|
|
Ғ дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ғ дыбысы және әрпімен таныстыру өтілген дыбыстарды
қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата
білу. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Балаларды буынға
бөлу туралы түсінігін дамыту.
2.Тәрбиелік: Әдептілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін
дамытып, тіл байлығын арттыра отырып сөздерді
байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
Әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, топтастыру жұмысы.
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер мен буындар үлестірмелі суреттер, әліппе дәптер.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу назарларын сабаққа аударып, оқу-құралдарын дайындату.
- Өтілген әріпті еске түсіру.
«Бір айналым сөйлеу» ойынын ойнату арқылы ішіңде Ң дыбысы бар сөздерді ойлап табу.
Бір оқушы 1 сөзден жазып, айналдыра береді.
Жаңбыр, шаңғы, саңырау, жаңа, т.б.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілі.
- Дұрыс.
- Олай болса мен сендерге «жұмбақ» жасырамын. Сол жұмбақтың шешуінен біздің бүгінгі өтілетін жаңа дыбысымыз шығады.
«Жұмбақ» шешу:
Ағада бар,
Менде жоқ.
Жағада бар,
Жеңде жоқ.
(Ғ)
Хормен айтқызу: Баспа және жазбаша түрімен таныстыру, ауада жазу. Дауысты және дауыссыз екенін өздері ажыратады. Ғ дыбысын қайталау.
Балалар, енді мен сендерге жаңғақ ішінде, арасында ғ дыбысы немесе басында ғ дыбысы келетін сөздер айтамын.
Олай болса, «Ғани» деген адамның атында бірінші қандай дыбыс естіледі?
- Ғ дыбысы.
- Ғ дауыссыз дыбыс.
- Ғалам – Ғ әрпінен басталады.
Ғ дыбысынан аталатын адамдардың аттарын ойлап табу.
(Ғалия, Ғазірет, Ғаппар, Ғаини, т.б.)
Ғ дыбысының таңбасы. Ғ әрпі тақтаға жазылады.
- Әліппе жазу дәптерімен жұмыс.
Әліппе – дәптердің суреттеріне қарап заттың атын атайды, буындарға бөледі.
Ға-лам, са-ғат, а-ға, шал-ға, шаң-ғы.
Олар суретке және сызбаға сүйеніп сөйлем құрап жазады.
Ол – сағат.
Менің ағам.
«Ғаламды түсіндіру».
«Ойлан тап» ойыны.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сергіту жаттығуы.
Кел, балалар, ойнайық»
Тектен текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық,
Үзіп алып бақтардан
Жолдастарға сыйлайық!
- Көрнекілікпен жұмыс.
Ғарышкер суретін көрсетіп,
Ғарышкер туралы түсінік беру.
- Бір буынды, екі буынды сөздерді оқыту.
ға, ғы, ғу, ғи. шаң-ғы, са-ғат, а-ға, та-ға.
Ғ дыбысы сөздің басында, ортасында көздеседі.
- Сөздік диктант.
Аға, ауа, су, ну, ту, ана, ата.
- Сабақты қорытындылау, бекіту.
- Біз не үйрендік?
- Ғ дыбысы мен әрпі.
Балалардың білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Сағат, шаңғы суреттерін салып келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |