Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ана тілім – дана тілім.


Ана тілім – дана тілім.

Ана тілім – дана тілім.

 Арнұр:

Сәлем бердім, саған елім,

Тал бесігім, туған жерім.

Сәлем бердім бәріңізге

«Қазақ тілі» - дегендердің.

Сезім:

Тәуелсіз Қазақстанның,

Бал тілді бүлдіршінімін.

Мерекесін тілімнің,

Тойлаушының бірімін.

Арнұр:

Қазақстан халқының,

Қазақ тілі – тірегі.

Ана тілде айтылар,

Ән ұраны – жүрегі.                                                                                              

Сезім:

Мәртебесі тілімнің,

Биік болсын халайық.

Достығымыз жарасып,

Қосылып ән салайық.

 Ән: «Ананың тілі».

Осы кезде күй төгіліп, алыстан,алыстанестілген дауыс жақындай түседі. Айқайлап атқа мінген бала: «Сүйінші! Сүйінші!», «Алақай, сүйінші» - деп шауып келеді. Осы кезде бір қыз бала қолында домбырасы  бар алдынан шығып:

 -Домбырамды,

 Сүйіншіңе берейін.

 Қандай хабар әкелдің,

 Айтшы тыңдап көрейін.

Ат мінген бала:

-Ей, халайық «Тіл мерекесі» құтты болсын! Тіл мерекесін тойлағалы жа-тырмыз.

Қыз:

-Рас па?

-Тіліміздің даңқы ассын!

-Тойым тойға ұлассын.

 Арнұр:

                         -Ақындар қайда, ақындар?

                         Айтсыз той болған ба?

Сезім:

                         -Рас,қайда, шықсын

                         Таразылып тақымдар

                          Алдын да тұр, асқар сын

                         Ортаға шық ақындар,

                         Енді айтыс басталсын,

                         Қыз бен ұлдың айтысы.

 Айтыс: (ортаға қазақша киінген,домбыра ұстаған бір қыз бала мен бір  ұл бала шығады). Асқар Хадиша мен Торебек Димаштың айтысына кезек берейік.

Тәрбиеші:     Бабамыздың мұңысың сен домбыра,

                       Анамыздың сырысың сен домбыра.

                      Қазағымның жүрегінен жаралған,

                      Даламыздың үні сенсің домбыра.

                     Шалқытып мерекеде ән салайық,

                     Өнерпаз балаларға тамсанайық.

                     Мың бұралып билеген өнерпазға,

                     Алғыс айтып, мерейленіп қол соғайық . – дей отырып әсем биге кезек берейік.

Би: « Домбыра »

Тәрбиеші: Тіл – адамның белгісінің жұмсайтын қаруының бірі. Осы күдері тіліміз өркендеп келеді.Сол ана тілін қастерлеу – бізің міндетіміз.

Назым:         Ана тілің – арың бұл,

                      Ұятың боп тұр бетте.

                     Өзге тілдің бәрін біл,

                     Өз тіліңді құрметте.

Айым:         Ана тіл – тағдыр талайым,

                     Ана тіл – ырыс құтпаным.

                     Ана тіл – ұлы Абайым,

                     Ана тіл – дана Мұхтарым.

Алижан:     Ана тілім – ұраным ,

                     Ана тілім – құраным .

                     Ана тілім болмаса,

                     Мықты болмас тұрғаным.

Арайлым:   Ана тілі- ананың құнар сүті ғой,

                     Ғұмыр бойы сен еметін.

                    Ана тілі – халықтың ырыс құты ғой,

                    Игілігіне кенелетін.

Тәрбиеші:  Шалқытып мерекеде ән салайық,

                   Өнерпаз балаларға тамсанайық.

                   Мың бұралып билеген өнерпазға,

                   Алғыс айтып, мерейленіп қол соғайық.

Би: «Тұлпарым». 

Ойын: Тапқышбектің сұрағы.

  1. Біздің Республикамыз қалай аталады ?
  2. Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
  3. Қазақстан Республикасының Рәміздерін атап беріңдерші.
  4. Қазақстан Республикасының елбасы кім ?
  5. Сендердің ұлттарың кім ? (Басқа қандай ұлттарды білесіңдер?)
  6. Сендердің ана тілдерің қай тіл ? (Басқа қандай тілдер білесіңдер ?)
  7. Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? 

Мақал – мәтелдер :

1.Мейіржан:  Тіл буынсыз – ой түпсіз.

  1. Т.Мадина: Піл көтермегенді тіл көтереді.

3.Аяна:           Тілде сүйек жоқ, таста тамыр жоқ.

4.Арнұр:         Шешеннің тілі, шебердің бізі.

5.Нұрдаулет: Қызыл тіл – қылыш жүзіндей.

6.М.Мадина:  Ана тілі – асыл мұра.

7.Жансерік:   Төл тілің – күре тамырың.

8.Айым:        Тіл халықтың жаны.

  1. Елдос: Ана тілім байлығым .

10.Сезім:      Тіл жұтамас байлық, жойылмас қазына. 

Тәрбиеші:    Бірге болсын  ойымыз,

                      Құтты болсын тойымыз.

                     Бүлдіршіндер шаттана,

                    Ән айтады мақтана. – дей отырып әсем әнге кезек берейік.

Ән: «Қошақаным». 

Тәрбиеші: «Ел болам десең , бесігіңді түзе.» - дегендей бесігімізді түзеп, өз ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, оның беделін арттыру әрбір азаматтың өз қолында.Сондықтан Отанымызды, туған жерімізді, елімізді,тілімізді құрметтеу керепіз:  Қазақ тілім – ана тілім,

                                   Тамыры терең – терең баба тілім.

                                   Құтты болсын мерекең,

                                  Бал татаыған баба тілім.

Аяна:            Отан – сенің ата-анаң,

                      Отан – досың, бауырың.

                      Отан – үлкен астанаң,

                      Отан – аудан, ауылың.

Бексұлтан: Отан – асыл анамыз,

                      Ана сүтін ақтаймыз.

                      Есейгенде ер болып,

                      Елді жаудан сақтаймыз.

Т.Мадина:   Білгірлігім асады бәріңізден,

                      Жетістікті айтамыз әнімізбен.

                      Отан тілін қашанда құрметтейміз,

                      Салт-дәстүрін сақтаймыз сәнімізбен.

Алижан:      Алғыр деген атым бар,

                      Қазақ деген затым бар.

                     Ел тілінде сөйлейміз,

                    Тіл білмесек жолың тар.

Жансерік: Туған жерім , туған елім:

                    - Қазақстан!

Димаш:    Өмірімізді , өзімізді көріп,

                   Бұл - қазақ дейді!

Ару:            Әнімізді, жырымызды тыңдап ,

                    Бұл – қазақ дейді.

Алижан :   Ерлігімізге , тірлігімізге қарап,

                    Бұл – қазақ дейді.

Айғаным:   Дархандығымызды, дастарханымызды көріп,

                    Бұл – қазақ дейді.

Арайлым:   Тұрқымызды, ғұрпымызды көріп,

                    Бұл – қазақ дейді.

Хадиша:    Өзімізді, сөзімізді тыңдап ,

                   Бұл -  қазақ дейді.

Мейірім:   Қазақ деген ғажапдейді,

                   Сол үшін қазақ болғаныма

                   Мақтанамын, шаттанамын! 

Тәрбиеші: Құмбатты балалар! Өзінің байлығы, сұлулығыжәне икемдігі жағына дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілің бар екндігін ұмытпа. Ел үмітін ақтар азамат болам десең, сол игілікті жалғастырып, дамытыпілгері апара біл. Ана тілінің көсегесін көгертіп, мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі жерде өздеріңе байланысты. Оқу-білім, еңбек жолында ана тіліңнің қамқоры бола біл!                                                                                                                              

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл - ұлттың жаны, халықтың үні
Тіл байлығы-ел байлығы
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Шығарма Анамның тілі- ардақтым менің
Мемлекеттік тіл - менің тілім!
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Тіл – халық қазынасы
Ана тілім – асыл қазынам!
Тілім менің – асыл қазынам
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 25312 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык