Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жылдық қайталау


Жылдық қайталау

Сабақтың тақырыбы: Жылдық қайталау

Сабақтың мақсаты:
білімділік:  оқушылардың фонетика, лексика, сөзжасам бойынша алған білімдерінеске түсіру, қайталау арқылы бекіту. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.     
тәрбиелік: өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру. Тілге құрмет сезіміне тәрбиелеу.
 
дамытушылық:  Тапқырлық, ұтқырлық, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру.   Талдау дағдыларын арттыру. Сөз байлығын жетілдіру.                     
 
Сабақтың түрі:
Қайталау, білімді бекіту сабағы.
Сабақтың типі:
Сайыс сабағы.                                    Шығармашылық ой дамыту сабағы. 
Сабақтың әдісі:
Сұрақ-жауап,көрнекілік әдісі. Талдау, салыстыру, жинақтау, сайыстыру, деңгейлік тапсырмалар, тест.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, слайдтар, таратпа материалдар.
Сабақтың эпиграфы:
Құдіретті жасай бер, анам тілі,
Өзің барда ғажап – ақ ғалам күллі.
Шабыт құйып, сән беріп сендік қуат
Жол көрсетіп, әрлейді әрбір күнді.
 
Сабақтың барысы:
 
1.Ұйымдастыру кезеңі.
a) Оқушылармды түгендеу, назарларын сабаққа аудару. 
b) Психологиялық әзірлік.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
c) Қызығушылығын ояту (сабақтың  эпиграфын  слайдтан оқыту)
  Балалар, бүгінгі сабағымыз да жылы лебізден , бойға қуат беретін сөздерден басталды. Ендеше , додаға түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма дегендей,  сендердің білім бәйгесіндегі жүйріктіктеріңді сынайтын мезгіл де жеткен сияқты. Бүгінгі сабақ сендердің қазақ тілі пәнініе алған бір жылғы білімдеріңді қорытындылайтын сабақ болмақ. Ендеше «Білім шыңы» сайысын бастайық.
Сайысымыз 3 топтың арасында өтпек. Бұл топтардың атаулары төмендегідей:
1-қатар – «Фонетика» тобы
2-қатар – «Лексика» тобы
3-қатар – «Сөзжасам» тобы 
Сайыс төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Зымыран сұрақтар.
2. Фонетика шыңы
3. Лексика шыңы
4. Сөзжасам шыңы
5. «Жас лингвист» шыңы
Әр бөлім қорытындысы бойынша оқушыларға және топтарға фишкалар беріліп отырады.
 
1-бөлім. «Зымыран сұрақтар».
Лексика:
1. Лексика нені зерттейді?
2. Көп мағыналы сөз дегеніміз не?
3. Омоним дегеніміз не?
4. Синоним дегеніміз не?
5. Антоним дегеніміз не?
6. «Эвфемизм» сөзінің шығу төркіні?
7. Идиомалық тіркес дегенді қалай түсінесің?
8. Табу дегеніміз не?
9. Кірме сөз дегеніміз не?
10. Тұрақты тіркес дегеніміз не?
11. Дисфемизмге қарама-қарсы құбылыс.
12. Калифорния академиясының А. Эйнштейн ат. Алтын медаль иегері, Халықаралық «Шахрияр » сыйлығының иегері, Түрік Республикасының Түркі дүниесіне қызмет сыйлығының иегері, ақын?
 
Фонетика:
 
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Екпін түрлері нешеу?
3. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді табыңыз.
4. Өз құрамында үш буын, жеті әріп бар,Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп. Ол не? 
5. Қазақ әліпбиі неше рет өзгерді?
6. Сингармонизм терминін қазақ тіліне енгізген ғалым кім?
7. Орыс алфавиті негізінде қазақ әліпбиін жасаған ғалым?
8. Араб әліпбиін пайдалануымызға не себеп болды?
9. Көбінесе қандай сөздерде буын үндестігі сақталмайды?
10. Буын түрлерін ата?
11. Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
12. Дауыссыздар қандай топтарға бөлінеді?
 
           Сөзжасам:
1. Тіл білімінің салалары?
2. Сөзжасам дегеніміз не
3. «Жүз» сөзінің мағыналарын айт. Бұл сөз қандай жолмен жасалған туынды сөз?
4. Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздерге мысал келтір.
5. Бірігу жолымен жасалған туынды сөздерге мысал келтір.
6. Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздерге мысал келтір.
7. Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздерге мысал келтір.
8. Мына сөздердің қайсысы туынды сөз: сақина, білезік, алқа.
9. «Кемпірқосақ» сөзі қай тәсілмен жасалған?
10. «Дәрі»,  «киім» сөздерінен қос сөз жаса.
11. Сөйлемнен туынды сөздерді тап: Кекіліксайдан сымбатты теректерді көрдім. 
12. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен басты айырмашылығын ата.
 
 
2-бөлім. «Фонетика шыңы».
Әр топ өздеріне берілген сөздерге фонетикалық талдау жасайды:
 
1-қатар – «Фонетика» тобы – «Өнер» сөзіне
2-қатар – «Лексика» тобы – «білім» сөзіне
3-қатар – «Сөзжасам» тобы  - «жарық» сөзіне фонетикалық талдау жасайды.
 
3-бөлім. «Лексика шыңы».
1- тапсырма.Берілген сөздерді сәйкестендіріп жаз:
Эвфемизм1. Сөзуар.  2. Қолды болу. 3.Қосып айту.  4.Көз жұму, қайтыс болу, жан тәсілім ету,дүние салды. 5.Ала жіпті аттамау. 
Дисфемизм1. Ауыз жаласқан.  2. Боқтан өзгені сөз қылу. 3.Бадырақ.  4.Топас. 
Мылжың, ұрланды , өтірік айту, өлді, ұрлық жасау, тату, әр нәрсені сөз ету, бота көзді, ақылы аздау.
 
2-тапсырма. Тұрақты тіркестердің мағынасын тауып, көшіріп жазыңдар. 
Жүрек жалғау-
Кірпік қақпау-
Тас жүрек-
Қырғи қабақ болу-
Бармағын тістеу-
Ит өлген жер-
Тайға таңба басқандай-
Ат ізін салмау-
Пейілі тар-
Көкірегі қарс айрылу
 
3- тапсырма. Мағынасына сәйкес тұрақты тіркестерді синонимдерімен сәйкестендіріңдер.
1.Тасы өрге домалау.  2.Сіркесі су көтермеу. 3.Қабақ шытысты.  4.Сөз байласу.   5.Көзге түртсе көргісіз.   6.Арасынан қыл өтпейді.
    7.Ат ізін салмау.   8.Ит арқасы қиянда. 9.Бармағын тістеу. 10.Жүрек жұтқан.
Батыр, өкіну, алыс, жолы болу, ашуланды, тату, хабарласпау, уәделесу, қараңғы.
4-тапсырма. Шығармашылық диктант
 
Ұлан бүгін құлқын сәріден оянды.                      мәз болды
Оны атасы бірден ұқты.                                      ерте
Апыл-ғұпыл шайларын ішіп, жолға шықты.       түсінді
Бұған бүкіл достары қуанды.                              тез
5. «Жасырынған омоним сөздерді тап» ойыны /Интерактивті тақта көмегімен/.
Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдік, 
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға , солға бұрылып, 
Егеменді ел көрдік.
 
4-бөлім. «Сөзжасам шыңы».
Семантикалық картамен жұмыс:
Мысалдар Жұрнақ жалғ. арқ. жасалған туынд сөз Бірігу жолымен жасалған туынд сөз Қосарлану жолым. жасалған туынд сөз Тіркесу жолымен жасалған туынд сөз
Малшы
Тасбақа
Үлкен-кіші
Темір жол
Ата-ана
Аққұтан
Кітапхан
Қорытынды бөлім.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма:
1. Бір- біріңе арнап жыл бойғы өтілгендерден 5 сұрақтан тұратын тест дайындау.
2.Бүгін кеште ауылда,
Қызықты бір кеш болды.
Аяғымен су кешіп,
Айыбымды кеш деді.
Осы үлгідегідей омоним сөздерді қатыстырып 1 шумақ өлең шығарып келу.
Оқушыларды бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тұрақты сөз тіркестеріне тіл дамыту жұмыстары
Сөзжасам
Лексика, Омоним, Синоним, Антоним
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
Сөзжасам
Лексика әлемін шарлау
Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер
«Қазақ тіл білімі» бойынша тест сұрақтары
«Тұрақты тіркес», «Идиомалық тіркес» тақырыптары бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2785 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык