрық деген мағынада қолданылады ; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы,шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады ; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді;әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысынд тұқым деп атайды.
   Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы : тыңла – тыңда,құдағай – құдаға т.б.
  Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп,жалпыхалықтық тілге айналды.

Топпен жұмыс : 184 – жаттығу.сөйлемдердегі  диалект сөздерді тауып жазыңдар.

Білімді бекіту : Түсінбегенсұрақтарына жауапберемін
1.Диалект сөздер дегеніміз не ?
2.кірме сөздер дегеніміз не ?

Бағалау : Оқушылардың ынтсына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 185 – жаттығу.Диалект сөздердің әдеби тілдегі баламаларын табыңдар


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Лексикология
Кәсіби және термин сөздер
Лексикадан өткенді қайталау
Жаңа сөздер
Тіл дыбыстары
Кірме сөздер
Кәсіби сөздер
Ой екпіні
«Көнерген сөз», «Жаңа сөз», «Диалект сөз» тақырыптары бойынша
Диалект сөздер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 44794 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык