Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 11503 |
|
|
|
Жедел өткен шақты қайталау
Жедел өткен шақты қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қайталау, етістіктің шақтары туралы білімдерін нығайту, -ды/-ді, -ты/-ті қосымшаларын нақты мысалдармен дәлелдеп ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың сауаттылықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: жан – жақты білімді, ана тілін терең меңгерген елжанды тұлға қалыптастыру;
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндірмелі, ізденіс сабағы
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, сызбалар
Оқыту формасы: Жұптап оқыту
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
2. Оқу құралдарын тексеру
ІІ. Білім деңгейін тексеру.
1.Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесің? Шақтың қандай түрлері бар?
2. Өткен шақ деген не?
3. Өткен шақ мағынасы мен жасалу жолдарына қарай нешеге бөлінеді?
4. Жедел өткен шақ деген не? Жасалу жолдарын айт.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, байқасақ, -ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары кейде жұрнақ, кейде жалғау болып келеді екен. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың мақсаты: -ды/-ді, -ты/-ті қосымшаларын нақты дәлелдермен тиянақты меңгеру.
1. – ды/-ді, - ты/-ті қатыстық сын есім жасайтын жұрнақтар: тасты жер, құмды аймақ, сүтті сиыр, ақылды бала т.б.
2. – ды/-ді, -ты/-ті жедел өткен шақ жұрнағы
3. – ды/-ді, -ты/-ті – табыс септігінің жалғауы, зат есімге және заттанған есім сөздерге жалғанып, сөйлемде толықтауыштың қызметін атқарады. Кімді, нені деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Көкторғын Көкшетауды мұнар басқан...(С.Сейфуллин). Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды (мақал). Енді оған сөйлеуді қойдым.
4. – ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары – ІІІ жақтың жіктік жалғауы. –ды/-ді, -ты/-ті жіктік жалғауы тек көсемшенің (іс – әрекетті білдіретін етістіктің ерекше түрі) -ып, -іп, -п, -а, -е, -й жұрнақтарынан кейін ғана жалғанады.
5. Етістіктің түбір тұлғасына тікелей жалғанғанда жұрнақ болады: барды, келді, ішті, жатты, көрді, т.б.
6. Етістіктің туынды түбіріне жалғанғанда жұрнақ болады: көбейді, теңгерді, тазалады, ойнады, тістеді, көгерді, қысқарды, ағарды, зарықты, басқарды, жарқырады, түнеді, бастады, т.б.
7. Етістіктің болымсыз түріне жалғанғанда жұрнақ болады: бармады, көрмеді, айтпады, кетпеді, т.б.
8. Етістіктің іс – әрекеттің орындаушыға қатысын білдіретін түрі – етіске жалғанғанда жұрнақ болады: сыланды, киінді, тартысты, айтқызды, жасатты, көрсетті, т.б.
9. Нақтылау мәнді білдіретін демеулік шылау. Бұл оқиға екі жыл бұрын болғанды.
Өткен материал бойынша тақтаға тірек сызба салынады:
Табыс септігінің ІІІ жақ жіктік жалғау
жалғауы
жедел өткен шақ жұрнағы нақтылық ұғымды қатыстық сын есім
бідіретін демеулік жасайтын
шылау жұрнақтар
IV.Сабақты бекіту
1. Тірек сызбаны пайдаланып оқушыларға бірнеше сөйлем айтқызу. Жұптап оқыту әдісі арқылы сабақты бекіту.
2. Тапсырма. Мәтіндегі тұлғалас –ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары бар сөздерге сатылай кешенді талдау жаса.
3. Тақтамен жұмыс. Екі жұп оқушы тақтаға шығады. Сәнділігімен сән – түбірі, зат есім; -ді – қатыстық сын есім тудырушы жұрнақ; -лік зат есім тудырушы жұрнақ (кейінді ықпалдың әсерінен к-г); -і – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы; -мен - көмектес септігінің жалғауы. Қалай көзге түседі? (Пысықтауыш қызметін атқарып тұр) Тігіледі, алынды, болған – ды сөздері осы ретпен талданды.
4. «Жедел жауап» ойыны. Екі жұп оқушы тақтаға шығады. Слайдпен берілген перфокартаны толтырады.
1 – ші оқушы.
Берілген сөздердің қосымшаларын ажырат Табыс септігінің жалғауы Қатыстық сын есімнің жұрнағы Жедел өткен шақтың жұрнағы ІІІ жақ жіктік жалғау Демеулік шылау
Ақылды +
Оқуды +
Оқыды +
Қабілетті +
Білгенді +
Көргенді +
Дарынды +
Сескенді +
Айтыпты +
2 – ші оқушы.
Тұлғалас -ды/-ді, -ты/-ті қосымшалары Берілген қосымшаларға лайықты сөздер жаз. Өткен ережелерге лайықты әр түріне мысал келтір.
Табыс септігінің жалғауы Кітапты (алдым) Дәптерімді (қаптадым) Тоқуды (қнатамын) Санағанды (үйрендім) Кішіні (ренжітпе)
Жіктік жалғау
Қатыстық сын есімнің жұрнағы
Жедел өткен шақтың жұрнағы
Демеулік шылау
Әр жұп оқушылары бағаланады.
V. Сабақты қорытындылау
1. Табыс септігіндегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болады? Тура толықтауыш па, жанама толықтауыш па, түсіндір
2. Жіктік жалғауы өткен шақтың қай түрін жасайды?
3. Жедел өткен шақтың жұрнақтары етістіктің қандай түрлеріне жалғанады екен?
4. Қатыстық сын есімге мысал келтір
5. Демеулік шылауды қатыстырып сөйлем айт. Түсінбегендері болса толықтырамын.
VІ.Оқушылардың білімін бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: 159-жаттығу (мақсатын толық орындау: тұлғалас қосымшаларды ажырату)
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |