Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көбелектер әлемі


Көбелектер әлемі

Көбелектер әлемі

 Іс-әрекет тақырыбы: Көбелектер әлемі

  Іс- әрекет мақсаты: Балалардың табиғат әлемі не деген әдемілігіне қызығушылығын арттыру, бояулардың түстерінің мәнін түсінуге қалыптастыру.Дәстүрлі емес әдісті пайдалана отырып сурет сала алуға, топтасқан түрде бейнелеу құралдарының түрлерін пайдалана отырып сурет салуға үйрету. Көбелекті әртүрлі түсті пайдалана отырып әдемі бейнелеуге, құммен салуға үйрету.Балалардың шығармашылығын дамыту.

 К/ құралдар: карандаштар, фломастер, гуашь, қағаз, желім, құм ыдыстағы, ылғал сүрткіштер.

  Іс -әрекет барысы: Балалар шеңбер бойымен тұрады.Жұмбақ жасыру.

 

Бар екен бір мақұлық ұннан майда,

                            Өз басын тігеді екен қиын жайға.

                            Ұстасақ үгітіліп жоғалады,

Дамылдап отырмайды ешбір жайға.

 

 Дұрыс жұмбақтың шешуі көбелек екен. Балалар енді мұнда қарайық көбелек түрлерін слайд арқылы тамашалайық. Слайд көру, түрлеріне тоқталу. Ол ұшады, қонады, қанатын ашып қонады, көбелектер гүлді шаңтозаңнан, күн ыссылығынан қорғайды екен.Тек олар қысқа өмір сүреді екен.Енді сендерге қызықты әңгіме айтып берейінші.Бір ертегі елінде көп әдемі гүлдер өсіп жатыр екен. Сол жерде көбелек өмір сүреді екен.Балалар көбелек әдемі, ол нәзік.Балалар көбелекті шынымен ертегі еліндегідей шақырып көрелік.Мүмкін көбелек бізге ұшып келер.

 

Кәне бірге.         Көбелек, көбелек

                            Біздің баққа қона кет.

 

Қараңдаршы көбелек бізге шынымен ұшып келген сияқты. Көбелек қандай әдемі, көңілді.Көбелектер не істей алады? Ұшады , қонады, қалықтайды.Олармен ойнап көрелік қарап бәріміз үрелік.

 

 

 

 

 

                            Мұрнымызбен дем алайық,

                            Аузымызбен дем шығарайық.

                            Терең дем алып, жаймен үрлейміз.

 

 

 Ал қазір ертегі гүлдер әлеміне көбелекті қондырайық оған ат қояйық.Ғажайып көбелек деп атаймыз. Балалар көбелек еліне қуанышты, көңілді қайту үшін бейнелеу өнерінің құралдарын пайдалана отырып көбелек салып берейік.Балалар  көбелек туралы тақпақ білеміз бе?

 

 

                                         Ақ қанатты көбелек,

                                         Көк қанатты көбелек,

                                         Қызыл қанат көбелек

                           Бақшамызға келе кет.              Айым

                                        Гүлдер, гүлдер көктесін,

                                     Көбелектер көп келсін.

                                     Ақ қанатты көбелек,

                                     Бақшамыздан кетпесін.           Азамат

  

Жұмысты бастамас бұрын саусақ , қолдарымызды жаттықтыру.

 

                                        Көбелектер дос болайық,

                                        Көңілдірек қанекей.

                                        Бақта бізде гүлдер бар,

                                        Қане, ұшамыз бәріміз.

                                        Егер жаңбыр жауа қалса,

                                        Тығыламыз бәріміз.

 

 Енді балалар бәріміз бері қаралық.

 Көбелекте не бар?

 Ол қандай?

 Денесі, басы, қанаты.

 

Балалар біз осы уақытқа дейін карандаш, су бояқ, құммен жұмыс жасап келдік.Осы әдісті пайдалана отырып көбелекті 4-5 баладан топтасып карандаш, фломастер, гуашь, құммен бейнелейік. Балалар жұмысын қадағалау талдау жасау.Біздің ғажайып көбелегіміз көңілді. Енді бәріміз ойын ойнаймыз.Гүлдер бетпердесін ,көбелектер бетпердесін киген балалар ортаға шығады.

Ойын: « Өз гүліңді тап» ( түстеріне қарай)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
WordPad құжатына суреттерді кірістіру
«Бақшаға серуен»
Орманда
Көктем гүлдерінен көбелектер жасайық
Сиқырлы көбелектер
Өрнектелген керемет бақша
“Көбелекпен кездесу» ертегі терапиясы
Ғажайып көбелек
Саңырауқұлақ саясында
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 13177 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык