Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Адасқан сандар»


«Адасқан сандар»

«Адасқан сандар»

Сабақтың тақырыбы:  «Адасқан сандар»

Сабақтың мақсаты: Санды көру.есту және қимыл арқылы қабылдау пысықтау. Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен снауды, қанша болса ұғымдарын қалыптастыру үшін жаттықтыру. Іріктеп алынған заттарға ұқсас нәрселерді таба білу.

Көрнекілік: суреттер, сандар жазылған конверт.

Сабақтың барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі.

а) Қажетті материалдарды дайындау.

б) «Санамақ» жаттау. 

Бір дегенім –білеу

Екі дегенім-егеу

Үш дегенім- үскі

Төрт дегенім-төсек

Бес дегенім-бесік

Алты дегенім-асық

Жеті дегенім-желке

Сегіз дегінім-серке

Тоғыз дегінім-торқа

Он дегенім-орақ.

  1. Жаңа материалдардың мазмұны.

-Олай болса,тақтаға қарайық нелер көріп тұрсындар?

-Сандар

-сандар әр жерде шашылып жатыр соны маған жинауға көмектессіңдерме балалар?

-Ия ,олай болса жинап айтайық.

-Балалар қараңдаршы манағы сандардан әріптер шықты.

-Олай болса ,біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты «Адасқан сандар» туралы болмақ. Адасқан сандарға байланысты тақпақтар айтайық

1-ші: хормен:   Жіңішке жалғыз таяқша-

                           Бір саны ол айрықша.

2-ші: Гүлвира:   Екі саны байыпты,

                            Аққуға ұқсап қалыпты.

                           Ұзын мойын, құйрықты,

                           Қазды да қатар қойыпты.

3-ші: Саят:       Екіліктен кейін қараңдар,

                         Үш саны шықты ,жарандар

                         Үшінші орын тұрағы,

                         Үш ілмекті қосып тұрады.

4-ші: хормен:  Сүйір шынтақ шығарып,

                         Төрт  тұр алға үшті алып.

5-ші: Жұлдыз:  Басталады саусағым бас бармақтан,

                           Балан үйрек келеді санағанда.

                           Ортан терек,билігі,тұрып қалған

                             Шылдыр шүмек келеді кезегім деп

                            Кішкентай бөбек таласпай болған екен.

6-ші: Арухан:    Алты саны ол-алтау

                            Бестен кейін келеді

                           Тапқыр бірден біледі.

7-ші хормен:  Сергіту сәті   Дүйсенбіде гүлдер ектім,

                                               Сейсенбіде жуа тердім.

                                              Сәрсенбіде  су әкелдім

                                              Бейсенбіде бақша баптап,

                                             Жұма күні тақпақ жаттап,

                                             Сенбіде мен киноға бардым,

                                            Жексенбіде бір демалдым.

8-ші: Ділмұғамбет: Кел,балалар,санайық,

                                  Жетіге бірді қосайық.

                                  Жаңа шыққан санды біз

                                 «Сегіз»деп енді атайық.

9-ші: Гұлнұр:    Рет-ретімен санасақ,

                           Тоғыз саны домалап,

                            Сегізден кейін келеді.

                             Жіңішке таяқ тірегі.

10-ші: Нұрсәлім:  Он, білесің, басы ашық

                           Тоғыздан кейін келеді.

                            Саусақтарды санап шық,

                             Есебін сол береді!

-Өте жақсы балалар,

  1. «Ойлан » деген ойын ойнайық тақтаға қараймыз қандай суреттер тұр,

Аю,  қуыршақ,  ат,  үйрек,  күшік,  қоян,  мысық,  бақа, үй,  лақ, доп. Осы суреттердің сандары жазылмаған жазып шығайық.

  1. 2. «Көршілерін тап» ойыны үш оқушыны шығарып орындату.
  2. 3. Дәптер жұмыс .«Сандар әлемі» Сандар әлемінен  келген заттарға назар аудару. Оның бойында қандай сандар бар? Оларды ата және өз қалауың бойынша әдемілеп боядық па? Олай болса  сандар  әлемін жіберейік.
  3. Жүк көліктерін өз тұрағына қоюға жәрдем берейік.

5.Қорытынды.Сандар «адасып қалды».  Барлық сандарды  қажетті үйшіктерге орналастырайық.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош, балалар бақшасы!
«7 саны»
7 саны.
Есепке жүйрік өрендер.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда логикалық ойын - жаттығуларды пайдалану.
7 саны мен цифры
5 санымен таныстыру
3 көлемінде санау
9 санымен таныстыра отырып,тура,кері санауға үйрету
7-саны және цифры
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 8393 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык