Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Аққала балаларда қонақта


Аққала балаларда қонақта

Аққала балаларда қонақта

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін  бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру.Аққаланы құрастыруға, оны ұжыммен бірге желімдеуге үйрету. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас арқылы еңбек сүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
ҰОІӘ дайындық
ҰОІӘ ұйымдастырамын. Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле шашылды
Неткен ашық күн бүгін
Қайырлы күн қайырлы
ҰОІӘ өткізілуі
Балалар көңіл-күйлеріңіз қандай?
Олай болса «тамаша» ойынын ойнап жіберейік.
Ойынның шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер тамаша деп жұдырықты түйіп, бас бармақтарынды көтересіңдер.
1. Балабақша қандай?
2. «Айгөлек тобының балалары қандай?»
3. «Қыс»мезгілі қандай?
4. «Қар» жауған қандай?
5.Сезімнің күлкісі қандай?
6. Менің айтып тұрған сөздерім қандай?
 Жақсы балалар бүгінгі күнімізде осындай тамаша өтсің.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста күн қандай болады?
Ендеше боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз.
-Жақсы балалар бүгін мен сендерді екі топқа бөліп, білімдеріңді тексеремін. Әр дұрыс сұраққа бір жұлдызшадан беріп отырамын, қай топ көп жинаса, сол топ жеңімпаз болады.
1Жыл мезгілдерін атаңдар?
2Қыс мезгілдерінің айларың атаңдар?
3Қазір қай айы?
Ой,балалар,мынау қыс ханшайымы емес пе?Өзі ашулы ғой.
Қыс ханшайымы: Менің аязды, суық күндерімді елең қылмай не думан өткізіп жатырсыңдар, көрсетем мен сендерге.(сиқырлы тяғымен)тәрбиешіні қатырып тастайды.Балаларды қатырғысы келеді, балалар қатпайды.Түсінбей тұрмын, мына балалар неге қатпайды а?
Тәрбиеші көмекшісі: Біздің балаларды қатыра алмайсыз.
Қыс ханшайымы: Неге?
Тәрбиеші көмекшісі: Оны балалардың өздерінен сұраңыз.
Қыс ханшайымы:-Балалар мұз қылып қатырсам не істер едіңдер?
-Қарға айналдырсам не істер едіңдер?
-Боранға айналдырсам ше?
Тәрбиеші көмекшісі:Балалар Ботакөз апайларыңды жақсы көресіңдерме?
-Ендеше бәріңіз апайды құшақтап, жылытыңдар, мүмкін апайларыңның сиқыры кетіп өз қалпына келер.
Қыс ханшайымы: Қой мен де ерімей тұрғанда кетейін мына жер тым ысқық екен.
Тәрбиеші:Рахмет балалар, менің бойымды жылыттыңдар, қыс деген осындай қатал болады, далада жалғыз жүруге болмайды, аязға тонып қаласыңдар.
Ақ қала:Сәлеметсіңдерме балалар?
Балалар бүгін менің туған күнім .
Тәрбиеші: Ой, балалар ақ қаланың туған күніне қандай сыйлық берсек болады екен.
Аққала: Балалар маған сендердің көмектерін керек болып тұр, егер де сендер көмектессендер, сол маған үлкен сыйлық болады.
Тәрбиеші: Ол, қандай көмек.
Ақ қала: Балалар, мен аққалалар орталығынан келіп тұрмын, менің бір досымды қар ханшайымы сыйқырлап тастады, біз өзіміз сыйқырдан құтқарайын десек, ол тапсырмаларды орындай алмаймыз.
Тәрбиеші: Балалар аққаланың тапсырмаларын орындайық 
1.Ең үлкен астыңғы дөңгелегінің тапсырмасы:
-Қыс мезгілі туралы мақал-мәтел
2.Ортаңғы дөңгелектің тапсырмасы:
-Қыс мезгіліне байланысты жұмбақтар
3.Басының тапсырмасы:
- сандарды тура және кері санау
4.Қалпағының тапсырмасы:
-Үй жануарларын атаңдар
5.оң қолының тапсырмасы
-Қыстап қалатын құстар
6.Сол қолының тапсырмасы
-Үй құстарын атаңдар.
Міне, балалар біз аққаланы құрастырдық, енді біздер ақ қалаға сыйлыққа екі топ екі аққалаларды жапсырып берейік.(Ұжымдық жұмыс)
Қар ханшайымы жолай алмайтын болсын.
Енді, балалар сендердің жинаған жұлдызшаларыңды санайық.
Балалар, аққаланың қарны ашып қалған шығар, оны тамақтандырайық, оған не берсек екен, ыстық шәй берсек ол еріп кетеді,бәліш берсек еріп кетеді, енді не берсек екен, мен таптым аққалаға мұздан жасалған кәмпиттерді берейік.
Аққала: Алақай достарыма беретін болдым, рахмет сендерге, бірақ сендерге оларды жеуге болмайды, сендердің тамақтарын ауырып қалады.
Тәрбиеші: Балалар, аққала көздерінді жұмындар мен сендерге бір сиқыр көрсетейін
Теледидардан: Балалар сендерге рахмет, аққала досым мен сені аққалалар қалашығында күтемін.
Аққала:Алақай, рахмет сендерге балалар!
Тамаша
Балалар қуанады
Қорытынды Ән «Аққала»
Балалар әнді керемет көңіл-күймен орындады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Аққала
Үйренеді: Ұжыммен жұмыс жасауды
Игереді: Жапсырудың  әдіс-тәсілдерін

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жомарт күз
Жомарт күз
«Аққала»
Алақай қыс келді!
Қыс қызығы
«Қыс қызығы »
Қыстың ерекшелігі
Қысқы табиғатқа саяхат Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Аққала
"Қысқы орманға саяхат" технологиялық картасы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4740 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык