Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «7 саны»



«7 саны»

Тақырыбы: «7 саны»
Мақсаты:
 7 - ге дейінгі сандарды тура және кері ретімен қоя білуге, сандардың таңбаларын танып ажыратуды, геометриялық пішіндер мен денелерді, олардың түстерін ажыратуды ойын арқылы жетілдіре түсу.
Ойлау, көріп - тану, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тіл байлықтарын және сөздік қорларын байыту.
Тапқырлыққа, ептілікке, жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу. Халықтық педагогиканы ұштастыра отырып халқымыздың киелі 7 санына деген ұғымдарын кеңейту. Ұжымдық іс - әрекетке баулу.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, жұмбақ жасыру, санамақтар.
Ұйымдастырылған іс - әрекеттің түрі: сайыс сабақ
Ұйымдастырылған іс - әрекеттің типі: білім тиянақтау
Пәнаралық байланыс: математика, тіл дамыту, ән, құрастыру, көркем әдебиет, өзін - өзі тану
Көрнекіліктер: цифрлар, пішіндер, шыршалар, суреттер және компьютер, проектор.
Алдын - ала жүргізілген жұмыс: санамақ жаттату, 7 ата, 7 қазына, 7 күн және тағы да басқа 7 санына байланысты ұғымдарын кеңейту
Психологиялық тренинг
Бақыт – біздің сиқырлы шеңберіміз
Бақыт – біздің достарға сенгеніміз
Бақыт – таңнан біреумен достасуың
Бақыт – кеште достармен қоштасуың
Балалар, тақтаға қарайықшы, нені көріп тұрсыңдар?
Геометриялық пішіндер мен денелерді
Атап айтайықшы
Төртбұрыш, үшбұрыш, куб, цилиндр, дөңгелек, сопақша, көпбұрыш
Олардың түстері бірдей ме?
Әртүрлі
Олар нешеу екен, санайықшы
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7. Жетеу
7 саны қазақта киелі болып есептеледі. Сендер 7 санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
7ата, 7қазына, 7 күн, 7 қарақшы, 7 күлше, 7 жұт
Мына көріп тұрған жеті түрлі пішіндердің ішінде 7 түрлі тапсырма бар. Солардың сырын ашқыларың келе ме?
Ендеше біз «Санауды жалғастыр» ойыны арқылы 3 топқа бөлініп алайық.
Балалар 7 - ге дейін санап, әр 7 бала бір топ болып бөлінеді
1 - топ: Алғырлар тобы
2 - топ: Тапқырлар тобы
3 - топ: Ойшылдар тобы
№1 тапсырма «Адасқан сандар»
Шарты: 3 топтың да балаларына 7 - ге дейінгі сандарды беріп, белгі берілген кезде ретімен тура тұра қалу керек. Бірінші болған топқа 1 жұлдызшадан беріледі.
Келесі сәтте сол сандар кері тұрулары қажет
2 пішіннің тапсырмасы: «Ойыншық жинау»
Шарты: Әр топқа бір шыршадан 7 қорапшадан беріледі. Қорапшаның сыртында 7 - ге дейінгі сандар жазылған. Шыршаларда ойыншықтың суреті салынған, сол ойыншық нешеу болса, сол санның цифр таңбасын тауып салу қажет.
3 пішіннің тапсырмасы: Санамақ жарыс
Балалар санамақ айтып жарысады.
4 пішіннің тапсырмасы:
Бой сергіту
Балалар «Санамақ» әнін айтып, қимылын жасайды
5 пішіннің тапсырмасы.
«Танграмм» ойыны
Әртүрлі геометриялық пішіндерден бейне құрастыру.
6 пішіннің тапсырмасы:
Бейне жұмбақ. Электронды оқулықтан беріледі
«Кел санайық», «Ойнайық, ойланайық» ойындары
7 пішіннің тапсырмасы:
«Жеті жұмбақ»
Балалар жұмбақтардың шешуін табады
Балалар, бүгінгі ойынымыз қызықты болды, бәрің де өте жақсы қатыстыңдар. Енді әр топтың жинаған жұлдызшаларын санап жеңімпаз топты анықтайық. Балалар хормен санап, әр топ неше жұлдызшадан жинағанын анықтайды.
Жеңіске жеткен топты мадақтау. Балаларға жұлдызшалар тапсыру.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Тура және кері санауды, геометриялық пішіндер мен денелерді ажыратып, сұраққа толық және нақты жауап бере біледі.
Меңгеруі: Жеті санының қасиетін ұғынып, жеті санына қатысты ұғымдарды тереңірек меңгереді.
Жасай алуы: Әртүрлі геометриялық пішіндерден танграммалық бейне құрастырып, не жасағандарын түсіндіріп айтып бере алады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш».
Қызықты математика
Қайталау
Геометриялық пішіндердің ғажайып елі
Геометриялық пішіндердің ғажайып елі
Пішін. Пішіннің қасиеттері
Фигуралар
Пішіндер әлеміне саяхат
3 көлемінде санау
Әртүрлі дөңгелектер
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 2685 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык