Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Мұз патшалығына саяхат»


«Мұз патшалығына саяхат»

«Мұз патшалығына саяхат»

   Тақырыбы: «Мұз патшалығына саяхат»

    Мақсаты:   Жыл мезгілдерінің  белгілері, ерекшеліктері, ұқсастығы туралы балалардың түсінігін кеңейту. Оларды ажырата білуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгерту. Алған білімдердің тиянақтау. Ертегі арқылы сөздік қорын молайту. Балалардың сөйлеу әрекетін, есте сақтау қабілетін дамыту.  Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді құрметтеуге үйрету. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Көмек беру, мейірімділік, жақсылық жасау сияқты қасиеттерді баланың бойына дарыту.

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Ата-аналармен бірігіп «Жыл мезгілдерінің ерекшелігі» тақырыбына кітапшалар жасау. «Бұл қай кезде болады?» жұмбақты шешу.

Көрнекіліктер:   Жыл мезгілдерінің  көріністері бейнеленген суреттер.  Тағамдардың суреттері, «Қыраулы бұтақтар», «Омбы қар» атты дидактикалық ойынға арналған көрнекіліктер. «Сиқырлы қарлар». «Мұз патшалығының» макеті.

Қолданылатын әдіс- тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу. Техникалық құралдар: үнтаспа, компьютер. Д/ойындар:  «Кім жүйрік», «Сезім мүшелерінің қызметі», «Қыраулы бұтақтар», «Омбы қар».

Қостілділік компоненті: қыраулы бұтақ – ветки в инее, омбы қар- сугроб, қарағайлы орман- сосновый бор,  балмұздақ- морожное, суық-холодный, сладкий – тәтті.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрінің барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықтарын ояту.

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.
-Балалар, бүгін аптаның қандай күні? Бір аптада неше күн бар?

-Есімізге түсірейікші, апта деген Атайдың неше ұлы бар?

(балалардың жауабы)

Мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын, шеше аласыңдар ма?

Жапырағы жасыл желек жамылған,

Өн бойына қызыл алқа тағылған.

Кең даланы сары алтынға малынған,

Енді бірде табиғатты ақ көрпеге ораған.

Құбылысты біздер не деп айтамыз? 

(жыл мезгілдері)

- Балалар жылдың әр маусымының өзіне тән қызығы бар.

- Балалар мына суреттерге  назар аударыңдаршы. Суреттерді жыл мезгілдері бейнеленген. Қазір, біз әр жыл мезгіліне жеке- жеке тоқталып әңгімелейміз. (Балалар тақтадағы суретке қарап, жыл мезгілінің ерекшеліктері және жыл мезгіліне байланысты оқиғалар  туралы әңгімелейді)

Вика: Мынау көктем мезгілі. Көктемде күн жылынады. Қар ериді. Құстар ұшып келеді. Бәйшешек шығады. Көктемде менің апамның туған күні.  Мен көктем мезгілін жақсы көремін.

Коля: Мынау жаз мезгілі. Жазда күн ыстық. Суға шомыламыз. Күнге қыздырынамыз. Жазда   ауылға әжеме барамын. Маған жаз мезгілі ұнайды.

Никита: Мынау күз мезгілі. Күзде көкөністер мен жеміс - жидектер піседі.  Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.  Күзде күн салқын. Күзде жиі жаңбыр жауады. Мен күзде мектепке барамын.

Олег: Мынау қыс мезгілі. Қыста қардан аққала жасауға болады. т.с.с

 -Балалар  қыста қандай мереке болады?

- Сендерге шырша мерекесінде кім келді?

- Аяз Ата сендерге не берді?

 (балалардың жауабы)

- Бүгін біз Аяз Атаның қайда тұратынын көргісі келген Шұғыла деген қыз туралы ертегі тыңдаймыз. Ал, сендер білесіңдер ме, Аяз Атаның қайда тұратынын? (балалардың жауабы)

Дұрыс, Аяз ата  өте алыста солтүстікте «Мұз патшалығында» тұрады. Біз бүгін Шұғылаға көмектесіп, өзімізде  онымен бірге Аяз Атаның мекеніне  барамыз. Бірақ, жолда көптеген кедергілер кездеседі. Сол кедергілерден өту үшін, біз Шұғылаға көмектесуіміз керек. Ал, дайынсыңдарма? Олай болса, ертегі басталды.

Ерте – ерте - ертеде бір қыз болыпты. Ол қыздың аты «Шұғыла» екен. Ол Аяз Атаның  қайда тұратынын көргісі келіп, оның отанына  баруды армандапты.  Бір күні ол жолға шығуға жиналыпты. Жол жақын емес, өте алыс. Шұғыла тоңып қалмас үшін жылы киініп, дорбаға  жеуге тамақ салып  алыпты. Балалар қараңдаршы,  Шұғыла дұрыс киінді ме? Қыста қалай киіну керек?

  • Басқа не киеді?
  • Қолға не киеді?
  • Аяққа не киеді?
  • Мойынға не орайды? (балалардың жауабы: Мынау малақай. Малақайды басқа киеді. т.с.с)

Дұрыс, сендер де, ауырып қалмас үшін қыста жылы киінулерің керек. Міне, Шұғыла жолға шығуға дайын. Шұғыла бір күн жүреді, екі күн жүреді. Қыс мезгілі. Күн суық. Боран соғып тұр. Айналаның бәрі аппақ. Ештеңе көрінбейді.  Жердің бетіне қарлы көрпе жамылған. Шұғыла келе жатса, бір уақытта жолдың үстінде жатқан қырау шалған бұтақтарға кез болады. Шұғыла бұтақтардан қалай өтерін білмей ары- бері қарайды. Шұғыланың  бұтақтарды алып тастауға шамасы жоқ. Ой, балалар қараңдаршы бұл қыраулы бұтақ жай бұтақ  емес, ерекше бұтақ  секілді. Шұғыланың қолы бұтаққа  тиеп кетіп еді, бұтақ адамша сөйлей жөнелді: «Егер де,  сен менің сұрақтарыма жауап бермесең, мен орнымнан қозғалмаймын. Сен бұтақтарды  жерден көтеріп, қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы айтуың керек» дейді.

- Балалар,  Шұғыла тоңып қалды. Шұғылаға көмектесеміз бе? Ендеше, осы «қыраулы бұтақтардан» бір-бірден алып, қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп, мына күміс құмыраға салуларың керек. (балалар тапсырманы орындайды)

- Балалар, жаңа сөзді бірге қайталайықшы.

Жаңа сөз -«қыраулы бұтақ– ветки в инее»  (балалар хормен, жеке- жеке қайталайды)

(балалар тапсырманы орындағаннан соң, қарлы көрпені ашу керек)

Шұғыла ары қарай жүріп келе жатады. Бір уақытта «омбы қарға» (огромный сугроб – много снега) тап болады.  Шұғыла омбы қардан қалай өтерін білмей тұрып қалады. Бұл жай қар емес «сиқырланған  қарлар» екен. Шұғыла омбы қарды тазалайын деп, қолын тигізгені сол еді,  «сиқырланған қарлар» адамша сөйлей жөнелді: «Егер де,   сен менің сұрақтарыма жауап бермесең, мен орнымнан қозғалмаймын» дейді.

Балалар,  Шұғылаға көмектесеміз бе? Олай болса,  «сиқырлы қарларды» ашып көрейікші. Ішінде не бар екен? Сендер мына ойыншықтардың атауларын білесіңдер ме? Олай болса, қазір ойын ойнаймыз.

Фонетикалық ойын: «Сиқырлы қарлар». Ойын тәртібі: Ойыншықтың атауында қандай қазақ тіліне тән дыбыс, дауысты ма, дауыссыз ба, сөзде неше буын бар екенін айтады.  Балалар, жаңа сөзді бірге қайталайықшы.

Жаңа сөз  «Омбы қар»  (балалар хормен, жеке-жеке қайталайды)

(балалар тапсырманы орындағаннан соң, қарлы көрпені ашу керек)

Шұғыла: Балалар, рахмет! Мен тоңып қалдым.  Келіңдер ойнап, сергіп алайық. Саз әуенімен балалар ортаға шығып, сергіту сәтін жасайды.

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт- сарт – сарт

Шапалақ соғамыз.

 

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ- топ- топ,

Топылдатып билейміз.

 

Тоңса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Зу- зу-зу,

Шанамен зулаймыз.

Шұғыла: « Балалар, рахмет! Мен жылынып алдым»- дейді.

Ендеше, сапарымызды одан әрі жалғастырайық.

Шұғыла ары қарай жүріп келе жатады. Бір уақытта көп шыршаға тап болады. Шұғыла шыршалардан қалай өтерін білмей тұрып қалады.Сол кезде шыршаның түбінде жатқан ұлпа қар адамша сөйлейді: «Егер де сен сезім мүшелерінің қызметі туралы айтсаң, шыршалар саған жол береді» дейді.

          Балалар,  Шұғылаға көмектесеміз бе?

 Дидактикалық ойын: «Сезім мүшелерінің қызметі». Тақтада сезім мүшелерінің суреті ілінген. Балалар алдарындағы үлестірмелік суретті (гүл, алма, телефон, қоңырау, т.б) тақтадағы  суреттің қалташығына салып,  сезім мүшелерінің қызметі туралы әңгімелейді. (Мысалы: Мынау құлақ. Құлақ тыңдайды.т.с.с.) (балалар тапсырманы орындайды)

- Балалар, жаңа сөзді бірге қайталайықшы.

Жаңа сөз  «Қарағайлы орман- сосновый бор»  (балалар хормен, жеке-жеке қайталайды)    

  (балалар тапсырманы орындағаннан соң, қарлы көрпені ашу керек)

Шұғыла ары қарай жүріп келе жатады. Бір уақытта жылап отырған қоянға тап болады. Қоян жылап отырады. Қоян: Менің қарным ашты

Балалар есімізге түсірейік ол нені жақсы көреді, дұрыс қоян орамжапырақты, сәбізді жақсы көреді. Ал, қазір біз дорбадағы Шұғыланың жолға алған тамақтарының  ішінен қоянның жейтін тағамдарын бөліп алып, қоянға берейік.

“Кім жүйрік” (ойын) 

Ойынның мақсаты: тағамдардың  қазақша  атауын дұрыс айтуға үйрету.

(ірімшік, шұжық, нан, ірімшік, т.б, тәтті, қышқыл. қоян жейді, жемейді)

Қоян: Шұғыла рахмет саған, алға қарай жүре берсең Аяз атаның патшалығын көресің.

(балалар тапсырманы орындағаннан соң, қарлы көрпені ашу керек) 

 Осы мезетте қуанышты музыка ойналып, балалар Шұғыламен бірге Аяз атаның «Мұз патшалығына» жақындайды. Осы мезетте  «Мұз патшалығынан» Аяз Ата шығып: «Бұлар кімдер шулап жүрген» дейді. Шұғыла: «Сәлеметсіз бе! Аяз Ата мен сізге қонаққа келдім. Менің атым Шұғыла» дейді.

Аяз Ата : «Шұғыла менің патшалығыма қош келдің! Сен  менің патшалығыма қалай жеттің, саған жолда қиын болған жоқ па?» деп сұрайды.

Шұғыла: «Қиын болған жоқ,  маған достарым көмектесті №27 «Жігер» балабақшасының балалары» деп жауап береді.

         Аяз Ата: «Мына сыйлықты достарыңмен бөліс. Әрқашанда дос болып, бір- біріңе көмектесіп жүріңдер. Мен сендерге бір жылдан соң, келемін» дейді.

Шұғыла Аяз Атамен қоштасып топқа қайтады.

Шұғыла  Аяз Атаның берген сыйлығын топта балалармен бірге ашып көреді. Міне, керемет сыйлық өзі тәтті, өзі суық, дәмі тіл үйретін балмұздақ екен.

Жаңа сөз  «Балмұздақ тәтті, суық»  (балалар хормен, жеке-жеке қайталайды)

Балмұздақты тәрелкелерге бөліп салып балаларға беремін.

Балмұздақты жеп, әңгімелесеміз.

         -Балалар, бүгін біз кімге көмектестік. Қайда бардық? Сендерге қандай тапсырмалар қиын болды?

(Балалардың жауабы)

Балалар сендер өздеріңнің ата-аналарыңмен үйде жасаған кітапшаларыңды бір-біріңе көрсетіп,тамашалауларыңа болады. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Келесі сабақта не туралы білгілерің келеді? Үйден «Қыс қызығы» туралы сурет салып келуге болады.

Балаларды «аққалалармен» марапаттау.

Ал, енді Аяз Атаның  Отаны туралы  бейнефильмді тамашалайық. Компьютерді қосып бейнефильмді қарау.

Қоштасу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері
Қыс қызығы
«Қыс қызығы »
Мұз патшалығына саяхат.
«Ормандағы саяхат»
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Қыс қызығы
Аққала балаларда қонақта
Қыстың ерекшелігі
"Қысқы орманға саяхат" технологиялық картасы
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 3808 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык